Керекті теректі,
Атамыз кеп екті – көп екті.
Керекті кебекті,
Толтырып себетті – жем етті.
Жар ық па, нар ық па?
Қар ық па, сал ық па?
Кенелтер қарыққа.
Егінді сал ыққа.
Тым ақ тұмақ тым ақ па?
Тым ақ шырақ тым ақ па?
Сепсек көк көп көктей ме,
Ексек көк көп көктей ме.
Үй қалада сыйлы анаға сыйлана ма,
Миылы анаға сыйлана ма?
Оразбек САПАРХАН
degdar.kz