133 мамандық пен 164 біліктілік бойынша лицензиялар жойылды

Date:

Share post:

2022 жылдың басынан бері 57 қазақстандық колледж 133 мамандық пен 164 біліктілік бойынша лицензияларға қосымшаларды қайтарды, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасаған Дегдар ұлттық балалар порталы.

Оқытуы сапа стандарттарына сәйкес келмейтін, кадрлар даярлауға жағдай жасалмаған немесе нарықта сұранысқа ие емес мамандықтар бойынша лицензиялардың күші жойылды.

Көптеген колледж білім беру ұйымының бейініне сәйкес келмейтін мамандықтар бойынша лицензияларды қайтарды. Мысалы, педагогикалық колледжде заңгерлерді, ал экономикалық колледжде мұғалімдерді даярлауға лицензияның қосымшасы болған. Сондай-ақ кейбір колледждер қажетті оқу құралдарынсыз мамандар дайындап келген.

«Оқу-ағарту министрлігі колледждердің профилі бойынша жұмысты жалғастырып жатыр. Кадрларды даярлау үшін жағдайлар жоқ бейінді емес мамандықтардың лицензияларын қайтару ТжКБ ұйымдарына «сұранысқа ие» және бейінді мамандықтарға назар аударуға мүмкіндік береді. Бұл техникалық және кәсіптік білім беру сапасын арттыру үшін қажет. Білім алуға қажетті жағдай жасалмаған, құрал-жабдықтар, шеберханалар, мұғалімдер мен оқытушылар жоқ колледждерде мамандықтарды қысқарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр», – деді Оқу-ағарту министрлігі Білім сапасын қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов.

Фото: Адырна порталынан алынды.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

spot_img

Көп оқылған

Екі мыңнан астам оқушы робототехникадан іріктеу чемпионаттарына қатысады

Бұл туралы Оқуа-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Дегдар ұлттық балалар порталы хабарлайды. Ұлттық кезеңнің жеңімпаздары Американың Хьюстон қаласында...

Мемлекеттік Туды қорлағандар 10 млн теңге айыппұл төлейді

​Енді Туды қорлағандар 10 млн теңге айыппұл төлейді, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған...

Алаш көсемі туралы деректі фильмнің тұсауы кесілді

Алаш автономиясының құрылғанына 105 жыл, Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай, «Қарқаралы – Алаштың алтын бесігі» айлығы аясында «Әлихан...

Бірінші сынып оқушылары «Әліппені» тамамдады

Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясында 1 сынып оқушылары әліппені тамамдады. Осыған орай білім ордасында «Мың алғыс саған, әліппе!» атты...