Мамандандырылған мектептердің саны 134-ке жетті

Date:

Share post:

Бұл туралы  Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасаған Дегдар ұлттық балалар порталы хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, бұл оқу орындарында 72 мыңнан астам оқушы білім алады. Ал, 8 мыңнан астам педагог жұмыс істеп жатыр.

134 мектептің:

94-і жаратылыстану-математика бағытында,

6 мектеп қоғамдық-гуманитарлық бағытта,

8-і көпсалалы,

5-еуі әскери спорт,

6-уы музыкалық-эстетикалық бағытта жұмыс істейді.

Оның ішінде 95 мектепте интернат үйлері бар.

«Министрлік дарынды балаларды қолдау бойынша жан-жақты жұмыс жүргізіп жатыр. Дарынды балалар республикалық және халықаралық олимпиадаларға белсене қатысып, жеңіс тұғырынан көрініп жүр. Мысалы, былтыр 420-дан астам оқушы республикалық олимпиадалардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары атанды. Олардың ұстаздары да жақсы үлгі көрсетіп, «Үздік педагог», «Үздік авторлық бағдарлама», «Педагогикалық идеялар фестивалі», «Дарынды балалардың талантты мұғалімі» сынды байқауларға қатысып жүр», – деді «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Әнуар Унайбеков.

Оқу-ағарту министрінің бұйрығы бойынша, аталған мектептердегі оқу үрдісі ұлттық білім беру жүйесі мен халықаралық стандарттармен біріктіру арқылы жасалған. Әрбір оқушы жеке оқу жоспары бойынша оқиды. Мұндай тәсіл балалардың әлеуетін барынша ашуға және олардың интеллектуалдық, шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.

Мамандандырылған мектептерге оқушылар тек конкурс негізінде қабылданады. Іріктеу кезінде оқушылар математикалық сауаттылық пен оқу сауаттылығы, Қазақстан тарихы бойынша үздік нәтижеге жетуі қажет.

Дереккөзінің хабарлауынша, мамандандырылған мектептер еліміздің барлық аймағында ашылған. Конкурстық іріктеуден өткен балалар тегін білім ала алады.

Сонымен бірге, биылғы Балалар жылына орай, алғаш рет әлеуметтік осал топтан шыққан балаларға ерекше мүмкіндіктер жасалып отыр.

Фото: Оқу-ағарту министрлігінің сайтынан алынды.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

spot_img

Көп оқылған

Екі мыңнан астам оқушы робототехникадан іріктеу чемпионаттарына қатысады

Бұл туралы Оқуа-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Дегдар ұлттық балалар порталы хабарлайды. Ұлттық кезеңнің жеңімпаздары Американың Хьюстон қаласында...

Мемлекеттік Туды қорлағандар 10 млн теңге айыппұл төлейді

​Енді Туды қорлағандар 10 млн теңге айыппұл төлейді, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған...

Алаш көсемі туралы деректі фильмнің тұсауы кесілді

Алаш автономиясының құрылғанына 105 жыл, Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай, «Қарқаралы – Алаштың алтын бесігі» айлығы аясында «Әлихан...

Бірінші сынып оқушылары «Әліппені» тамамдады

Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясында 1 сынып оқушылары әліппені тамамдады. Осыған орай білім ордасында «Мың алғыс саған, әліппе!» атты...