Алаш көсемі туралы деректі фильмнің тұсауы кесілді

Date:

Share post:

Алаш автономиясының құрылғанына 105 жыл, Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай, «Қарқаралы – Алаштың алтын бесігі» айлығы аясында «Әлихан Бөкейхан – ұлт-азаттық күрескері» танымдық-деректі фильмінің тұсаукесері өтті.

Қарқаралы мәдениет үйінде өткен көрсетілімнің салтанатына Ақтоғай өлкесінің өлкетанушысы, зерттеуші Мұқан Өміртайұлы, «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, тарих ғылымдарының профессоры, алаштанушы Нұрсахан Бейсенбекова, өлкетанушы, шежіреші Аңғар Смағұл, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, тарих факультеті деканының ғылым жөніндегі орынбасары, тарих ғылымдарының магистры Нұртас Смағұлов, археология, этнология, отан тарихы кафедрасының оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистры Қуаныш Түсіпбеков, аға оқытушы тарих ғылымдарының магистры Ермек Аймақов, «Әлихан Бөкейхан- ұлт-азаттық күрескері» танымдық-деректі фильмінің продюсері Әбеузар Медеу Чапайұлының әкесі Чапай арнайы қатысып, Қарқаралыға деген, оның тарихы мен шежіресі, Әлихан Бөкейханның тұлғасы туралы өз ойларын ортаға салды.

Бұдан кейін көрермендер назарына деректі фильм ұсынылды. Фильмге мектеп оқушылары, тарих пәнінің мұғалімдері және мекеме ұжымдары арнайы шақырылды.

Айта кетсек, аталмыш деректі фильм өлкетанушы Мұқан Өміртайұлының жинақтаған материалдарының негізінде құралған.

Келген меймандар Қарқаралының тарихи орындарын аралап, өлкенің бай тарихымен танысып, көптеген мазмұнды мәлімет алды.

             

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

spot_img

Көп оқылған

Екі мыңнан астам оқушы робототехникадан іріктеу чемпионаттарына қатысады

Бұл туралы Оқуа-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Дегдар ұлттық балалар порталы хабарлайды. Ұлттық кезеңнің жеңімпаздары Американың Хьюстон қаласында...

Мемлекеттік Туды қорлағандар 10 млн теңге айыппұл төлейді

​Енді Туды қорлағандар 10 млн теңге айыппұл төлейді, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған...

Алаш көсемі туралы деректі фильмнің тұсауы кесілді

Алаш автономиясының құрылғанына 105 жыл, Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай, «Қарқаралы – Алаштың алтын бесігі» айлығы аясында «Әлихан...

Бірінші сынып оқушылары «Әліппені» тамамдады

Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясында 1 сынып оқушылары әліппені тамамдады. Осыған орай білім ордасында «Мың алғыс саған, әліппе!» атты...