IUCN: Қандай ұйым?

Date:

Share post:

IUCN – халықаралық табиғатты және табиғи қорларды қорғау ұйымы.

Ол 1948 жылдың 5-қазанында  ЮНЕСКО-ның қолдауымен Францияның Фонтейн қаласында құрылған.

Ұйымның ол кездегі ресми аты  «Халықаралық табиғатты қорғау ұйымы (ағылшын тіліндегі қысқартылуы IUPN, қазақша қысқартылуы ХТҚҰ)» деп аталды.

ЮНЕСКО-ның сол кездегі бірінші бас хатшысы, британдық биолог Джулиан Хаксли табиғатты қорғаудың халықаралық үйымын құру туралы бастама көтерді.

Джулиан Хаксли

ХТҚО құрылған кезде табиғатты қорғаудың барлық жақтарына бағытталған бірден-бір халықаралық ұйым болды. Бұған дейін жекелеген табиғат қорларын, аң-құстарды, жекелеген жануарларды қорғайтын ұйымдар бар еді. Айталы, Халықаралық құстарды қорғау ұйымы (қазір BirdLife International) 1922 жылы құрылған болатын.

Африка – ХТҚҰ-ның табиғатты қорғау іс-қимылының бірінші аймақтық бағыты саналды. Шындығында да қорғауға бағытталған көптеген алғашқы жобаларды осы құрлықта жүзеге асырды. IUCN табиғатты қорғау мақсатында адамның қатысуы мен белсенділігін айтарлықтай шектейтін қорғалатын аумақты басқарудың Yellowstone моделін қолдады. Моделде адамдарды қорғалатын табиғи аумақтардан шығаруды көздейтін еді. Бұл модел ұйымда 1980 жылға дейін жұмыс жасап келді.

Одақ құрылған алғашқы жылдары толығымен ЮНЕСКО-ның қаржыландыруына тәуелді болды. 1954 жылы бұл күтпеген жерден қаржыландыру тоқтаған кезде ХТҚО да  уақытша жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды.

IUPN белгілі ғалымдарды тарту және маңызды мәселелерді анықтау жағынан сәтті жұмыс жасады. Бірақ одақ жағынан жасалған көптеген идеялар жүзеге асырылмады. Бұған үкіметтер тарапынан құлықтың жоқтығы, одақтың халықаралық деңгейіне деген сенімсіздік және қорлардың жетіспеушілігі себеп болды.

Қаржылық мүмкіндіктің аз болуы ұйымның көптеген істер атқаруына кедергі келтірді. Тіпті, 1955–1958 жылдар аралығында Бас хатшы қызметін атқарған Трейси Филиппске мүлдем жалақы төленбеген кездері де болған.

Трейси Филиппс (1888-1959)

1956 жылы IUPN өз атауын Халықаралық табиғатты және табиғи қорларды қорғау ұйымы деп өзгертті.

Халықаралық табиғатты және табиғи қорларды қорғау ұйымы (ХТҚҰ) (ағылшын тіліндегі ресми атауы: International Union for Conservation of Nature and Natural Resources, IUCN) — табиғатты сақтау мен табиғи қорларды үнемді пайдалану жұмыс істейтін халықаралық ұйым. Яғни, Халықаралық табиғатты қорғау одағының заңды жалғасы еді.

Ұйым деректерді жинау және талдау, зерттеу, далалық жобалар, ақпараттық-насихаттау және білім берумен айналысады.

Осыдан кейін ұйым БҰҰ агенттіктерімен және Еуропа Кеңесімен тығыз байланыста жұмыс жасай бастады.

1964 жылға келгенде ұйымның ең танымал басылымы, түрлердің сақталу мәртебесі туралы Қызыл кітап алғаш рет жарық көрді.

Бұдан былай ұйымның жұмыс ауқымы кеңейді.  Халықаралық шарттар мен конвенциялардың дамуына қатыса бастады. Алғаш рет табиғат пен табиғи ресурстарды сақтау туралы Африка конвенциясын қабылдады.

1961жылы ұйымның жұмыс жасауы үшін тұрақты қаржылық негізін құру мақсатында IUCN Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры(қазір World Wildlife Fund, қысқ. WWF) құрылды. Бұл қор ХТҚҰ-ның (IUCN) операциялық шығындарының бір бөлігін жабу үшін қаражат жинау бойынша жұмыс істейді. 1961 жылы IUCN штаб-пәтері Бельгиядан Швейцарияның Моргес қаласына көшті .

1960 жылдардың ішінде IUCN БҰҰ Бас Ассамблеясының жаңа мәртебесін құру үшін  үкіметтік емес ұйым ретінде лоббизм жасады. 1968 жылы қабылданған 1296 қарар үкіметтік емес ұйымға «консультативтік» мәртебе берді. Нәтижесінде, ХТҚҰ БҰҰ-ның алты ұйымында аккредитациядан өтті.

1972 жылы Стокгольмда өткен Адамның қоршаған ортасы жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының конференциясын әзірлеуге ресми түрде қатысқан бірнеше экологиялық ұйымдардың бірі болды. Стокгольм конференциясының әсерінен үш жаңа халықаралық конвенция жасалды. ХТҚҰ оларды әзірлеу мен жүзеге асыруға да қытсты.

Аталмыш 3 конвенция мыналар:

1972 жылғы Әлемдік мәдени және табиғи мұраларды қорғау туралы конвенциясы. IUCN ЮНЕСКО-мен Дүниежүзілік мұра конвенциясын дайындады. Бұл конвенцияға ХТҚҰ бастан-аяқ табиғат мәселесінде ресми кеңес беруші орган ретінде қатысады.

1974 жылғы Жойылу қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенциясы (CITES).

1975 жылғы Халықаралық маңызы бар батпақты жерлер туралы Рамсар конвенциясы. Хатшылық әлі күнге дейін ХТҚҰ штабынан басқарылады.

IUCN Біріккен Ұлттар Ұйымының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламасымен (ЮНЕП, ағылшынша атау: United Nations Environment Programme — UNEP)дүниежүзілік табиғатты қорғау туралы үнемі шолулар беру туралы келісім жасады. Бұл табыс, WWF арқылы өсіп отырған кірістермен бірге, 1948 жылдан бергі ең жоғарғы шекке көтерілді.

Дайындаған: Дегдар радекциясы

Мақала авторлық құқығы қорғалған. Көшіріп басу үшін редакцияның ауызша немесе жазбаша келісімін алу әрі материальдың гипер сілтемесін қосу мідетті. Жауапкершілік заңмен қузалады.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

spot_img

Көп оқылған

Екі мыңнан астам оқушы робототехникадан іріктеу чемпионаттарына қатысады

Бұл туралы Оқуа-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Дегдар ұлттық балалар порталы хабарлайды. Ұлттық кезеңнің жеңімпаздары Американың Хьюстон қаласында...

Мемлекеттік Туды қорлағандар 10 млн теңге айыппұл төлейді

​Енді Туды қорлағандар 10 млн теңге айыппұл төлейді, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған...

Алаш көсемі туралы деректі фильмнің тұсауы кесілді

Алаш автономиясының құрылғанына 105 жыл, Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай, «Қарқаралы – Алаштың алтын бесігі» айлығы аясында «Әлихан...

Бірінші сынып оқушылары «Әліппені» тамамдады

Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясында 1 сынып оқушылары әліппені тамамдады. Осыған орай білім ордасында «Мың алғыс саған, әліппе!» атты...