«Ауылдың алты ауызы» деген не?

Date:

Share post:

Той, тілеу, құдалық, мереке сияқты жиын топтарда келген қонақтан «ауылдың алты ауызы» сұралады. Сол кезде қонақ 6 шумақ қара өлең айтып өнер көрсететуі тиіс. Бұл – әрі қонақкәде болса, әрі думанның басталғанының белгісі.

Ауылдың алты ауызын айта алмау өте ұят, тексіздік, көргенсіздік, жетесіздік саналған. Ауылдың алты ауызын алдымен қонақ бастаса, ауыл иесі (немесе үй иесі) тарапынан бір адам да 6 ауыз қара өлең айтып қостайтын да салыт бар. Аталмыш салтты орындауда ер-әйел, кәрі-жас делінбейді.

 

Емей ме екен, ендеше, емей ме екен,

Табақтан өзі алып жемей ме екен.

Өлеңді айт дегенде айтпай қойса,

Жақсыдан жаман туды демей ме екен.

 

Тоқым салма жабыға жалды екен деп,

Жолдас болма жаманға малды екен деп.

Жол үстіне жүйрікті тастап кетпе,

Аяғына қан түсіп қалды екен деп.

 

Қонғаны ауылымның қарағайлы,

Көп жылқы қарағайды аралайды.

Үлкендер өлең айт деп бұйырған соң,

Отыру бекер қарап жарамайды.

 

Салдым сайран Алтайдың күн бетіне,

Жазу жаздым ақ қағаз бір бетіне.

Білгендікпен өлеңді біз айтпаймыз,

Үлкен-кіші айтамыз құрметіне.

 

Берейін сөйлеп-сөйлеп сөз келгенде,

Атқа бөкен жеткізбес зар желгенде.

Жел сөзді Құдай берген аяйын ба,

Бағландар сіздей-сіздей кез келгенде.

 

Өлеңді жақ бастайды, тіл қостайды,

Бәйгеден келсе жүйрік ойқастайды.

Ақындық атасынан үзілмеген,

Өлеңді біз тұрғанда кім бастайды.

degdar.kz

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

spot_img

Көп оқылған

Сейтжан Қасиет: Тіліміз – ар-ұжданымыз

“Белгі болмаса жол бұзылады, Білімің болмаса сөз бұзылады”, “Өнер алды қызыл тіл" деген мақалы, қазақ халқының сөз қадірін...

Жаңа жаңылтпаштар

Керекті теректі, Атамыз кеп екті - көп екті. Керекті кебекті, Толтырып себетті – жем етті.   Жар ық па, нар ық па? Қар...

Түлектердің мамандық таңдауына бағдар беретін ерекше жоба іске қосылды

Елімізде мектеп түлектерінің мамандық таңдауына бағдар беретін«Өмірлік бағдар» жобасы іске қосылды, деп хабарлайды baq.kz сайтына сілтеме жасаған degdar.kz...

«Eurasiаn Book Fair-2022» кітап көрмесі өтеді

Елордада «Eurasiаn Book Fair-2022» Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды baq.kz сайтына сілтеме жасаған degdar.kz порталы. 20-24 сәуір...