Әкеңді боқтатпа – қайда жүрсең де сыйымды бол, басқалармен төбелесіп, түс шайысып қалма. Әкеңнің атына сөз келтірме. Тыныш жүр, жаман мінез-құлық иесі болма (жақсы мінез иесі бол) деген мағынада.
Балам қайда жүрсең де әкеңді боқтатпай жүр.
Аузыңды бұлғама (аузыңды былғама) – боқ ауыз сөз айтпа, жаман сөз сөйлеме, біреуді ғайбаттама, қатыссыз сөзге ұрынба.
көзіСен текі жердің баласысың аузызыңды бұлғап қайтесің.
Көзіңді сатпа – көрсе қызар болма, біреудің нәрсесіне беталбаты қызықпа.
Көрінген нәрсеге көзіңді сүзбей, тек жүр.
Сайдың тасындай – бір-біріне бауырмал, бір-біріне қорған болатын, елдің қамын жеген, іріктеліп, өз қатарынан оза шыққан азаматтарды айтады.
Бұлар өзі сайдың тасындай жігіттер. Оқуда да, спортта да, мәдени шараларда да алда жүреді.
degdar.kz