Елордада «Ең үздік мектеп музейі-2022» қалалық байқауы қорытындыланды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық музейінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған degdar.kz сайты.
Білім беру ұйымдары музейлерінің қызметін жетілдіру және мектеп музейлері арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау мақсатында ҚР Ұлттық мұражайының ұйымдастыруымен өткен қалалық байқауға Нұр-Сұлтан қаласының 15 білім беру мекемесі қатысқан.
«Ең үздік мектеп музейі-2022» қалалық байқауының қорытындысы бойынша жүлделі III орынды Ыбырай Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназиясы, Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясы мен Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназиясы иеленді.
Жүлделі ІІ орын – Мұқағали Мақатаев атындағы №74 мектеп-гимназиясы мен Қайым Мұхамедханов атындағы №90 мектеп-гимназиясына бұйырды.
Байқаудың жеңімпазы болып Мұстафа Шоқай атындағы №51 мектеп-гимназиясы
ағалап алға шықты.