Биыл колледждерде білім грантының саны 45 мыңға артады – ҚР БҒМ

Date:

Share post:

Биыл колледждерде білім алу үшін гранттар саны 45 мыңға артып, барлығы 125 мың грант бөлінеді, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған degdar.kz сайты.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларға арнайы гранттар қарастырылған, ол үшін «Білім туралы» Заңға өзгерістер енгізілді. Енді көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға – гранттардың 5%, толық емес отбасылардан шыққан балаларға – 1%, физикалық мүмкіндіктері шектеулі балалары бар отбасылардан шыққан балаларға-1% бөлу көзделген.

Өткен жылы колледждерге қабылдау 10 мыңға артып, 166 мың адамды құрады, оның ішінде 93 мыңнан астамы мемлекеттік тапсырыс бойынша (тегін оқуға) түсті, соның ішінен 67%-ы квоталық санаттар бойынша өтті (61,9 мың адам).

«Бүгін біз техникалық мамандықтарға сұраныстың артып келе жатқанын көріп отырмыз, бұл туралы Мемлекет басшысы да айтты, сондықтан 2025 жылға дейін мемлекеттік тапсырыстың 70%-ын (қазір 45%) металлургия, IT, құрылыс, инженерия және қызмет көрсету сияқты бағыттар құрайтын болады.

Бүгінде әкімдіктер жанындағы арнайы комиссиялар өңірлерде сұранысқа ие мамандықтар тізімін жасап жатыр. 30 сәуірден бастап облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының сайттарында мемлекеттік тапсырыс көзделген мамандықтар туралы ақпаратпен танысуға болады»,-делінген хабарламада.

көрнекі фото: inform.kz

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

spot_img

Көп оқылған

Сейтжан Қасиет: Тіліміз – ар-ұжданымыз

“Белгі болмаса жол бұзылады, Білімің болмаса сөз бұзылады”, “Өнер алды қызыл тіл" деген мақалы, қазақ халқының сөз қадірін...

Жаңа жаңылтпаштар

Керекті теректі, Атамыз кеп екті - көп екті. Керекті кебекті, Толтырып себетті – жем етті.   Жар ық па, нар ық па? Қар...

Түлектердің мамандық таңдауына бағдар беретін ерекше жоба іске қосылды

Елімізде мектеп түлектерінің мамандық таңдауына бағдар беретін«Өмірлік бағдар» жобасы іске қосылды, деп хабарлайды baq.kz сайтына сілтеме жасаған degdar.kz...

«Eurasiаn Book Fair-2022» кітап көрмесі өтеді

Елордада «Eurasiаn Book Fair-2022» Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды baq.kz сайтына сілтеме жасаған degdar.kz порталы. 20-24 сәуір...