Қазақстандық белгілі шахматшы Бибісара Асаубаева Гиннестің рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған degdar.kz сайты.
«Қазақ шахматшысы Бибісара Асаубаева Гиннестің рекордтар кітабына енді. 17 жасында ең жас Әлем чемпионы атанған Бибісараға аталған ұйым арнайы сертификатын жолдады» делінген ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарламасында.
Ұйымның ресми құжатында «әйелдер арасында блиц бойынша ең жас әлем чемпионы қазақстандық Бибісара Асаубаева 2004 жылы 26 ақпанда дүниеге келген» және «2021 жылы Варшавада (Польша, 2021 жыл 30 желтоқсан) өткен блиц бойынша әлем чемпионатында 17 жас 307 күнде жеңіске жетті»,-делінген.
Одан кейін Ассаубаева «блиц» бойынша бірінші орын алып, әйелдер арасында әлемдік шахмат тарихындағы ең жас шахматшы атанды.
Сондай-ақ, осы чемпионатта Бибісара жылдам шахматтан (Рапид) 2 орынға ие болды. Шешуші ойындарда Бибісара тәжірибелі грузин шахматшысы, гроссмейстер Нана Дзагнидзені, жерлесі Әсел Серікбайды жеңіп, халықаралық чемпионаттың жеңімпазы гроссмейстер Александра Костенюкпен тең түсті.