“Белгі болмаса жол бұзылады, Білімің болмаса сөз бұзылады”, “Өнер алды қызыл тіл» деген мақалы, қазақ халқының сөз қадірін білгендігін меңзейді.
Сөз өнері ақылға, қиялға, көңілге байланысты. Тілдің міндеті ақылды, көңілдегі ой-қиялыңды ықшамдап көркемдеп жеткізу. Сол үшін кітапты көп оқу керек.
Тіліміз біздің қаруымыз, ар-ұжданымыз. Білімді болсақ көзіміз ашық, көкірегі ояу ,кез-келген бәсекеде мәртебеміз биік, жүзіміз жарқын, болашағымыз айқын ұлт бола аламыз.
Өз тілің-өскен өркенің,
Ананың берген ақ сүті,
Мақтаның, ұлттық ол сенің, – деп толғаған Асқар Тоқмағанбетов ақын атамыз. Елімізге лайық өткір сөзді, ақыл-ойы бүтін, патриот жастар болудың маңызы зор деп білемін. Ол үшін тілді білу аса маңызды болса керек.
Жаңа Қазақстанның жалынды жастарына Егеменді елде өмір сүріп, болашағымыздың жарқын болуы үшін мемлекеттік тіл, ана-тілімізді қастерлеген керек-ақ.
Сейтжан Қасиет
Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Ю.Гагарин атындағы ЖОМ 11-сынып оқушысы