Электронды поштадағы «@» белгісі қалай пайда болды?

Date:

Share post:

Интернет тарихында электронды пошта мекенжайындағы @ белгісін америкалық электронды техникалар инженері Рэй Томлинсон енгізген. 1971 жылы ол ғаламтор арқылы әлемдегі алғашқы электронды хабарлама жіберді.

Ол есімдердің жазылуында шатаспау үшін «бөлгіш» белгі ретінде пернетақтадан есім мен фамилияда ешқашан кездеспейтін таңбаны таңдады. Ал компьютер пернетақтасында бұл белгі жазу машинкаларының пернетақтасынан қалған мұра ретінде пайда болды. 1885 жылы «Ундервуд» (АҚШ) жазу машинкасының бірінші үлгісі @ таңбасы бар пернетақтамен жабдықталған.

@ белгісі ерте орта ғасырлардан бері қолданылып келеді деп болжанады. Итальяндық зерттеуші Джорджио Стабиле бұл белгіні алғаш рет жазбаша түрде Флоренция маңындағы Прато қаласындағы Экономикалық тарих институтының мұрағатындағы құжаттан тапты. 1536 жылғы құжатта (флоренциялық саудагердің хаты) Испанияға келген үш сауда кемелері және олардың жүктерінің бір бөлігі ретінде @ белгісі көрсетілген шарап контейнерлері туралы айтылады.

Шарап бағасы мен ыдыстардың сыйымдылығы туралы сол кездегі деректерді талдап, оларды өлшемдер жүйесімен салыстыра отырып, Стабиле @ белгісін «amphora» сөзін алмастырады, өлшем бірлігі ретінде қолданылған деген қорытындыға келді («амфора» – ыдыс; ежелгі уақыттан бері көлемнің әмбебап өлшемі).

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

spot_img

Көп оқылған

Екі мыңнан астам оқушы робототехникадан іріктеу чемпионаттарына қатысады

Бұл туралы Оқуа-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Дегдар ұлттық балалар порталы хабарлайды. Ұлттық кезеңнің жеңімпаздары Американың Хьюстон қаласында...

Мемлекеттік Туды қорлағандар 10 млн теңге айыппұл төлейді

​Енді Туды қорлағандар 10 млн теңге айыппұл төлейді, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған...

Алаш көсемі туралы деректі фильмнің тұсауы кесілді

Алаш автономиясының құрылғанына 105 жыл, Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай, «Қарқаралы – Алаштың алтын бесігі» айлығы аясында «Әлихан...

Бірінші сынып оқушылары «Әліппені» тамамдады

Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясында 1 сынып оқушылары әліппені тамамдады. Осыған орай білім ордасында «Мың алғыс саған, әліппе!» атты...