Жаңбырда қалған күшік

Date:

Share post:

Біздің таулы өлкеде көктемнің салқын жауын-шашыны ұзаққа созылады. Жаздың мамыражай күндерінде табиғат бір демде алай-дүлей мінез көрсетіп, аспанды бұлт торлап, жаңбыр шелекпен су құйғандай жауып өтеді. Аспан бұлттанып тұрған сондай күндердің бірінде інім достарымен көшеде асыр салып, асық ойнап жүрген болатын. Жаңбыр себелей бастағанда, балалар үйлеріне тарай бастады. Ал інім бір үлкен тастың жанында айналшықтап тұрып қалды. Аяғын ауыртып алды ма екен деп қасына жүгіріп барғанымда, мүлде басқа көрініске тап болдым. Тастың тасасында көздері жәутеңдеген кішкентай ғана күшік отыр екен. Кіп-кішкентай қара күшік. Көздері жаутаң-жаутаң етеді, бізден көмек күтіп тұрғанын түсіндік. Үйге алып кетуге анамыздан қорқып та тұрмыз. Жаңбыр күшейіп барады. «Үйге кірсеңдерші» деген анамыздың дауысын естігенде, інім қара күшікті көтеріп алып, үйге қарай жүгірдік. Күшікпен үйдің ішіне кірдік. Біздің үшеу болып үйге кіргенімізді көрген анамыз:

– Шығар анау күшікті далаға, итті үйге кіргізгенді қайдан көрдің? – деп ашулана бастады.

Інім болса өзі сияқты қап-қара сүйкімді қара күшікті тарс құшақтап алған. Үнсіздік. Анам бір жағынан ашуланып тұрса, екінші жағынан мейірімді көздері бізге қарап күлімсіреп тұр.  Күшікке бір қарап, «С» әріпін «Ш» деп еркелеп сөйлейтін інім:

–Мама, далада жаңбыр жауып тұр, бұл байғұШ та адамның балаШы ғой! – дегенде бәріміз күліп жібердік. Күшікті үйге алып кіргенімізге ашуланған анамыз сабырмен ғана:

– «Ит – адамның досы» деген, жеті қазынаның бірі саналады. Күшікті жауынның астына қалдырмаған мейірімдеріңнен айналайын, – деп  бізбен бірге аулада күшікке жайлы орын дайындауға көмектескенде, көңіліміз орнына түскен біздің қуанышымызда шек жоқ еді. Күшікке үйшік жасап аяқтаған кезде, далада қараңғылық орнай бастады. Өзіміз бірлесе құрастырған үйшікте енді жаурамайтынын түсінгендей болып отырған күшікке қарап, үлкен іс тындырғанымызға біз шаттанып тұрдық.

Күнделікті әдетімізбен ұйықтар алдында тыңдайтын ертегінің соңына келгенде, даладан күшіктің дауысы естілді. Қараңғы түннен қорқып жатқан шығар деп алаңдай бастадық. Барлық жануарлар сияқты иттердің де дала табиғатына бейімделіп жаратылғанын анамыз тиянақтап түсіндіріп берді.

Таңертең жарқырап күн шығыпты. Кешегі жаңбырда көшеде су-су күйінде тауып алған күшігіміз сүп-сүйкімді екен. Сол күшік бүгін үлкен ит болып өсті. Кыркүйекте інім бірінші сыныпқа барды. Мектеп асханасынан берілетін  тамағын өзі жеп, бір үзім нанын өзімен ала келеді. Оны біліп алған Құтжол да  інім қақпадан кіре бергенде үріп қарсы алады. Өзіне тиесілі  бір үзім нанын қағып алғанда, інім мәз болып қалады. Осылайша жаңбырдың астында қалған қара күшік біздің үйдің күзетшісіне айналды.

Назым Нариманқызы

Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Шақпақ-бабаауылы, С.Бреусов мектебінің 6 “Б” сынып оқушысы.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

spot_img

Көп оқылған

Сейтжан Қасиет: Тіліміз – ар-ұжданымыз

“Белгі болмаса жол бұзылады, Білімің болмаса сөз бұзылады”, “Өнер алды қызыл тіл" деген мақалы, қазақ халқының сөз қадірін...

Жаңа жаңылтпаштар

Керекті теректі, Атамыз кеп екті - көп екті. Керекті кебекті, Толтырып себетті – жем етті.   Жар ық па, нар ық па? Қар...

Түлектердің мамандық таңдауына бағдар беретін ерекше жоба іске қосылды

Елімізде мектеп түлектерінің мамандық таңдауына бағдар беретін«Өмірлік бағдар» жобасы іске қосылды, деп хабарлайды baq.kz сайтына сілтеме жасаған degdar.kz...

«Eurasiаn Book Fair-2022» кітап көрмесі өтеді

Елордада «Eurasiаn Book Fair-2022» Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды baq.kz сайтына сілтеме жасаған degdar.kz порталы. 20-24 сәуір...