Асық ойнының маңызы

Date:

Share post:

Асық – төрт түлік малдың ішінде қой-ешкінің тілерсегінде, асықты жілік басында орналасатын шымыр сүйек.Аңдардың да тілерсек тұсында болады. Қазақта асық қасиетті саналады. Баласы ұл болса, бесігінің басына бөрінің асығын іледі. Бәле-жаладан аулақ, шымыр-қайратты болсын дегені.

Қыз болса, бесігіне еліктің асығын (жабайт) тағады. Сұлу, көрікті болып бойжетсін деп ырымдағаны. Келіні құрсақ салғанда, атасы мен әжесі ырымдап асық жинайды. Онысы – ұл бала болсын деп тілегені. Келінге көз тимесін, аман-есен босансын дегенге саяды.

Асық ойнау кезіндегі мида болатын процестер біріншіден, баланы тыныштандырады, екіншіден, логикалық ойлау қабілетін дамытады, ал үшіншіден баланың кез келген жағдайда шешім қабылдауға үйретеді. Сонымен қатар, мамандардың  пайымынша, домалаған асықты бақылап, көз бұлшық еттерін қозғалтуы көру қабілетіне де оң әсер етіп, қан айналымы мен тыныс алу мүшелерінің жұмысы жақсарады.

Асық шиірген уақытта баланың ұсақ моторикасы да дамиды. Ал ұсақ моторика тікелей миға байланысты. Оң жақ жарты шар және сол жақ жартышардың арасындағы нейрондар байланысы күшейеді. Баланың логикалық ойлауы жақсарады. Саусақтағы ұсақ моториканың дамуы ол – мидың дамуы дейді.

Әділеттілік  үшін  асыққа  қарсы мысалды  да  келтіргенді  жөн көрдім.  Қазақта  «асық  ойнаған -азар,  доп  ойнаған – тозар,  бәрінен де  оқу  оқып, білім  алған  озар» (ертеректе  «қой  бағып,  құйрық жеген  озар»)  деген  де  нақыл  сөз бар.  Оның  балаларды  білімге шақырған, насихат  тұрғысынан айтылғаны  мәлім.

Қорыта айтсам, қазір балалар ойын автоматтары, ұялы телефон сынды зиянды ойындарға әуес болып барады. Кез-келген ойын автоматтарына бас сұға қалсаң, көбіне көп қазақтың баласын көреміз. Біріншіден, бұл ойындардың адам денсаулығына тигізер зияны өте көп. Соны біле тұра осы ойынға неге сонша құмар? Екіншіден, баланың ойлау қабілеті, ойлау шеңбері, ауыз – екі сөйлеу қабілеті белгілі бір жүйеде шектеліп қалары анық.

Ибраһим Нәжәтбекұлы 

Алматы  қ., N126 физика-математика лицейінің 5 “Ғ” сынып оқушысы

Жетекші: Тасирова Сауле Тұрсынжанқызы

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

spot_img

Көп оқылған

Екі мыңнан астам оқушы робототехникадан іріктеу чемпионаттарына қатысады

Бұл туралы Оқуа-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Дегдар ұлттық балалар порталы хабарлайды. Ұлттық кезеңнің жеңімпаздары Американың Хьюстон қаласында...

Мемлекеттік Туды қорлағандар 10 млн теңге айыппұл төлейді

​Енді Туды қорлағандар 10 млн теңге айыппұл төлейді, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған...

Алаш көсемі туралы деректі фильмнің тұсауы кесілді

Алаш автономиясының құрылғанына 105 жыл, Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай, «Қарқаралы – Алаштың алтын бесігі» айлығы аясында «Әлихан...

Бірінші сынып оқушылары «Әліппені» тамамдады

Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясында 1 сынып оқушылары әліппені тамамдады. Осыған орай білім ордасында «Мың алғыс саған, әліппе!» атты...