Аттестаттар мен дипломдарды цифрлы және қағаз нұсқада алуға болады

Date:

Share post:

Қазақстандықтар Egov-тегі жеке кабинеті арқылы орта білім туралы аттестат пен ТжКБ дипломын цифрлы форматта ала алады, деп хабарлайды Оғу-ағарту министрлігінің сайтына сілтеме жасаған Дегдар ұлттық балалар порталы.

Сондай-ақ мектеп пен колледж түлектері QR-коды бар дәстүрлі қағаз түріндегі сертификаттар мен дипломдарды ала алады.

Түлектер оқуға түсу, жұмысқа орналасу және т. б. кезінде оларды ұсынуды жеңілдету үшін құжаттар цифрлы нұсқада ұсынылады.

Цифрлы құжаттар Ұлттық білім беру деректер базасына орналастырылады. QR-код құжаттардың қағаз нұсқасында да болады. QR-код сертификаттың немесе дипломның түпнұсқалығын тексеруге мүмкіндік береді. Ол құжаттың иесі мен деректер туралы ақпарат көрсетілетін мемлекеттік интернет-ресурсқа сілтеме береді. Мұндай тәжірибе жоғары оқу орнын бітіргені туралы диплом беру кезінде қолданылады.

«Оқу-ағарту министрлігі азаматтарға ыңғайлы болу үшін цифрлы шешімдерге көңіл бөліп отыр. Біздің міндетіміз – ашықтықты қамтамасыз ету, азаматтардың уақытын үнемдеу. Сондықтан біз мектепті немесе колледжді бітіргені туралы құжаттарды беру процесін де автоматтандырамыз. Енді түлекке өзімен бірге орта білім туралы аттестаты мен дипломын алып жүрудің қажеті жоқ. Оның барлығы Egov-та, соның ішінде банктердің мобильді қосымшаларында цифрлы форматта қолжетімді болады. Бірақ құжатты берудің қағаз форматын ешкім алып тастаған жоқ, мысалы, жеке куәлік, қазір куәлікті өзіңізбен бірге алып жүрудің қажеті жоқ, бірақ электронды нұсқасын мобильді қосымшада пайдалануға болады», – деді Оқу-ағарту вице-министрі Айбат Ілиясов.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

spot_img

Көп оқылған

Екі мыңнан астам оқушы робототехникадан іріктеу чемпионаттарына қатысады

Бұл туралы Оқуа-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Дегдар ұлттық балалар порталы хабарлайды. Ұлттық кезеңнің жеңімпаздары Американың Хьюстон қаласында...

Мемлекеттік Туды қорлағандар 10 млн теңге айыппұл төлейді

​Енді Туды қорлағандар 10 млн теңге айыппұл төлейді, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған...

Алаш көсемі туралы деректі фильмнің тұсауы кесілді

Алаш автономиясының құрылғанына 105 жыл, Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай, «Қарқаралы – Алаштың алтын бесігі» айлығы аясында «Әлихан...

Бірінші сынып оқушылары «Әліппені» тамамдады

Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясында 1 сынып оқушылары әліппені тамамдады. Осыған орай білім ордасында «Мың алғыс саған, әліппе!» атты...