Сайт туралы

Бұл cайт күнделікті тіршілікке тән қуаныш пен реніш, жетістік пен жеңіліс тәрізді өтпелі құндылықтар мен арзан ақпаратты дәріптемейді.

Бұл уақыт сынынан өткен, қандай қоғам келсе де жойылмайтын, дүниенің ұстыны деуге лайық, жасанды емес, жасампаз, сондықтан да  мәңгілік құндылықтарды ұлықтайтын сайт.

Бұл әр адам үшін жып-жылы ата-ананың мейірімен бірге бала кезден бойға сіңіп, өскенде өмірінің өлшеміне айналуға тиіс адамгершілік мұраттарын, қазақи дәстүр-салтымыздың дәнегін егетін, соны насихаттайтын сайт. Өйткені, бүгінгі күні әлем де, адам да адамгершілікке сусап тұр.

Асыл мұраттарды өмірінің бағдары етіп, мінез-құлқының қабырғасына қалап, толыққанды өмір сүрудің кілті де осында. Өмірді бағалау үшін осы өмірдегі қымбатың не, — осыны айқындап алу маңызды.

Сайт қызметі қазақ және орыс тілдерінде бүгінгі күн талабына сай дүниетанымдық ақпарат тарата отырып, оны жіті талдап, сараптауға негізделеді. Осы бағыттағы логотерапиялық, әлеуметтік-психологиялық мәселелерді кеңінен зерттеу жұмысын үйлестіреді.

Олай болса, біздің сайт ұсынатын мәдени-рухани, дүниетанымдық ақпаратты қабылдай отырып, мейлі ол жас болсын, жасамыс болсын, оларды терең түйсіну арқылы өмірді бағалауға, болмыстан бақытын табуға ұмтылары сөзсіз. Сонда ол өмірді сүюге құлшынады, жерде жүріп, аспани биік құндылықтармен өмір сүреді. Ішкі жан-дүниесінің сұлулығын сыртқы әлеммен үйлестіре алады. Біздің көздеген мақсатымыз да осы.


Меню Меню