Жапонияда тұратын Жадыра Сембайдың “Адырна» ұлттық порталының «Керек кісі» бағдарламасына берген сұхбатында осылай деді, деп хабарлайды degdar.kz сайты.
Жадыра Сембай 12 жыл Жапонияда тұрған. Токио қаласында өзінің кәсібін бастап, бүгінде компаниясын құрған табысты кәсіпкер.
Бағдарлама жүргізушісі Меруерт Түсіпбаевамен әңгіме барысында Жадыра жапон халқының білімге құштарлығы, салт-дәстүрі, даму ерекшелігі, алға қойған мақсаты мен жоспарлары туралы айтқан Жадыра ол жақтағы жеткіншектердің кітап оқу мәдениеті туралы да тоқталды.
“Менің кішкентай інім 15 жаста. Ол 8 жасында Жапонияға барған. Жылына 30 кітап оқиды”, – деді Ж.Сембай.
Ол тағы да бауырының жапониялық кішкентай достары 50-60 кітап оқитынын айтты.
Сонымен бірге, 15 жасар бауырының 4 тілде еркін сөйлейтінін тілге тиек етті.
Сұхбаттың толық нұсқасын мына сілтемедегі “Адырна” порталының ютуб каналынан көре аласыздар.
Фото: “Керек кісі” бағдарламасынан түсіріліп алынды.