Алматыда инновациялық жобалар байқауы аяқталды

44843847_1982678212032894_6810165105917952000_n

Алматыда «Zhastar Innovation  2018» жобасы аясында өткізілген «Үздік инновациялық  жобаның» жеңімпазы анықталды. Ол Айбек Рахымовтың тұрмыстық қалдықтарды сұрыптауға арналған қораптары, яғни «Tazalyk» жобасы.

Жаңа бастама іс-шараға келген барлық  кәсіпкердің қызығушылығын оята білді. Себебі, қазіргі уақытта қоқысты тастағанымызбен, оны пайдаға жаратып жатқандар жоқтың қасы. Қажет десеңіз тіпті тұрмыстық қалдықтарыңызды саудаға саласыз. Иә, жоба авторлары қажетсіз қоқысыңыз үшін сізге қаражат төлейді. Жаңа стартап кез-келген дүниені керегімізге жаратуға болатынын тағы да түсіндіргендей.

DSC_0161

Ауқымды шараны Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысымен «Ел-шежіре» қоғамдық қоры ұйымдастырды.

Екі айға созылған байқауға қаладағы жоғары оқу орындарының студенттерінен 200-ге жуық жұмыстар келіп түскен. Оның ішінен ең жақсы деген 50 стартап таңдалып алынды.

DSC_0029

Қорытынды кеште жас кәсіпкерлер стартаптарын өндіріске енгізу мақсатында жиналған қонақтарға арнап көрме ұйымдастырған. Көрсетілім барысында Алматы қалалық мәслихатының депутаты Ләззат Қалтаева ханым жеке-жеке бастауыш кәсіпкерлеріміздің жобасымен танысып шықты. Өнертапқыштарымыздың талантына тан қалғанын және риза болғанын ерекше сөздерімен жеткізді.

44827995_1982677435366305_3475137234095570944_n

Ол «Бүгін мен жастарымыздың жалынды, мықты, талантты екеніне тағы да көзім жетті. Барлығының стартаптары бірінен- бірі асады. Ең бастысы барлық жобаның елімізге, халқымызға тигізер пайдасы мол. Бұгінгі жастарға қарап, болашақта нағыз кәсіпкерліктің іргетасы қаланбақ деп нық сеніммен айта аламын»- деп сөзін түйіндеді.

Айта кетейік, дәстүрлі түрде өткізілетін  «Zhastar Innovation» байқауының негізгі мақсаты – жастардың инновациялық белсенділігін арттырып, жаңа технология саласында маңызды жобалар жасап шығаруға бағытталған. Сондай-ақ инновациялық стартаптарына қолдау көрсетіп, ынталандыру. Үздік деп танылғанын өндіріске енгізу.

DSC_0419

Кеш соңында, қазылар алқасының шешімі бойынша жақсы деп танылған жұмыстарға танымал кәсіпкерлер демеушілік етіп, өз оқу орталықтарынан тегін курстан өтуге жолдамалар берді. Ал алғашқы орын ақшалай сыйлықпен марапатталды.  Сондай-ақ әлеуметтік жобаның бірі, жастар арасынан құрылған театр қойылымдарымен көрерменнің ерекше ықыласына бөленді.

 

Дина Иманбаева

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню