Алматыда жазушы Нұрдәулет Ақышпен кездесу өтті

DSC_0150

Алматы қаласындағы С.Бегалин атындағы балалар кітапханасында Астананың 20 жылдығына орай жазушы, ғалым, филология ғылымдарының докторы Нұрдәулет Ақышпен кездесу өтті. Іс-шараны Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының тапсырысымен «Ел-шежіре» қоғамдық қоры ұйымдастырды.

Кездесуде жазушы еңселі елорданың тарихы, қалай құрылғаны жайында жастарға көптеген мәліметтер беріп өтті. Сондай-ақ, Астананың кешегі мен бүгінін салыстыра отырып, 20 жылда жеткен жетістіктерімізге сараптама жасады.

«Осы жылдар ішінде еліміздің бас қаласы –терең тарихы бар қалаға айналып үлгерді. Бүгінде озық идеяларды, жаңа ғылыми шешімдер мен сәулет өнерінің керемет үлгілерін өмірге әкелді. Толғақты түйіндерді талқылайтын жаһандық орталыққа айналды»- деді.

DSC_0190

Бұған қоса, қаламгер «Астанамыз кезінде Ақмола болып тұрғанда да көптеген пікірлер айтылған. Шын мәнінде ғалымдардың зерттеуінше, Ақ сөзі «Батыс», мола  «Бекініс» деген мағынаны білдіреді екен. Осылайша қағанаттың батыс жағындағы бекініс деп аталыпты. Осы сияқты Астана атауына әлі де сын айтушылар көп. Жер бетінде «Астана» деп аталатын бізден басқа да бірнеше мемлекет бар. Бірі біз болсақ, тағы бірі Оңтүстік Кореяның астанасы Сеул қаласы және тағы басқа» – деп сөзін жалғастырды. Сонымен қатар Астана бүгінде расымен арман қалаға айналып, барлық халық жас қаламыздың қарыштап дамығанын көзімен көргісі келетінін айтты.

Сондай-ақ, «Біз қазақстанда туылып, қазақтың ұрпағы болғанымызға қуануымыз керек. Өйткені салт-дәстүрі, тәлім-тәрбиесі барлық жақсыны бойына сіңірген мемлекет қана қарқынды дами алады. Міне біздің бас қаламыз 20 жылда осындай мақтанып айтар дәрежеге жетті. Ал Алматымыз өз дәрежесін, мәртебесін жоғалтпады. Біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Бұны даму жолындағы алғашқы сатыларымыз десек те болады» – деді. Осылайша ғалым ұлтымыздың бұрынғы мен бүгінгі жағдай-жапсарын, себеп-салдарын толықтай қамтып шықты. Бұған қоса студент жастарымыз барынша белсенділік танытты. Тіпті белгіленген уақыттан асып, саналы сұрақтарына, тұшымды жауаптар алды.

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню