Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясында 1 сынып оқушылары әліппені тамамдады.
Осыған орай білім ордасында «Мың алғыс саған, әліппе!» атты ертеңгілік өтті.
Ертеңгілікке мектек-гимназия директоры Кашаева Айгуль Ондагановна, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қасенова Бақытгүл, бастауыш сыныптар бойынша оқу-әдәстеме жөніндегі орынбасары Амангельдинова Мария бастаған мектептің басшылық ұжымы, ұстаздар қауымы, ата-аналар мен 1 сыныпта оқитын 323 бүлдіршін қатысты.
Тәрбиелік маңызы зор шарада бүлдіршіндер әліппе туралы тақпақтар оқып, білімге құштарлықты арқау етуен ән-күй орындап, театрланған қойылым қойып, ұлттық би билеп, қызықты сұрақтарға жауап берді.
Мария Амангельдиновна шара туралы баяндап берді.
— Бүгін мектебіміздегі бірінші сынып оқушылары үшін айырықша күн болды. Бүлдіршіндер әліппе пәнін сәтті тамамдап білім айдынына шықты. Ұстаздар қажырлы еңбегінің арқасында 323 бүлдіршін әліппені тамамдап отыр. Алдағы уақытта оқушылар оқудың келесі сатысына қадам басатын болады, – деді.
Естеріңізге сала кетейік, биыл араға 5 оқу жылын салып салып, «Әліппе» пәні қайта оқу бағдарламасына қосылған болатын.