Мұндай ата-ана баласына сөз тыңдата алмайды

Date:

Share post:

Абай атам өзінің «Оныншы қара сөзінде» былай дейді: «Хош, Құдай Тағала бала берді, оны өзің жақсы асырай білесің бе? Білмейсің. Әуелі өз күнәңді өзің көтергеніңмен тұрмай, балаңның күнәсіне тағы да ортақ боласың. Әуелі балаңды өзің алдайсың: «Әне, оны берем, міне, мұны берем» деп. Басында балаңды алдағаныңа бір мәз боласың. Соңыра балаң алдамшы болса, кімнен көресің? «Боқта!» деп, біреуді боқтатып, «кәпір – қияңқы, осыған тимеңдерші!» деп, оны мазаттандырып, әбден тентектікке үйретіп қойып, сабаққа бергенде, молданың ең арзанын іздеп, хат таныса болады деп, қу, сұм бол деп, «пәленшенің баласы сені сыртыңнан сатып кетеді» деп, тірі жанға сендірмей жат мінез қылып, осы ма берген тәлімің? Осы баладан қайыр күтесің бе?». Хакімның сауалының салмағы зілмауыр емес пе? Біз ержетіп, бой түзеген, есейген ұлт ретінде осы қателіктерден арыла алдық па?

Бұл жерде тілге тиек етіліп отырған мәсел мыналар:

1.Баланы асырай білу;

Мұнда біз тек қана материалдық қамтамасыз ету деп түсінсек, ойымыздың таяздығы (Өкінішке орай, біздің қоғам осылай түсінеді). Хакімның өз сауалына өзі жауап бере отыра (Оны өзің жақсы асырай білесің бе? Білмейсің.), жауабына дәлел ретінде ата-ананың бала психологиясын, өмір салтын бұзатындығын тілге тиек етуі Абай танымында «бала асырай білуің» рухани қырларды да қамтитындығын ұғындырады. Ендеше, ата-ана баланың өміріне қажетті заттық тұғыдан қамтамасыз етіп қана қоймай, психологиялық тұрғыдан да баланы асырай білуі керек екен ғой.

2.Тәлім мәселесі;

Хакім текстінде ашық баяндалып тұрған қателіктердің барлығының бастауын ата-анадан іздейді. Баланы алдаудан алдамкөстік, біреуді боқтатып, шектен тыс әндеуден тентектік, тірі жанға сендірмеуден жат мінезділік шығатынын ескертеді. Яғни, ата-ана көрсеткен тәлімнің (қазақ іс-әрекетпен үлгі болумен берілетін тәрбие жұмысын тәлім деп атаған) бала санасындағы жаңғырығы.

3.Баланы сыйлау мәселесі.

Осы үзіндінің контекстінде ата-ананың баланы сыйламауды көреміз. Бұл мін ата-ананың санасында балаға, тағдырына, оның психологиясына, мінезіне деген жауапкершіліктің жоқтығынан.

Абай бәрін жинақтай келе «осы ма берген тәлімің?» дейді. Яғни, ата-ананың үлгісін «тәлім» деп атайды. Тәлім дұрыс болмаса тәрбие ақсайды. Демек, Абай танымы бойынша, іс-әрекетпен, мінезбен берілетін үлгі-өнеге «тәлім» деп аталмақ екен.

Міне, бұл тәлім арқылы баланы асырай білу бүгінгі қазақ отбасыларында да өзекті тақырыптардың бірі болса керек.

Бүгінгі таңда неге балалардың сіркесі су көтермейді? Не үшін балалар қылмысы көбеюде? Не үшін біздің мектептерде болған келеңсіздіктер ақпараттық тренттен түспейді? Балалар неге

Әрине, бұл мәселелердің жауабын бір сөзбен айтуға болмас. Себеп көп, түркті болатын түйткілдер аз емес. Алайда, осы мәселелердің бір астарында ата-ананың Абайша айтқанда «баланы асырай білмеуі» жатыр.

Қазақ айтатын «Балапан ұяда нені көрсе, ұшқанда соны іледі» сөзінің астарында психологиялық та мән жатыр емес пе. «Көп көзінше, не үй ішінде бір-бірімен ұрсысып, кем-кетіктерін балаларының көзінше сынап-мінеп отыратын ата-анаға баланың да сый-құрметі азаяры сөзсіз. Бұндай әке мен шеше өз баласына сөз тыңдата алмайды», – дейді Зиг Зиглар. Бала күнімізде үлкендер тілі енді шығып жүрген сәбиді көрсе «жартас» деуші еді. Яғни, не айтсаң, соны жаңғыртып қайта айтады. Бала психологиялық тұрғыдан да жартас сияқты. Отбасында болған оқиғалар оған әсер етпей қоймайды. Отбасында көргенін сыртқы ортада да көретеді.

Бала өз отбасында адам ретінде құрметтелмесе, тиісінше сый көрмесе, тыңдалмаса ол өз мейманасын тасытатын мұндай игіліктерді басқа ортадан іздейді. Айталық, баланың достарымен басы бірікпеуі, басқаларға дұрыс мәміле жасамауы, ұрсысып-керісіп, төбелесуі, мінезінің тұрақсыздығы, ойын ашып жеткізе алмауы, жасқаншақтық, т.б. мәселелер психологиялық тұрғыда тыныштық жоқ, праблемалы отбасының балаларына тән қасиет болатыны да осыдан.

Ұрыс-керіс көп болған үйде бала басқаларға құрметі аз, төбелескіш, ерегеспе болумен қатар, ата-ананың өзін құрметтемейтін халге түседі. Ал, көп ұрыс естіп өскен балалар көбінесе жасқаншақ, ішкі әлемі комплекстерге толы, ойын ашық жеткізе алмайтын психологиялық нұқсандарға жиі ұшырайды. Отбасында жылу көрмеген балалар болса, басқалардың тәтті сөзіне алданғыш, тез бауыр басқыш, ақ-қарасын айырмай оңай қақпан басқыш болып қалыптасады. Ата-анасы үстемдік етіп, баланың «менін» жаныштаған отбасылардан өз бетімен шешім қабылдай алмайтын, ішкі мені жоқ, тұлғалық деңгейге көтеріле алмайтын балалар шығып жатады. Осының барлығы үшін кейін баланың өзі өсе келе күресуі де, өзгертуі де қиын күйде қалары анық. Бұл тәлімі жоқ ата-ананың бала өміріне салған қасіреті деуге болады.

«Оныншы қара сөзіді» оқығанда қазақтың «Өзің диуанасың, кімге барып пір боласың?» деген аталы сөзі еске оралады. Шындығында да, ата-ананың өзін ұстауы, сөз сөйлеу, қарым-қатынас, мәміле мәдениеттері балаға әсер етпей қоймайды.

«Нені ексең соны орасың» демекші балаға қандай тәлім берсек, сондай бала күтуіміз керек екен ғой. Өз басым баланы адам ретінде елеп-ескеріп, пікірімен санасып, құрметтей білмеген ата-ана «балам мені құрметтемейді», «сөзімді тыңдамайды» десе таң қалмаймын.

Оразбек САПАРХАН

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

spot_img

Көп оқылған

Екі мыңнан астам оқушы робототехникадан іріктеу чемпионаттарына қатысады

Бұл туралы Оқуа-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Дегдар ұлттық балалар порталы хабарлайды. Ұлттық кезеңнің жеңімпаздары Американың Хьюстон қаласында...

Мемлекеттік Туды қорлағандар 10 млн теңге айыппұл төлейді

​Енді Туды қорлағандар 10 млн теңге айыппұл төлейді, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған...

Алаш көсемі туралы деректі фильмнің тұсауы кесілді

Алаш автономиясының құрылғанына 105 жыл, Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай, «Қарқаралы – Алаштың алтын бесігі» айлығы аясында «Әлихан...

Бірінші сынып оқушылары «Әліппені» тамамдады

Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясында 1 сынып оқушылары әліппені тамамдады. Осыған орай білім ордасында «Мың алғыс саған, әліппе!» атты...