Қазақстандық оқушысы АҚШ-тағы 8 университеттің грантын жеңіп алды

Date:

Share post:

11-сынып оқушысы шалғайдағы ауылда отырып-ақ, АҚШ-тағы 8 университеттің грантын жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасаған degdar.kz.

Жанерке Зейлбекова Келес ауданы Біртілек ауылдық округінде орналасқан №9 Көлтоған жалпы орта мектебінде оқиды. 9-сыныптан бастап ағылшын тілін меңгеруге ден қойған. Семинарлар мен курстарға қатысып, білімін жетілдірумен келеді. Басты мақсаты – Назарбаев университетіне түсу болатын.

Ол былтыр шетелдік университеттер жариялаған онлайн олимпиадалар мен конкурстарға қатысып, бағын сынап көреді. Соның нәтижесінде АҚШ-тағы 8 университеттен оқуға шақырту алып отыр.

«Жанерке – өте зерек оқушы. Қашықтықтан оқу форматына ауысқан кезде уақытын босқа өткізбей, ағылшын тілі бойынша сабақтарға қатысып жүрді. Репетитор жалдап, онлайн дәріс алды. Мінезі салмақты, қарапайым ғана ауылдың қызы. Ешқандай гимназия, лицей емес, жәй сыныпта оқиды. Бостан, Нью-Йорк, Чикаго қалаларында орналасқан жоғары оқу орындарынан шақырту келіпті. Біз ауыл болып қатты қуанып жатырмыз», – дейді мектеп директоры Қалдыгүл Тұрсынбекова.

Қазір Жанерке алдағы емтихандар мен сынақтарға дайындалып жатыр. Құжаттарын Түркия университеттерінің біріне де өткізіп қойған. Білімді шәкірт жетістікке жетуіне себепші болған ұстаздарына дән риза. Ал өзі келешекте дәрігер болуға талпынып отыр.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

spot_img

Көп оқылған

Сейтжан Қасиет: Тіліміз – ар-ұжданымыз

“Белгі болмаса жол бұзылады, Білімің болмаса сөз бұзылады”, “Өнер алды қызыл тіл" деген мақалы, қазақ халқының сөз қадірін...

Жаңа жаңылтпаштар

Керекті теректі, Атамыз кеп екті - көп екті. Керекті кебекті, Толтырып себетті – жем етті.   Жар ық па, нар ық па? Қар...

Түлектердің мамандық таңдауына бағдар беретін ерекше жоба іске қосылды

Елімізде мектеп түлектерінің мамандық таңдауына бағдар беретін«Өмірлік бағдар» жобасы іске қосылды, деп хабарлайды baq.kz сайтына сілтеме жасаған degdar.kz...

«Eurasiаn Book Fair-2022» кітап көрмесі өтеді

Елордада «Eurasiаn Book Fair-2022» Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды baq.kz сайтына сілтеме жасаған degdar.kz порталы. 20-24 сәуір...