Ел игілігіне құнды кітаптар қосылды

Алашорда фотоальбомы

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Алашорда үкіметі мен Алаш автономиясының 100 жылдығына орай, «Ел-Шежіре» қоғамдық қоры шығарған екі кітаптың, атап айтқанда жазушы-ғалым Тұрсын Жұртбайдың «Движение Алаш» атты 3 томдық құжаттар жинағы мен Болат Мүрсәлімнің «Алашорда» фотоальбомының таныстырылымы өтті.

Бұл шараға елімізге белгілі қаламгерлер Жанболат Ауыпбаев, Берік Әбдіғалиев, Тұрсын Жұртбай, Болат Мүрсәлім, Берік Уәлилермен қатар «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының өкілдері, Монғолиядан келген қонақтар мен ЖОО-ның студенттері қатысты.

Шараны ұйымдастырушылар фотоальбом мен құжаттар жинағын шығарудың мақсаты – Алаш қайраткерлерінің өмірі мен қызметін ұлықтау, сондай-ақ олардың тәуелсіз елімізге қосқан ұшан-теңіз еңбегін насихаттау екенін жеткізді

Болат Мүрсәлімнің «Алашорда» фотоальбомында Алаш арыстарының отбасы мүшелерімен, бірге оқыған достарымен, қызметтестерімен және түрлі дәрежедегі басқосулармен   түскен 400-ге жуық фотодеректер бар. Әрбір суретке қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде түсініктеме жазылған. Фотодеректер республикалық архивтермен қатар, Мәмбет Қойгелдиев, Болат Мүрсәлім, Тұрсын Жұртбай, Берік Әбдіғалиев сынды алаштанушы ғалымдардың жеке мұрағаттарынан да алынған.

Ал, Тұрсын Жұртбайдың «Движение Алаш» 3 томдығында Алаш арыстарының сотқа тартылғандығы мен оларды тергеу ісі жөнінде мұрағаттардан алынған құпия құжаттар туралы деректер беріледі.

Алашорда фотоальбомы 2

Жарыққа шығып отырған бұл кітаптар оқырман таңдамайды. Әсіресе, жастар үшін маңызды екені анық. Ел тәуелсіздігінің негізі ұстындарын қалап кеткен арыстардың өмір жолынан өнеге алады. Бойларындағы патриоттық сезімі артады.

«Ел-Шежіре» қоғамдық қоры шығарып отырған құнды кітаптарға «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры демеушілік жасаған.

Тұрсын Жұртбай, жазушы-ғалым:

Алаш» идеясы – мен үшін мәңгілік идея болып саналады. Ол қазақ халқының құндылықтарын өн бойына сақтаған идея болғандықтан, мен соның аясында тәрбиелендім. Біз «Самұрық-Қазына» Қорына және оның басшысы Өмірзақ Шөкеев мырзаға жинақты жарыққа шығаруға қаржылай қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреміз

Елнұр Ғабитұлы, студент:

Фотоальбомда мен білмейтін біраз қайраткерлер бар екен. Әрбірсуретке дәйекті түрде үш тілде түсінік берілгені қуантты. Біз секілді жастарға ағылшын тілін үйренудің маңызы артып келе жатқан уақытта, бұл кітаптан рухани азық қана емес, ағылшын тілін меңгерудің алғышарттарын жасап алуға болады.  


 

Жасұлан НАУРЫЗӘЛІ

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню