Машина жасау саласының болашағы

Date:

Share post:

Қазақстандағы машина жасау саласы жылдан жылға еңсесін тіктеп, етек-жеңін жиып келе жатыр. Сөзімізге Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл саланы ел экономикасының дамуы жолында қомақты үлесі бар деп бағалауы да дәлел бола алады. Индустрияландыру жылдарында машина жасау өндірісінің көлемі 6 есеге өсіп, 2021 жылы 2,3 трлн теңгені құраған. Соңғы үш жылдағы өсім орташа есеппен 20 пайызға жетіпті.
«Қазіргі жағдайда Үкімет отандық өндірісті қолдауға бағытталған саясатты жалғастыруға ниетті. Бұл – қолжетімді шикізатпен және қаржыландырумен қамтамасыз ету, ішкі құндылықты дамыту, импортқа тәуелділікті азайту, жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту және жаңа өндірістерді құру», деді машина жасаушылар форумына қатысқан Премьер-Министр Әлихан Смайылов.

Қазақстандық машина жасау сала­сы­ның басымдықтарының бірі – темір­жол машина жасау саласы. Оған анық дәлел – шетелдік тікелей инвести­цияның тартылуы.

«Біздің зауыт General Electric Transportation технологиясы бойынша локо­мотив құрастырумен айналыса­тын Орталық Азиядағы жалғыз зауыт. Қазірге дейін біздің зауыт 450-ден астам локомотив құрастырып шығар­ды. Алты елге экспорттай алдық, олар – Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербай­жан, Түрікменстан, Украина және Мол­дова. Зауыт жас екеніне қарамастан экспорттық әлеуетіміз жоғары. Өндірісті дамытып жатырмыз. Биыл 43 локомотив құрастыру жоспары тұр. Соның 14 бірлігі ғана қалды. Біз оны жыл соңына дейін жасап бітіреміз. Зауыт құрылғалы бері «Қазақстан темір жолы» немесе басқа да сатып алушылар алдында ұят­қа қал­ған емес», дейді «Локомотив құрас­тыру зауыты» АҚ президенті Марат Тілеубаев.

Зауыт келесі жылы 90 локомотив шығаруды жоспарлап отыр. Акционерлер биыл зауытқа 2,5 млрд доллар көлемінде инвестиция құйған. Сол себепті өндіріс екі есеге артпақ.

«Отандық машина өндірушілерге жайлы жағдай жасау үшін мен мынадай шараларды ұсынамын. Оның біріншісі – қазақстандық өндірушіден локомотив сатып алу үшін жеке тасымал­даушы­ларға жеңілдетілген несиелеу ұсыну, несие мөлшерлемесі бойынша сыйлықақы ставкасын субсидиялау. Екіншіден, біздің елде кез келген локомотив Транспорттық бақылау коми­тетінде тіркеледі. Сол тіркеуге дейін локо­мотивтің қаншалықты сенімді еке­нін, қауіпсіз екендігін анықтап, қарап, бағалайтын қабылдау комиссиясын құру керек. Егер расымен шетелден им­порт­талған локомотив біздің локомотив­терден мықты болса, онда сөз жоқ, сатып ала берсін. Егер олай бол­май шықса, онда бүкіл жылжымалы құрам­ды тіркеп жібермеудің алдын алар едік», деп өз ұсынысын да білдірді зауыт басшысы.

«Ростсельмаш» директорлар кеңесінің төрағасы Константин Бабкин «ҚазРостИнжиниринг» компания­сымен және Қазақстандық агроин­новациялық корпорациямен бірлесіп 5 комбайн моделін, 4 трактор моделін локализациялағанын атап өтті.

«Келер жылы тағы бір трактор моделін әзірлеуді жоспарлап отырмыз. Біздің компаниямыз белсенді дамуда. Біз үшін Қазақстан басым нарық саналады және машиналарымыз­ды қазақстандық серіктестерімізге ұсына­тын боламыз», дейді К.Бабкин.

Қазақстан машина жасаушылар одағының төрағасы Мейрам Пішем­баевтың айтуынша, тап қазіргі кезең­дегі басты міндет – импорт көлемін төмендету.

«Жалпы алғанда, машина жасау саласы – кез келген ел экономикасындағы индустриялық қуаттың басты көзірі. Бұл салаға әлемдік өнеркәсіптік өндіріс­тің 40 пайызы тиесілі. Қазақстан өнер­кәсібіндегі машина жасау үлесі 7 пайыз­дан аспайды. 2021 жылы тауар импорт­тау­дың жалпы көлемі 41 млрд долларды құра­ды. Соның 17 млрд доллары, яғни 41 па­йызы – машина жасау өнімдері. Соң­ғы 10 жылда өндіріс көлемін 370 млрд теңгеден 2 жарым трлн-ға дейін жет­кізе алдық. Ендігі мақсат – импорттан ба­рын­ша алыстау», деді одақ басшысы.

Бұл салада 3 мыңдай кәсіпорын бар және оларда 115 мыңнан астам адам жұ­мыс істейді. Саладағы ең ірі сектор – автомобиль құрастыру (33,1 пайыз). Жуық арада елімізде жиналатын модельдер саны арта түспек. Сонымен қатар автокомпоненттер (бампер, орындық, терезе, пластик бөлшектер, дөңгелек) өндірісінің де аясы кеңейеді деген жос­пар бар.

Абай Қазыбекұлы

egmen.kz

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

spot_img

Көп оқылған

Екі мыңнан астам оқушы робототехникадан іріктеу чемпионаттарына қатысады

Бұл туралы Оқуа-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Дегдар ұлттық балалар порталы хабарлайды. Ұлттық кезеңнің жеңімпаздары Американың Хьюстон қаласында...

Мемлекеттік Туды қорлағандар 10 млн теңге айыппұл төлейді

​Енді Туды қорлағандар 10 млн теңге айыппұл төлейді, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған...

Алаш көсемі туралы деректі фильмнің тұсауы кесілді

Алаш автономиясының құрылғанына 105 жыл, Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай, «Қарқаралы – Алаштың алтын бесігі» айлығы аясында «Әлихан...

Бірінші сынып оқушылары «Әліппені» тамамдады

Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясында 1 сынып оқушылары әліппені тамамдады. Осыған орай білім ордасында «Мың алғыс саған, әліппе!» атты...