Алматыда саясаттанушы Расул Жұмалымен кездесу өтті

DSC_0632

Алматы қаласындағы А.П.Чехов атындағы кітапханада Астананың 20 жылдығына орай саясаттанушы Расул Жұмалымен кездесу өтті. Жиынды Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының тапсырысымен «Ел-шежіре» қоғамдық қоры ұйымдастырды.

Іс-шараның басты мақсаты –Астана әлемдік саяси шешімдердің орталығы бола алғандығын жастарға және қала тұрғындарына түсіндіру. Елорданы ауыстыру саяси дағдарыстың алдын алуға арнайы жасалғандығы жайында жүйелеп жеткізу.

Кездесуде Расул Жұмалы Астананың ішкі, сыртқы саясатын салмақтап, орамды ойларымен бөлісті. Сондай-ақ, «26 жылдық егеменді еліміздің  тәуелсіздік тарихында ең бір тұшымды, нәтижелі ұлттық жобасы осы Астанамызды ауыстыру болды. Мұны үлкен жетістік ретінде қабылдаймын. 1998 жылдың басында біз Астанаға көштік. Ол кезде нағыз орыстардың қаласы болатын. Қазақстан деген атауы ғана болмаса, кәдімгі Ресейдің бір провинциясында жүргендей күй кешетінсің. Ал қазір ше? Бұрынғыдан айырмашылығы, артықшылығы өте көп. Барлығын қазақыландырып нағыз лайықты елордаға айналды. Тіпті жан-жағындағы өңірлерге де әсері тиді. Ұлттық ұстаным, салт-дәстүр, әдет-ғұрып қалыптасты», – деп өткенің еске алып, бүгінге шүкірлік айтты. Бұған қоса, саясаттанушы еліміздің сындарлы, салмақты саясатына тоқталды. Әлем елдері мен өз мемлекетіміздің даму қарқынын, мәртебесін, мүмкіндіктерін салыстырды. Бүгінде даму жолында жүрсекте, бәсекеге түсіп, иық тірестіре алатын деңгейде екенімізді ерекше атап өтті. Сонымен қатар, Астананы көшіру –қазақ тарихындағы елеулі оқиғаның, маңызды шешімнің бірегейі екенің тағы да еске салды.

DSC_0665

Кездесу соңында қала қонақтары мен студенттер көкейіндегі сұрақтарын қойып, әңгімені әдемі өрбітті. Сонымен қатар, «Ел-шежіре» қоғамдық қоры атынан А.П.Чехов атындағы кітапханаға, Расул Жұмалыға «Алашорда фотоальбомы» атты кітап сыйға берілді.

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню