8 қарашада Ай тұтылады деген болжам бар

Date:

Share post:

Айдың тұтылуы адамдарға қалай әсер етеді? Бұл туралы астролог маман айтып берді, деп хабарлады aikyn.kz сайтына сілтеме жасаған Дегдар ұлттық балалар порталы.

Айдың тұтылуынан қорқатын ештеңе жоқ. Бұл құбылысты жылына бірнеше рет өткеріп жүрміз. Тек, ай тұтылардан бірнеше күн бұрын және бірнеше күннен кейін адам бойында эмоционалды күй тұрақсыз болуы мүмкін. Әсіресе, бұл әйелдердің бойында көп байқалады. Сондықтан, ешкіммен жанжалдаспауға тырысыңыз. Қарым-қатынасқа да әсерін тигізу ықтималдығы бар. Осы уақытта ажырасу көп болады, – астролог Динара Маскеева.

Сондай-ақ маман ел арасындағы күрделі жағдайларға Айдың тұтылуының еш қатысы болмайтынын да атап өтті.

Айта кетейік, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің профессоры Андрей Солодовниктің сөзінше, Айдың тұтылуының барлық фазасы Тынық мұхиты мен оның аралдарындағы ауқымды кеңістікте байқалады. Қиыр Шығыс пен Шығыс Сібір елдерінің тұрғындары үшін тұтылудың көріну деңгейі әлдеқайда жоғары болады.

Алайда біз үшін және Қазақстан мен Ресей көршілері үшін бұл құбылыс Ай шығудан бұрын басталады.Тіпті оның толық фазасының басында және ең жоғарғы шегінде Ай аспанда әлі көрінбейді. «Түнгі Күннің» шығуы фазаның аяқталуына қарай 17 сағат 25 минутта басталады. Айдың толық дискісі көкжиектен 17 сағат 30 минутта аспанның солтүстік-шығыс бөлігінде шығады. Бірақ тұтылудың толық фазасы тек 17 сағат 42 минутқа созылады. Яғни, Петропавлда тұтылуды бақылаудың жалпы кезеңі шамамен 12 минутқа созылады», – деді профессор.

Оның айтуынша, бақылаушы неғұрлым шығысқа қарай орналасса, бұл аралық соғұрлым ұзағырақ, ал батысқа қарай болса, соғұрлым аз болады. Республика аумағының басым бөлігінде (Қостанай сызығының батысында – Балқаштың батыс жағалауы) толық тұтылу мүлде байқалмайды, құбылыстың тек жартылай фазалары көрінеді.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

spot_img

Көп оқылған

Екі мыңнан астам оқушы робототехникадан іріктеу чемпионаттарына қатысады

Бұл туралы Оқуа-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Дегдар ұлттық балалар порталы хабарлайды. Ұлттық кезеңнің жеңімпаздары Американың Хьюстон қаласында...

Мемлекеттік Туды қорлағандар 10 млн теңге айыппұл төлейді

​Енді Туды қорлағандар 10 млн теңге айыппұл төлейді, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған...

Алаш көсемі туралы деректі фильмнің тұсауы кесілді

Алаш автономиясының құрылғанына 105 жыл, Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай, «Қарқаралы – Алаштың алтын бесігі» айлығы аясында «Әлихан...

Бірінші сынып оқушылары «Әліппені» тамамдады

Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясында 1 сынып оқушылары әліппені тамамдады. Осыған орай білім ордасында «Мың алғыс саған, әліппе!» атты...