«Eurasiаn Book Fair-2022» кітап көрмесі өтеді

Date:

Share post:

Елордада «Eurasiаn Book Fair-2022» Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды baq.kz сайтына сілтеме жасаған degdar.kz порталы.

20-24 сәуір аралығында ЕХРО халықаралық көрме орталығына жоспарланған ауқымды шараның түндігі биыл бесінші рет түрілгелі отыр.

Кітап жәрмеңкесі қарсаңында игі істің ұйымдастырушылары баспасөз конференциясын өткізді.

– Әлемді дүр сілкіндірген коронавирус дерті руханиятқа, соның ішінде, кітап шаруашылығына да біраз кедергісін тигізбей қоймады. Себебі 2 жыл бойы біз шектеу шараларына байланысты кітап көрмесін өткізе алмадық. Соңғы рет 2019 жылы өткен екен. Биыл өткелі жатқан игі іске атсалысуға шақырамын. Руханият саласын біздің ұрпақ жүдеп бара жатқанын өздеріңіз білесіздер. Цифрлық технологияға әбден үйреніп алған жастар дәстүрлі кітаптан алшақтап барады. Ол дегеніміз дилетанттардың көбейіп бара жатқанын білдіреді, – деп атап өтті«Геральдикалық зерттеулер орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры, жазушы Әлібек Асқаров.

Сондай-ақ көрнекті қаламгер технология қаншалықты қарыштап дамыса да, кітаптың орнын алмастыра алмайды деп отыр.

Цифрлық технологиядан алатын мәлімет өте қысқа болады. Мәселен, ол арқылы 4 томдық кітаптарды көздің майын тауысып оқып шығу қиын. Көркем әдебиет пен балаларға арналған оқулықтарды шығарумен айналысатын баспагерлер кітапты аппақ қағазға баспай, офсет, яғни аздап сарғыш қағазға шығарса деген тілегім бар, – деп ағынан жарылды жазушы.

Айта кетерлігі, халықаралық көрме ересектер үшін де, балалар үшін де бірдей қызықты болатын бес күндік ауқымды мәдени және іскерлік бағдарламаны қамтыған. Көрмеге қатысушыларды балаларға арналған және көркем әдебиет, танымдық және танымал әдебиеттердің тұсаукесері, балалардың шығармашылық және дамуына арналған шеберлік сабақтары, поэзия кештері және дөңгелек үстелдер күтеді.

(ФОТО: Әдебиет порталынан алынды. Авторы: Ақбота Күзекбай)

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

spot_img

Көп оқылған

Сейтжан Қасиет: Тіліміз – ар-ұжданымыз

“Белгі болмаса жол бұзылады, Білімің болмаса сөз бұзылады”, “Өнер алды қызыл тіл" деген мақалы, қазақ халқының сөз қадірін...

Жаңа жаңылтпаштар

Керекті теректі, Атамыз кеп екті - көп екті. Керекті кебекті, Толтырып себетті – жем етті.   Жар ық па, нар ық па? Қар...

Түлектердің мамандық таңдауына бағдар беретін ерекше жоба іске қосылды

Елімізде мектеп түлектерінің мамандық таңдауына бағдар беретін«Өмірлік бағдар» жобасы іске қосылды, деп хабарлайды baq.kz сайтына сілтеме жасаған degdar.kz...

«Eurasiаn Book Fair-2022» кітап көрмесі өтеді

Елордада «Eurasiаn Book Fair-2022» Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды baq.kz сайтына сілтеме жасаған degdar.kz порталы. 20-24 сәуір...