Елдің, жұрттың қорғаны

Date:

Share post:

“Жас қаламгер” айдарында елордамыздағы Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп гимназиясының, 7«Ж» сынып оқушысы Әзілбек Динараның өлеңдерін ұсынамыз.

Жас ақынға шығармашылық табыс тілеймін!

degdar.kz редакциясы

Тәуелсіздік

Сан ғасырлар азаттыққа шөлдеген,
Ата-бабам қас жауын да жерлеген.
Қолымыз жетті, міне, бүгін де,
Тәуелсізбіз, тұғыры биік ел деген.

Тәуелсіздік оңай жолмен келмеді,
Тоқсан бірде тәуелсізсің ел деді.
Содан бері отыз жылда толыпты,
Бейбіт болшы қазағымның ертеңі.

Желтоқсаным қазағымды тоңдырды,
Талай қазақ гүлдерін де, солдырды.
Сонда да олар шыдап бақты, күресті,
Тәуелсіздік қазағымды оңдырды.

Тәуелсіздік – бұл елімнің елдігі,
Тәуелсіздік – ата-баба теңдігі.
Тәуелсіздік – елдің-жұрттың қорғаны,
Қайрат пенен Ләзаттардың ерлігі.

Тегімді менің сұрасаң

Тегімді менің сұрасаң,
Тегімді менің сұрасаң,
Қалың найман нуынан.
Елімді менің сұрасаң,
Орман-тоғай нуынан.

Көлімді менің сұрасаң,
Үштақтайдың суынан.
Жүрекке шер толғасын,
Өлеңменен жылынам.

Мәрмәр сөзбен шағайын,
Һәм мұздатып жүректі.
Есігіңді мен ашайын,
Құлпырған жер,желекті.

Осыменен тәмәндайын,
Бітпес қара сөзімді.
Өлеңімді амалдайын,
Сақтайын қара көзімді.

 

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

spot_img

Көп оқылған

Сейтжан Қасиет: Тіліміз – ар-ұжданымыз

“Белгі болмаса жол бұзылады, Білімің болмаса сөз бұзылады”, “Өнер алды қызыл тіл" деген мақалы, қазақ халқының сөз қадірін...

Жаңа жаңылтпаштар

Керекті теректі, Атамыз кеп екті - көп екті. Керекті кебекті, Толтырып себетті – жем етті.   Жар ық па, нар ық па? Қар...

Түлектердің мамандық таңдауына бағдар беретін ерекше жоба іске қосылды

Елімізде мектеп түлектерінің мамандық таңдауына бағдар беретін«Өмірлік бағдар» жобасы іске қосылды, деп хабарлайды baq.kz сайтына сілтеме жасаған degdar.kz...

«Eurasiаn Book Fair-2022» кітап көрмесі өтеді

Елордада «Eurasiаn Book Fair-2022» Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды baq.kz сайтына сілтеме жасаған degdar.kz порталы. 20-24 сәуір...