Абайдың өкініші

Date:

Share post:

Құрметті жас достар!

Абай атамыздың «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» деген өлеңі бар екенін білесіңдер ғой. Сол өлең былай басталады емес пе:

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ержеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

Бұл мақұрым қалмағыма кім жазалы,

Дөп сермесем қолдымды өстер ме едім.

Бұл тарамақтарда ақын өзінің жетістігін місе тұтпай, әлі де биікке жету үшін білімін аз көріп, соған өкініш білдіреді. Мұны бәріңіз айтпасақ та біліп отырсыздар.

Алайда, өлең тек бір ғана істі білдіру үшін ғана жазылмайды. Бірқанша мағынаны қамтып жатады. Тіпті, астарлы, тұспалды мағыналары да болады. Бұл өлеңдегі әлемдік құбылыс. Абай атамыздың мынау өлеңіндегі келесі мағынасы басқаша.

Адам қартайғанда қанша өкінсе де, жас күнінде барын салып, жан-жақты, кенен білім (энциклопедик деп жүргені осы) игермесе, жер ортасы жасқа келгенде, жас күніндегідей уақыт, күш-қуат таба алмайтындығын білдіреді.

Ескеретін бір жайт, Абай – қазақ әдебиетінде, мәдениетінде, тарихы мен этнографиясында, ұлттық ойлау жүйесінде айырықша орын қалдырып, өлмес таным, тозбас туында жасаған ақын. Қазақтың ойлау жүйесі, көзқарасы, танымына заманға сай жаңа тыныс, жаңа леп әкелген тұлға. Оның озық ойлы танымдары әлі күнге толық ашылмай, қолданысқа түспей келеді.

Сол үшін де абайтанушылардың басы болған Мұхтар Әуезов ақсақал Абайды «Өлімді жеңген ақын» деп атайды. Яғни, артына өлмейтін, уақыт өлшемімен ескіріп, ел есінен шығып қалмайтын қайталанбас туынды жазға білген ақын, танымдары заманның өтуімен керексіз болып қалмайтын тұлға деген сөз.

Сонымен бірге, Абай ана тілімен қоса, парсы, орыс, шағатай, араб тілдерін меңгерген. Ұлттық дүниетаным  терең білумен (бұл үшін әдебиеті, мәдениеті, тарихы, философиясы, этнографиясын жете меңгеру керек болады) қатар, Шығыстық дүниетанымды жетік меңгерген. Сонымен бірге, замандағы Еуропа мен Американың озық ойлы философиясын, алғабасар ғылымын жете білген. Бұл туралы 1891 жылы Нью-Йорк және Лондон қалаларында қатар жарық көреген «Сібір және жер аударылу» атты кітабында Америка тарихшысы Дж.Кенанның еңбектерінде баяндалады. Ол 1885 жылы 14-19 шілде аралығында Семейде болған. Онда Дж.Кенанға семей кітапханасының қызметкері Леонтьев Абай және оның ілімі туралы баяндап берген. Бұл туралы Тұрсын Жұртбайдың «Қазақ әдебиеті» газетінде жарық көрген «Сандырақтан сақтанайық» мақаласында баяндалады.

Ал, Шығыс пен Батыстың ілімін тең білген Абайдың өзі 40 жасында («Абай» атты академиялық жинақтың дерегі бойынша бұл өлең 1885 жылы жазылған. Бұл жылы Абай 40 жаста ғой.) мұнша біліміне разы болмай, жасында ғылым үйренбегені үшін өкініш білдіреді. Демек, жас күнімізде, балалық шағымызда өткізген әрбір бос уақыт пен орынсыз іске жұмсалған қажыр-қайрат бізді жер ортасы жасқа жеткенде өкіндіреді екен.

Ауа ӘУЕШ

Degdar.kz

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

spot_img

Көп оқылған

Сейтжан Қасиет: Тіліміз – ар-ұжданымыз

“Белгі болмаса жол бұзылады, Білімің болмаса сөз бұзылады”, “Өнер алды қызыл тіл" деген мақалы, қазақ халқының сөз қадірін...

Жаңа жаңылтпаштар

Керекті теректі, Атамыз кеп екті - көп екті. Керекті кебекті, Толтырып себетті – жем етті.   Жар ық па, нар ық па? Қар...

Түлектердің мамандық таңдауына бағдар беретін ерекше жоба іске қосылды

Елімізде мектеп түлектерінің мамандық таңдауына бағдар беретін«Өмірлік бағдар» жобасы іске қосылды, деп хабарлайды baq.kz сайтына сілтеме жасаған degdar.kz...

«Eurasiаn Book Fair-2022» кітап көрмесі өтеді

Елордада «Eurasiаn Book Fair-2022» Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды baq.kz сайтына сілтеме жасаған degdar.kz порталы. 20-24 сәуір...