Өнер алерясы айдарының алғашқы шығарылымында астаналық өрен Шуақ Ерғабылқызының салған “Таза аспанды сағыну” атты туындысын назарларыңызға ұсынамыз.
Шуақ елордадағы No73 физикалық техникалық лицейінің 6 “Ж» сынып оқушысы.
Шуақ бұл туындысында қазіргі таңдағы әлемдік мәселенің бірі – ортаның ластану мәселесін негізгі тақырып етіп, таза, ашық аспанды аңсауын бейнейді. Өнер туындысы арқылы жас жостарын қоршаған орта мәселесіне назар аударуға үндейді.
Шуақ Ерғабылқызының алдағы өнер сапарына сәттілік тілейміз.
Degdar.kz редакциясы.