Надандық синдромы

14485075_1831619990457499_5585246103090213623_n

Қыркүйек айының ортасында қызық болды. Таңертең телефоным толғай жөнелді. Алсам Абзал екен.
— Тыңдап тұрмын, Әбеке?
– Сәке, әңгіме былай. Стамбул шәрінде 26-28 қыркүйекте ЮНЕСКО-ның бастамасымен Яссауи іліміне арналған симпозиум болады. Соған мені шақырған.
– Ал?
– Соған мен емес, сен барасың!
– Неге мен? Мың-миллион шаруам бар. Сіз сияқты ерігіп жүргем жоқ. Онсыз да Яссауидің зікірімен шұғылданып жүрген ярый зикристпін. Теорияның маған не керегі бар? Барсаңыз өзіңіз барыңыз.
– Жоқ, Сәке, сөзді қысқарт. Модерн дәруіш 21 ғасырда практикамен теорияны ұштастыру керек. Қызықсың, жынды адам сияқты басыңды төрт тарапқа шұлғи бергенде не түседі? Ғалымдар не дейді, не жаңалық ашылып жатыр, қандай қолжазба табылды – соларды барлап қайтпайсың ба? Зікіріңді келген соң да айта бересің. Бару, келу билетің менен. Сен тек қонақ боп барып, тыңдап қайтасың, – деп адвокат мырза бұйрықтың талқыланбай, тек орындалатынын қатқыл үнімен ұқтырды. Басшыдан қатаң пәрмен түскен соң, мен ақкөңіл, байғұс, бейшара, сорлы, аңқылдақ не дейін, мақұл дедім амалсыз))))))) Тем более билетіңді алып берсе «бармаймын» деп қалай айтасың, дұрыс па?)))))))
– Хош, – деп симпозумға екі күн қалғанда дорбамды асынып сапарға шықтым. Таңғы 6-да әуежайда ұшаққа мінгелі кезекте тұрмын. Бар қызық осы арада басталды. Аласа бойлы, ақсары бір жас жігіт талон алуға жақындап келді де:
– Аға, сіз де Стамбулға ма? – деді.
– Иә, – дедім.
– А, мен де сол жаққа
– Өзіне ме?
– Жоқ, әрі қарай Конияға кетем.
– О, жақсы болды, мен де Конияға барам, сосын.
– Конияға не үшін барасыз? Сол жақта оқисыз ба?
– Жоқ. Конияға зияратқа барамын, – дей салдым қайтер екен деп.
– Зиярат? Астағфируллаһ! Аға, дереу үйіңізге қайтып, қайтадан ниет етіп шығыңыз. Мынауыңыз болмайды, – деді көзі алақандай боп.
– Неге?
– Қажылықты Меккеде ғана жасайды. Мынауыңыз – күнә!
– Әй, сенің есің дұрыс па, өзі? Қажылыққа емес, Кониядағы Румидің дүрбесіне зияратқа бара жатырмын.
– А, зиярат па? Онда болады… Сонда қалай, зияратқа бола сапарға шықтыңыз ба?
– Тек ол емес. Сондағы дәруіштердің зікіріне қатысып, ракс самға билеп қайтам. Шыр көбелек айналып Тәңірді зікір етем, – дедім де, реакциясын бақылап, түріне қарадым. Ол көздерін жыпылықтап, сөздерімді қорыта алмай аздап абыржып қалды. Ішімнен «Осы бәтшағар Румиді тани ма өзі?» деп күмәнданып тұрмын. Сосын:
– Сен не істейсің ол жақта? – дедім.
– Мен дін, шариғат, Құран, хадис оқимын, – деді ол. «Дін оқыса Румиді білу керек» деп қоям. Сөйткенше ұшақтың есігіне жеттік те, орын іздеп бөлініп кеттік. Ең соңына барып жайғастым. Артында жолаушы аздау екен, бос тұрған үш орынға жатып алып ұйқыны соқтым. Бір сағаттан соң ояндым да, жуынып орныма қайтадан жайғастым. Ұйқым қанып сергіп қалыппын. Кенет «Қалайсыз аға?» деген дауыс естілді. Қарасам әлгі сары екен.
– А, өзің қалайсың? – деп түріне зер салдым. Арнайы іздеп келгені көрініп тұр. «Адасып жүрген мына бейбақты тезірек тура жолға салып, сауапқа бір батайын» деген ниетін көзінен оқып-ақ тұрмын. «Ақыры уақыт көп. Қол бос. Уағызын неге тыңдап көрмеске?!» дедім ішімнен. Сөйттім де:
– Отыр мұнда, – дедім. Ол қуанып кетті де құнжың-құнжың етіп, қасыма кеп жайғасты.
– Сонымен дін оқимын де?
– Иә, – деді маңызды дауыспен.
– Онда сұрақ. Жауап бере аласың ба?
– Иншалла, тырысып көрем. Сұраңыз!
– Құдайдың адамды жаратуында не мән бар? Бізді не үшін жаратты? Өлгенше істеп үлгеруге тиіс қандай да бір мақсат-мұрат бар ма? Адамның адамдық борышы не? Бізге Тәңірдің тарапынан қандай да бір міндет жүктелген бе? – дедім. Ол аузы ашылып, аңтарылып бірнеше секунд отырып қалды. Сосын «мынаның ақыл-есі бүтін бе?» дегендей бет-әлпетімді аңтарыла шолып шықты да:
– Аға, бұ не сұрақ? – деді.
– Кәдімгі сұрақ. А, не бұлай сұрауға болмай ма?
– Тоқтаңыз, сіз өзіңізді Алланың жаратқанын білесіз бе?
– Білем деп толық айта алмаймын.
– Қалайша айта алмайсыз? Сонда не, «Алла жаратқан жоқ» дегіңіз кеп тұр ма?
– Жоқ, мен ештеңе дегем жоқ. Мен тек «Алланың мені жаратып жатқан сәтін көргем жоқ» дегім келеді. Расында солай емес пе? Алла мені жаратып «Санжар мынау қолың. Мынау басың» деп дене мүшемді жеке-жеке балшықтан илеп жатқанда қасында тұрғам жоқ қой. Олай деп Адам ата айтса жарасады «Алла мені былай жаратты» деп. Біз енді шешемізден тудық қой.
– Астағфирулла!!! Не деп кеттіңіз? Құдай-ай сақтай көр! – деп сыйынып алды да, – сіз өзі мұсылмансыз ба?-деді екі көзі алақандай болып.
– Солай шығар, – дедім.
– Қалай солай шығар? Дініңізді білмейтін не қылған адамсыз?
– Енді мен дінді таңдағам жоқ қой. СССР кезінде туып, өстім. Ата-анам «біз мұсылманбыз» деді. «Е, болсақ болармыз» дедім те қойдым. Соған қарағанда мұсылман болсам керек. Жарайды, оны қоя бер. Мәселе ол емес. Жаңағы сұрақтың жауабы не болды? Не істейтін болдық сонымен?
– Аға, сіз ол сұрақты қайдан алдыңыз? Кім үйретті сізге олай сұрауды? –
деді қатты мазасызданып. Виктор Франклдың “The will to meaning” (Мәнге деген қалау) деген кітабын алдына қойдым да:
– Міне, мына кітаптан алдым. Бұл сұрақты мына ғалым кісі қойып жатыр. Жауабын осы кітапта іздейді. Соны бәлкім сен білетін шығарсың. Қанша дегенмен Конияда дін оқып жатсың дегенім ғой, — дедім.
– Бұл кім? Мұсылман ба?
– Дінін анық білмедім. Бірақ Австрияда туған еврей ғалымы. Бәлкім иудей шығар.
– Е, енді түсінікті болды. Солай деңіз, – деп жақтырмай қалды.
– Сонымен, жауап не болды?
– Аға, ол былай. Құдай Құранда пәлен сүренің түген аятында «Мен жын мен адам баласын Маған құлшылық ету үшін жараттым» деген.
– Ал?
– Не ал? Сол. Құлшылық үшін жараттым деп тұрған жоқ па?! Ораза ұстап, зекет беріп, намаз оқып құл боп өтесіз Құдайға. Сол сіздің міндетіңіз.
– Басқа жоқ па? Осымен бітті ме?
– Иә, да. Осының өзі білесіз бе, неше сауап?
– Онда Еуропа жұртының міндеті не болды? Олар бұл міндеттен ада боп жүре бере ме солай? Біз ғана ма намаз оқып құл болатын?
– Иә, негізі олар да намаз оқу керек. Бірақ Алланы мойындамай жүр ғой.
– Мойындап намаз оқыса не болады?
– Күшті болады!
– Олар онсыз да күшті ғой. Қарашы Сирияда соғыстан безген неше миллион босқынды далада қаңғытпай, еліне кіргізіп алды. Мемлекеттері жайнап тұр. Кірсең шыққың келмейді. Бұдан артық не мұсылманшылық керек саған?
– Пайғамбар бір хадисінде «Бұ дүния кәпірлерге жәннат, Мұсылмандарға тозақ» деген. Сондықтан Еуропа жаққа қызықпай-ақ қойыңыз.
– Сонда сен тозақта жүрсің бе? Мына дүние саған тозақ сияқты ауыр көріне ме?
– Солай десе де болады, – деп айтарын айтты да, ыңғайсызданып қалды. Мен де оны жіңішке жерінен ұстадым.
– Сен Конияда тегін оқисың, солай ма?
– Иә.
– «Қайда тұрам? Не ішем? Не жеймін?» демейсің. Үш мезгіл тегін тамақ. Бару келуің тегін, – деп едім, ол:
– Аға, бұ жолы бару билетін өзім сатып алдым,-деді.
– Ал? Сол ғана ма? Жол шығының әрі кетсе 210 доллар делік. Сен не осы шығынды тозаққа теңгеріп тұрсың ба? – деп бұрышқа қамадым. Ол үнсіз отырып қалды. Сөзден ұсталғанын білді. Кенет есіне бір нәрсе түскендей маған жалт қарап:
– Аға, шыныңызды айтыңыз, Румидің басына бала тілеп бара жатқан жоқсыз ба? Олай болса бірден ескертем. Ол — үлкен күнә! Баланы тек Алла береді. Өлгендер керісінше біздің дұғамызға мұқтаж, – деп тың тақырып бастады.
– Жоқ, айттым ғой саған зиярат етемін де, Румидің әруағына Құран оқып, сосын дөңгелеген зікірлеріне қатысам да қайтам деп. Кстати, ол жаққа барып әулиеден бала тілеуге менде мұқтаждық жоқ. Онсыз да 7 балам бар. Екіншіден, мұқтаж болған күннің өзінде жердің түбіндегі Конияға барып не керек? Ондай бала сұрап алатын жер өзімізде де толып тұр ғой.
– Қалай толып тұр? Баланы қайдан алмақшысыз? Баланы тек Алла береді!
– Жоқ ей, тұр ғой бізде де Арыстан баб әулие деген. «Арыстан бабқа түне, Қожа Ахметтен тіле» деген атаң қазақ. Арыстан бабқа бір түнеп, Яссауи атаңның басында жатып тілек тілесең, Алла тілегіңді қабыл етіп, бала беруі әбден мүмкін.
– Құдай-ай сақта гөр! Ол мүмкін емес! Олар ештеңе де бере алмайды. Бұл жалған әңгіме. Қайтыңыз райыңыздан, – деп жалынуға көшті.
– Неге? Байбөрі деген Қоңыраттың бір байы жердің жүзін қыдырып, етегін шеңгел сыдырып, әулиенің кені – әзіреті Қаратаудың екі бетінде түгел түнеп жүріп, бар малын шығындап, ақырында Алпамысты Баба түкті Шашты Әзиз әулиенің басында түнеп жатып Тәңірден сұрап алмай ма? Шашты Әзиздің өзі ортаға түскен соң Алла тағала Байбөріге Алпамысты сыйлаған жоқ па? Ұл ғана емес, еще қасына Қарлығаш деген қызды қоса берді. Не болды саған сонша жанұшырып?
– Мұны қайдан алып айтып отырсыз?
– Алпамыс жырынан.
– Оның иснадтары бар ма хадис сияқты?
– Жоқ. Бірақ жыршылар арқылы ауыздан ауызға жеткен ғой. Одан артық қандай иснад керек?
– Қалай сенесіз ондай өтірікке?
– Сен де жүрсің ғой ойдан шығарылған неше мың хадиске сеніп. Сонда
жазбасыз жеткен жалған хадиске сенсең сауап та, жыршылар жеткізген ауыз әдебиетіне сенсем күнә бола ма? Қатырады екенсің?
– Аға, олай демеңіз! Мен тек сахих хадистен айтам. Оны ғұламалар бекіткен. Сахих хадис тек Бухариде!
– Құранда «Ертең жалған хадис көбейеді. Сол кезде тек Бухаридің хадисіне сеніңдер» деген аят бар ма?
– Жоқ, Құранда ондай аят жазылмайды ғой.
– Онда қалай сенесің? Егер бұл өте маңызды нәрсе болса Құдай неге солай деп Құранда ескерте салмады? Мысалы «ауыз әдебиетіне сенбеңдер. Бухариден жеткен хадистерге ғана сеніңдер» деп Құранда бір ғана аятта айтып кетсе бітіп жатыр ғой проблема. Дау да тыйылады, дауыл да басылады, – дедім. Ол тағы да шарасыз отырып қалды. Сосын есін бір жинап алды да.
– Сізді құртқан ана еврейдің кітабы. Сондай кәпірдің кітабын оқисыз да, отырасыз осылай күмәнға шатылып. Хадиске сенсеңіз ғой, бәрі басқаша болар еді, – деді таусылып.
– Жарайды. Жырды жақтырмайды екенсің. Онда саған әулиенің шарапаты туралы қызық қисса айтып берейін?
– Не? Не айтып берем дедіңіз?
– Қисса дейім.
– Ол не қисса деген? Иснадтары бар ма оның?
– Қайдағы иснад? Қиссада иснад та, қисын да болмайды. Қиссада тек хикмет болады! Орысша смысл дейді оны.
– Онда аға, ренжімеңіз! Бірден айтайын. Иснадтары болмаса жалған сөйлеп тозаққа түсіп кетуіңіз мүмкін. Айтпады деп жүрмеңіз.
– Жарайды, ескерткеніңе рақмет, – дедім де қиссаны бастай бердім. – Баяғыда Мұса пайғамбардың қауымында бір шал мен кемпір бопты. Алпыстан асса да екеуінде бала болмапты. «Қубас» деген сөз арқаларына аяздай батады екен. Бір күні кемпірге ой түсіп «Әй, шал-ау, өмірден осылай өтеміз бе, бала сүймей? Ана Мұса деген басшымыз пайғамбар ғой. Тұр тауында Тәңірмен тікелей тілдеседі. Соған өтініш айтып көр. Арызыңды Аллаға жеткерсін. Қанша дегенмен пайғамбар ғой, бәлкім сөзін жерге тастамай Тәңірім бізге бір бала беріп қалар» дейді. Шал кемпірдің тілін алып Мұсаға барыпты, – деп қиссаны енді қыздыра бергенде:
– Аға, бұл әңгіме қайдан шығып жатыр? Кімнен алып айтып отырсыз? Құранда жоқ қой бұл оқиға? – деп безек қаға бастады.
– Қайдан алғаны несі? Аталарымыз арқылы ауыздан ауызға жеткен аңыз-әпсана ғой. Қариялардың әңгімесінен айтып отырмын.
– Құдай-ай сақтай гөр, мына ағам не деп кетті!? – деді де екі қолын тас төбесіне қойып, көз алдымда еңкейіп шөге берді. Мен болсам әңгімені әрі жалғап:
– Содан не керек, шал барады ғой Мұсаға әлгі жерде. «Неге келдіңдер?» дейді пайғамбар. Шал арызын жеткізеді. Мұса «Алланың ісін пайғамбар болжап білмейді» деген. Арызыңды жеткізем. Бірақ ұрпақ боларына гарантия бере алмаймын. Алла өзі шешеді. Мақұл ма?» деді. Шал «Хошпын, Мұсажан. Бар өнеріңді салшы, айналайын. Өлгенше ең болмаса сәби иісін иіскеп кетейік кемпірім екеуміз» деді. Содан Мұса тауға шықты. «Неге келдің?» деді Тәңірі. «Жұртымда ұрпақсыз қалған екі бейбақ бар. Соларға бір нәресте қисаң. Бейшаралар әбден қиналып өлді» деді. Алла тағала «Жоқ, Алланың әмірі екі болмайды. Мен әу баста оларға ұрпақсыз тағдыр жазғам. Сол әмірім өзгеріссіз қалады. Құр босқа уақытыңды өлтірмей кері қайт» деді. Мұса жұртына оралды. Шал хабарын сұрады. Мұса басын шайқады. Шал көз алдында қайғыдан шөгіп кетті. Пайғамбар жаны ашып «Әулие Құдай емес, Құдайдан былай емес» деген. Мына таудың күнгей бетінде Шайхы Бұрқы деген бір қазақ бар. Оны жұрты әулие дейді. «Шайдан басқа асы жоқ, Құдайдан басқа досы жоқ» нағыз диуана. Соған да бір барып көріңдер. Бәлкім ол бір амал қылар. Оның да дұғасы қабыл болса ғажап емес. Өзі бір мықты қазақ» деді Мұса, – дей бергенімде серігім шыдай алмай:
– Аға, мынауыңыз өтірік енді. Мұсаның кезінде қайдағы қазақ? Шайхы Бұрқы дегенді қайдан тауып алдыңыз? Дәлелі қайда? Құранда жоқ затты неге айтып отырсыз? – деп безек қақты.
– Өзің қызық бала екенсің. Бұл қазақтардың қиссасы ғой. Қисса да бәрі де болады. Мұса да, Шайхы да қатар өмір сүре береді. Мысалы Қыдыр ата мен Мұсаның бірге жүргені сияқты.
– Аға, тозаққа түсесіз. Болды, доғарыңыз мына әңгімені. Сұмдық күнәға батып жатсыз, – деді одан сайын жаны қалмай қалшылдап.
– Тоқтай тұр. Ақыры бастадым ғой. Ақырына дейін айтып бітейін. Бұл қызық қисса. Сөзді бөлмей соңына дейін тыңдасаңшы.
– Ақиретте сіз үшін жауап бермейм. Өзіңіз жауап бересіз, мына жалған әңгімеңізге.
– Жақсы, уайымдама. Ақиретте осы қисса үшін періштелер тергеп жатса сені ұстап бермеймін. «Бұл бала адам сияқты ескертті. Өзім қасарып тыңдамаған» деп саған араша түсем. Оның үстіне әділетті Құдай сені менің талауыма тастап қойып, қарап тұрмас ол жерде. Құдай бұл ақ ниетіңді, адал пейіліңді көріп тұр. Оған қам жеме. Одан да қиссаны тыңда, – дедім де жалғай бердім. Ол болса екі қолын төбесіне қойып, құлағын жауып еңкейе берді. Оның осы ейкейген отырысы басын құмға тыққан түйеқұсқа қатты ұқсап қалды.
– Содан не керек, шал артынып, тартынып таудың арғы бетіне кетті. Онда бір шәйла тұр. Ішінде бір қазақ «Алла Һу, Алла Хай» деп Аллаға зікір айтып, құлшылық етіп отыр екен. Шал «Е, дәу де болса Шайхы Бұрқы осы болар» деді де дыбыс берді. Шайхы тысқа шығып, амандасып оны үйіне кіргізді. Сосын «шаруаңды айт» деді. Шал айтты.
– Сол-ақ па келген шаруаң? Басқа мәселе жоқ па? – деді әулие. Шал:
– Иә, бір ұл не қыз болса басқа арман жоқ біз пақырда, – деді.
– Бір бала аз емес пе?
– Біз қартайған адамбыз. Біреу де жетеді. Құдайдан бала сұрап әпере аласың ба?
– Неше бала керек, сонша сұрап әпере аламын. Бірақ сенің балалы болғаныңды көрсе Мұса ренжиді ғой. Оны не істейміз?
– Неге ренжиді?
– «Пайғамбар сұрағанда бермеді. Жәй Шайхы сұрап еді, бере салды» деп көңіліне алса ше?
– Мұсаның көңіліне қарап, баласыз өтер жайым жоқ. Әпере алсаң тезірек сұра, – деді шал шыдамсызданып.
– Болды, сәл сабыр ет. Мен Тәңірге арызыңды жеткізіп келейін, – деді де шығып кетті. Михрабына келіп, қолын жайып:
– Уә, кәміл Достым! Мына бейбақ мені алыстан іздеп кепті. Бейшараны зарықтырмай тезірек ұрпақпен қуантсаң еді, – деп Тәңірге дұға етті. Алла тағала:
– Құлым, әуре болма! Оларға әу бастан ұрпақсыз өтесің деп тағдыр жазғам. Үкім енді өзгермейді, – деп дұғасын қабылдамай тастады. Шайхы көңілі пәс тартып:
– Жарайды, онда, Саған ренжідім. Өзің осынша кең, жомарт, бай Құдайсың. Бір баланы көп көріп не болды сонша? Ұлықтығыңа мүлде жараспайды. Бүгіннен бастап Сені есіме де алмаймын, намаз да оқымаймын, ораза да ұстамаймын. Достықты үзем. Мен кеттім, – деп теріс қарап кетуге айналады. Сол кезде ұлық Алла:
– Жарайды, досым, не болды сонша шарт кетіп? Ұл ма, қыз ба керегі? – деді Рахман сипатына ауысып.
– Бес ұл, бес қыз нәсіп қыласың.
– Болды, достым! Дегенің болсын. Бердім! Шайхы қуанып шәйласына келді де:
– Ақсақал, еш алаң болмаңыз. Жомарт Иеміз ұрпақ берем деді. Құдай қаласа кемпірің он бала туады.
– Ойбай, ол қартайғанда бәрін қалай табады? Кемпірім өліп қалмай ма?
– Жоқ, өлмейді. Құдайдың құдіретімен он баланың анасы атанды.
Баланы көпсінбеңіз. Сонша жерден арып-ашып келген соң ұрпақты молынан алған жақсы, – деді. Шал қуанып еліне қайтты. Кемпірден сүйінші сұрады. Кемпір он жылда он балалы болды. Ел-жұрты әрі таңғалды, әрі қатты қуанды. Бірақ бұл оқиға Мұсаның көңіліне қаяу салды. Ішінен «Құдайдың мұнысы несі? Пайғамбар маған бермеді. Шайхы сұрап еді топырлатып бере салды. Себебі неде екен?» деп қамықты. Тәңірі тағала оны көріп.
– Мұса сен ренжіме. Шайхы Бұрқының арызын қайтармаған себебім мынада. Сені қой бағып жүрген жеріңнен пайғамбар етіп таңдадым. Қасыңа мықты жігіттерден нөкер сайладым. Бір емес екі бірдей мұғжиза бердім. Аса таяқтың құдіретімен перғауын патшалығын құлаттың. Әскерін теңізге қарық қылдың. Жұртыңды құлдықтан азат еттің. Киелі өлкеңе оралдың. Басыңа бақ, астыңа тақ қондырдым. Патша етіп мерейіңді асырдым. Қазір шылқыған байсың. Мыңғырған малың бар. Осының бәрін саған тегін бердім. Енді ана Шайхы Бұрқыға қарашы. Не пайғамбар емес, не патша емес. Мұғжизасы жоқ. Тым болмаса ел жұрты жоқ. Жалғыз өзі өмір сүреді. Менің дидарымды көремін деп тақыр кедейге айналды. Оның Менен басқа байлығы қалмады. Енді Менен айрылса оның несі қалады? Осындай адал досымның бір арызын жерге тастасам құдайлығым қайда қалады? Осы себепті Шайхы Бұрқының айтқаны екі болмады. Арызын қабыл қылдым деген екен, – деп барып тоқтадым. Қиссаны өзім айтып, өзім одан зор әсер алып рахаттанып отырмын.
– Қалай, інім, керемет қисса емес пе? – деп қоям. Ол болса алдыңғы орындықтың астына басын тыққан қалпы:
– Аға, біттіңіз! Тозаққа кеттіңіз. Түгел ойдан шығарылған, шылқыған өтірік. Тәубе етіңіз тез. Алла кешірімді. Қазір тәубе етсеңіз мына күнәңізді кешеді. Алланың атынан, пайғамбар атынан сөйлеп отырсыз, – деп қинала күбірлейді.
– Әй, қой өй деме! Ұят болады. Мен де сенің қисыны жоқ жалған хадистеріңді өлмей-ақ тыңдадым ғой. Не болды сонша, қиссаға сонша қиналып? Болды, көтер басыңды. Енді қисса айтып жаныңды қинамаймын. Саған тағы сұрағым бар?
– Сұраңыз.
– Сен бағана әулие біздің дұғаға мұқтаж дедің, солай ма?
– Ия, солай.
– Енді Румидің әруағы менің дұғама мұқтаж деп басына барып Құран оқып тұрасың ба?
– Жоқ.
– Қалай жоқ? Бір рет болсын барған шығарсың? Оның қабірі Конияның
қақ ортасында жатыр ғой?
– А, білмейді екем.
– Әй, сен өзі Мәулана Румиді танисың ба? Білесің бе кім екенін?
– Жоқ. Білмеймін. Кім ол?
– Сен Конияда төрт жыл оқып, Руми туралы ештеме естімеген қандай молдасың өзі?
– Кім ол сонша? Біз Конияда тек Құран оқимыз. Одан артық не білім керек?
– Тоқтай тұр сен бала. Сені Қазақстаннан Конияға дін оқуға кім жіберді?
Өзің келдің бе, әлде бір орталық жіберді ме?
– Мені муфтият жіберген, – дегенде талып қала жаздадым. Ішегімді созып тұрып:
– Сені елдің муфтияты жіберіп отыр ма? Сонда саған Руми туралы тырс еткен ақпарат бермеген бе? Төрт жылдан бері Кониядағы ходжаларың бір рет болсын «Біздің қаланы бүкіл жер шары біледі. Ислам әлемінің ең жарқын данышпандарының бірі, ой маржанын терудің нағыз шебері, жүрек көзі ашылған әулие, мұсылман жұртын Батыс әлеміне мақтанышпен таныстырған ең атақты жарқын тұлға Жалладдин Мәулана Румидің мүбәрак денесі біздің Кония қаласына жерленген» деп мақтанышпен айтпай ма? Ол басын шайқап:
– Бірінші рет естіп отырмын. Кім ол Руми? – деді. Бұдан соң әңгімеге зауқым соқпады. Көңілім су сепкендей басылды. Оған қарап:
– Ертең елге барып халықтың көзін ашасың ба сонда? Румидің «Мәснеуиін» оқымасаң Исламды не деп ұқтырасың жұртқа? Халықтың жүрегіне қалайша жол табасың? Кониядағы Исламның нағыз жауһарын Қазақстанға әкеле алмасаң, сонда не Таяу Шығыстың надандығын әкелейін деп жүрсің бе? Төрт жыл не бітірдің?
– Ходжаларым не үйретті, соны оқып жүрмін. Өйтіп қара аспанды төндірмеңіз. Біздің де елде Ерсін Әміре, Сансызбай ұстаз, Арман Қуанышбаев сияқты әлемдік деңгейдегі ғұламалар бар. Олар любой сұрақты шағып тастайды. Просто, мен әлі жаспын. Сұрақтарға жауап бере алмай жатырмын. Бірақ мен елге қайтпайтын шығармын. Осында қалам.
– Неге қайтпайсың?
– Не істеймін елге барғанда? Қазақстанда кілең сіз сияқты орыс пен еврейдің кітабын оқып алғандар өріп жүр. Не ақиретке, не хадсиске сенбейді. Не намаз оқымайды. Қайдағы жоқ сұрақпен басыңды қатырады. Одан да Конияда мұсылмандардың арасында намазымды оқып, оразамды ұстап, Құранымды жаттап, сауапқа бате-е-е-е-п жүре бермеймін бе!
– Сен жаңа «Ойбай, бұ дүние момындар үшін тозақ. Бүкіл рақатты кәпірлер көреді» деп едің. Енді неге рақатқа қарай қаштың? Баяғының дәруіші сияқты бір жапырақ қатқан нанды беліңе байлап кетпейсің бе қаңғып, елді иманға шақырып? Шет елде қала берсеңдер бізді еврейдің кітабын оқып уланудан кім құтқарады?
– Аға, болды. Басымды қатырмаңыз. Ақиретте әркім өзіне жауап береді. Адам сияқты ескерттім. Сізді Алла жаратты дедім ба дедім. Намаз оқыңыз дедім бе дедім. Қалғанын өзіңіз шешесіз. Мен міндетімнен құтылдым, – деді. Үнсіз отырып қалдық. Кенет оның достары туалетке кезекке кеп тұрды. Ол олармен тілдескен болды да, менімен қоштасып тайып тұрды. Стамбулға келдік. Түстік. Транзит зонада тұрмыз. Сөйтсем бұлар 4-5 жігіт екен. Бәрі де Конияда оқиды. Қарап тұрғанша уақыт өлтіріп тұрайын дедім де қасындағы екі жігітті шақырып алдым. Таныстым. Жөн сұрастық. «Сендерді де муфтият жіберді ме?» деймін. Олар «Иә» дейді. Сосын классикалық сұрақты оларға да қойдым. Не айтарларын білмей үнсіз тұрып қалды. Сол кезде самолеттағы «серігім» жетіп келді де:
– А, сендерді де сұрақтың астына алды ма? Мен бұл ағамен бірге келдім. Сұрақтары өте опасный. Жоламаңдар. Еврейдің кітабын оқып алған. Адамды иманнан айырады. Иснады жоқ қисса деген бір демесі бар. Соны айтып адастырады. Тіпті бұ кісі өзінің мұсылмен екенін, я емес екенін де білмейді. Мен кеттім, – деді де жоқ боп кетті. Ана екеуі не істерін білмей тапжылмай тұр. Мен:
– Менде бір сұрақ бар. Жауабын таппай жүрмін. Соны Кониядағы ходжаларыңнан сұрап біліп бересіңдер ме? – дедім.
– Айтыңыз, аға. Сұрап көрейік, – деп жалпылдай қалды.
– Баяғыда 13 ғасырда Мәулана Руми 400-ге жуық сендер сияқты жастарды Ислам іліміне оқытады екен. Бір күні оның медресесіне бір диуана келеді де тамақ сұрайды. Руми аспаздарға айтып ас алдырып тойындырады. Диуана тойған соң «Хазірет, кешірерсіз, бір сұрағым бар» дейді. «Иә, сұраңыз» дейді Руми. «Осы 400 баланы қамап ілім оқытқандағы мақсат не? Бұның соңғы нәтижесі не болмақ?» дейді. Руми ойланбастан «Адал мен арамды айыру» дейді. Сонда қаңғыбас тұрып етегін қақты да «Ой, Құдай-ай сендер де дым білмейтін надан екенсіңдер-ау. Сендерді бір нәрсе білген соң оқып жатыр деп келсемші мұнда» дейді. Руми оның сөзінен ауыр соққы алып, есеңгіреп қалды да «Онда сіз айтыңыз. Оқуда мақсат не болу керек еді?» дейді – деп бір тоқтатадым. Сосын екі жігітке қарап: – Жігіттер, қалай ойлайсыңдар, диуана Румиге не деді? – дедім. Екеуі де біраз үнсіз тұрды да:
– Шыны керек аға, білмедік. Барған соң ходжамыздан сұрап көрейік, – деді.
– Давай, сөйтіңдер. Сұраңдар. Ақыры жастық шақтың осыншама жалынды кезеңін бұл ілімге арнаған соң, оның ақырғы нәтижесі де қомақты болуы тиіс. Осыншама зайырлы қоғамнан кесіліп, рахат пен қызықтан, құмар мен ойыннан, сауық пен сайраннан безінгенде оның қарсысына тұрарлықтай ұлық нығмет алған жөн болар. Солай емес пе?
– Иә, иә, солай ғой, – деді екеуі. Сол кезде бағанағы сары тағы келді де:
– Ей, жігіттер бұл адам опасный деп айттым ғой жаңа. Кетейік жүріңдер. Басқа секцияның паспорт контролынан өте саламыз, – деп достарын ертіп алды да, зым-зымиян жоқ болды. Сол кезде мен де өзімнің контроль постқа жетіп қалған едім.

Санжар Керімбай

Пікір

  • Аманатқа қиянат-ортақ қосу туралы.
    Інжіл жазбасынан елшілерге арнау; «Күнәға қарсы тойтарыс берген күрестеріңде сендер әлі де қандарыңды төгіп, жандарыңды пида еткен жоқсыңдар. Көріп жатқан азаптарыңды тәрбие ретінде шыдыңдар. Құдай сендерге рухани баласына қарағандай қарайды. Әкесі түзетпейтін бала бола ма? Барлық сенушілер соны бастарынан өткізеді. Егер сендер осылай тәрбиеленсеңдер, онда Оның шынайы рухани балары болғандықтарың. Туған әке-шешелеріміз бізді тәрбиеледі, біз оларды қастерлеп, сыйлап келеміз. Ендеше шынайы өмірге ие болу үшін көктегі рухани Әкемізге одан бетер бағынуымыз керек емес пе? Әке-шешелеріміз өз пайымдауларынша шектеулі уақыт аралығында жазалап та тәрбиелесе, Құдай бізді нағыз игілігіміз үшін басымызға қиыншылықтар туғызып тәрбиелейді. Осылайша Өзінің қасиетті болғанындай бізді де қасиетті етуді көздейді. Кезінде әрбір жаза қуаныш емес, реніш туғызады. Ал соны басынан өткізіп тәрбиленгенге ол кейінірек әділдік пен тыныштықтың игілікті жемісін береді. «Балам, Тәңір тәрбилегенде Онысын менсінбей жүрме, Ол сені жөнге келтіргенде, еңсең түсіп жүнжіме! Иеміз сүйетін әркімді Түзетіп тәрбиелейді де, Бауырына басқан баласын да. Жазалайды қажет болғанда». Сонымен салдырап, дәрменсіз қалған аяқ-қолдарыңның буындарын бекітіп, еңселеріңді көтеріңдер! Рухани жағынан әлсіреген бауырластарыңның адаспай, сауығып кетулері үшін «түзу жолмен аяқтарыңды нық басып жүріңдер!» Сондай-ақ Құдайдың «құрлышысыңдар». Әр құрлысшының істеген жұмысының сапасы Мәсіх үкім шығарған күні айқындалады. Сол күні әркімнің еңбегін от сынап, шынайы сапасын әшкерелейді. Кімнің салғаны отқа өртенбей аман қалса, сол сыйын алады. Ал кімдікі өртеніп кетсе, сол сыйынан құр қалады. Өзі құтқарылады да, жаны оттан өтіп қашқандай ғана сақталады. Әлде сендер өздеріңнің « Құдайдың рухани үйі» екендеріңді және Құдайдың Рухы өздеріңде тұратынын білмейсіңдер ме? «Рухани үйін» жойғанды Құдай жоймақ. Себебі Құдайдың «рухани үйі»-Оның қасиетті меншігі. Ал осы «рухани үй»-сендерсіңдер! Ешкім өзін-өзі алдамасын! Араларыңдағы қайсыбіреулерің данамын деп ойласа, ол күнәкар дүниенің пікірінше «ақымақ» болып, Масіхтің ілімін ұстансын, сонда Құдайдың даналығына ие бола алады! Өйткені күнәкар дүние нені даналық деп есептесе, сол Құдай алдында ақымақтық. «Құдай данышпан дегендерді қулықтарынан ұстап алады»,-деп жазылған ғой. «Данышпан дегендердің ойларының бекер екенін Құдай біледі»,-деп те жазылған. Сондықтан ешкім адамның жетістіктерімен мақтанбасын! Бәрі де сендерге игілік көрсетуге қатысады. Мақтанғандарың еш дұрыс емес. «Азғана ашытқы бүкіл қамырды ашытады» дегенді білмейсіңдер ме? «Ескі ашытқыны», күнә атаулыны араларыңнан шығарыңдар, сонда «жаңа қамырдай» таза боласыңдар. Өйткені Құтқарылу мейрамына құрбандыққа шалынған тоқтылар іспетті, Мәсіх біздер үшін өмірін қиды, сол арқылы жаңа, пәк таза адам болыңдар. Сондықтан бұрынғы зұлым сұрқия әдеттеріміздің «ескі ашытқысынан» біржолата арылып, қасиетті өмір кешіп, адалдық пен ақиқаттың «тәтті нанының» дәмін татып, тойлайық! Өз сенімдеріңдегі бауырласпын деп атағанымен, азғын, дүниеқоңыз, жалған тәңірлерге құлшылық етуші, өсекші, маскүнем немесе алаяқ болып жүрген ешкіммен де араласпауларың керек. Мұндайлармен тіпті дастархандас болмаңдар.» (Петрден.) «Сүйіспеншілік жолын қуыңдар! Рухани дарындарға Құдайдың хабарын жеткізу дарынына, ие болуға тырысыңдар! Бөтен тілде сөйлейтін кісі адамдарға емес, Құдайға арнап сөйлеп ешкім оны түсінбейді. Ол өз рухымен құпияларды айтады. Ал Құдайдың хабарын жеткізуші адамдарға арнап сөйлеп, оларды нығайтып, жігерлендіріп, жұбатады. Кім бөтен тілде сөйлесе сол өз сенімін нығайтады, ал кім Құдайдың хабарын уағыздаса сол қауымды нығайтады… Бауырластар, мен сендерге келіп, алдарыңда бөтен тілде сөйлей берсем, бірақ Құдай ашқан құпия, не білім, не құдайдың хабары, не тәлім арқылы түсінік бермесем, онда сендерге не пайда? Мысалы жансыз күй аспаптары-сыбызғы не жетіген анық дыбыс шығармаса, қандай күйдің ойнағанын қайдан білеміз?.. Дәл осы сияқты, сендер өз тілдеріңде Құдайдың хабарын түсінікті қып айтпасаңдар, тыңдаушылар не туралы айтқандарыңды қайдан білмек? Сөздерің желмен ұшып кетті ғой.» (Корытындықтарға; 14-т. 1-9) Дінді халықтың ана тілінен, сөз ғылымынан, әдет-ғұрып, сал-дәстүрінен бөліп қараудан өткен аманатқа қиянат болмайды. Осындай амалдардың негізгісі бөтен тілді дәріптеп дінің де, тура жолыңда осы деп, жаратқанның ақыл сөзіне емес өзге тілге, салтына, әдеттеріне табындырудан елдің дін-пейілі де тарылып, жүректер жабылып құр рәсімдердің, мүлгудің соңына түсуден біртұтас халықтың жындануымен сол дінді уағыздаушылардың мастығын ғана қалыптасттырып ақыры халықтың қайғы –қасіретіне апарып тіреледі. Қақ елі осындай тарихи оқиғаларға талай ұшырап данагөй ақсақал абыздардың, батырлардың, ақын-жыраулардың шежірешілердің бас қосып «аруақ!» деп ұрандатып елдің басын қосып арамыздан азғырушыларды жазалап, өлтіріп жерімізден аластаумен қайта бейбіт өмірді орнатып Шыңғысхан атамыздың тұсында жүздеген жыл «Алтын ғасырдың» да дәмін де татқан елміз. Тарихи оқиғалар үнемі қайталанып отыру заманның заңдылығы. Осындай ата салтымызды, дінімізді ашықтай мазақтап теріске шығарып, ақылы толмаған жастарды азғырып, жоғары ақыл айтатын лауазымды орындар мен тіптен сөзін де тексермей ғалым атап, елді азғырған аманатқа қиянат жасаған ойларын халыққа таратуға жәрдем де беріп қойған, жалпы халықтық жындану көрнісін күнде көгілдір терезеден де, жеке басылымдардан да еркін тыңдап оқуға қоса жындануға болады. Бұндай дінін, отанын, ата амантын сатқан қу заманды Абай атамыз; «Сұм-сұрқия қу заман Гүл көрінен жігітке. Қызықты өмір жайнаған, Кеудесі толып үмітке… Сенісерге келгенде, Сене берер талғамай. Жұрты құрғыр сенгішке Тұра ма қулық жалғамай? Ары кеткен алдағыш, Мені –ақ алда, сөкпейін. Балы тамған жас қамыс, Ормасаңшы көктейін!» Жаратушымыз бұндай екі жүзділердің өз араларыңнан шығып оны тек сөз аңғарынан ғана байқайсыңдар деп; «Егер олар, уәделескенен кейін антарын бұзып (аманатқа қарсы шығып), діндеріңе тілдерін тигізсе, қарсылыққа жетекші болғандарымен (ғалымдарымен, хазіретерімен) соғысыңдар. Өйткені олардікі (сөзді бұзу, тілді бұрмалау) ант емес. Олар бәлкім тиылар.» (9-12) Аятта көрсетілген 12-саны адам баласының ішкен суымен, ана ділімен берілген несібесін ұлттық рухани байлықты ескертіп тұр. Бір күні Пайғамбарымыз үш рет: «Сендерге ең үлкен күнәлар туралы хабар берейін бе?»- деп айтты. Сахабалар: «Әлбетте, уа Алланың елшісі!» -деді. Пайғамбарымыз: «Олар Алаға серік қосу және ата-анаға қарсы келу»,- деп жамбастап жатқан жерінен тіктеліп отырды да, сосын: «Ең үлкен күнәлардың бірі –жалған сөз ғой»,-және ол бұл сөзді қайталай берді, қайталай берді, тіпті біз: «Айтуын қойса еді.» дедік. (Әбу Бәкірден өсиет; 1119, 2654) «Алланың ризалығы әке-шешенің ризалығында. Алланың ашуы әке-шешенің ашуында.» (Ғабдулла Ғамырдан) «Бір адам пайғамбарымыздан: «Әке-шешенің баларындағы хақтары не?»-леп сұрады. Пайғамбарымыз: «Олар сенің жаннатың немесе тозағың яғни олардың ықыласын алсаң жаннатқа кітесің, қарғысын алсаң тозаққа кіресің.» (Әбумаммеден. Маже.) Енді аятта: «Сол уақытта Лұқман өз ұлына үгіт бере отырып; «Әй ұлым! Аллаға серік қоспа! Күдіксіз ортақ қосу зор зұлымдық.»-деді. (31-13). Бұл мысалдардан айта-айта жауыр болған «Серік қосудың» үш түрі бар екен. Біріншісі; қандайда бір дерекке сүйенбей ойдан немесе жорамалдап болсын, жалған сөйлеу, жалған куәлік беру. Екінші түрі; ата-анаңа әдет-ғұрпыңа, салт-дәстүріңе ата-баба аманатарына, олардың жаратушыға берген уәделері дін ұстанымдарына қарсылық білдіру- серік қосу амалы болып тек киелі кітап аяттарына, аяттарды ауыстырған заманға сай мұғжиза арқылы көрсеткен жаратушы үкімдеріне қарсы мәжбүрлеген жағдайда тыңдамауға болатынын ескерткен. Үшіншісі; Аллаға серік қосу түсірілген аяттар мен пайғамбарлар көрсеткен нұсқауларды және әр елге өздеріне болған хикметті істермен көрсеткен ашық дәлелдерді жалғанға шығарып, ертегіге айналдырып қарсылық білдіру. Ал, ортақ қосу амалы; амантқа қиянат жасап ана тілінен, ата сөзінің мағынасына, астарына үңіліп зерделемей киелі кітаптар үкімін өзгертумен немесе басқаша жорамалдап түсіндіру арқылы және ақиреттік болған ата-аналар арқылы жаратқанан берілетін ескерту уахи, түс, аянды зертеп, талдамай шайтаннан деген пікірлермен хақиқатты жалғанға айналдыру әрекеттерімен халықтың шежіреге айналған тарихи тәжірибесін дінін жалғанға шығарудан зор зұлымдықтың ортақ қосу амалы болып, халықтар қасіретіне соғатынын ескетеді. Пайғамбарымыз: «Сендерге ең зор күнәдан хабар берейін бе?» Біз де: «Әрине, я рассулла»-дедік. Пайғамбарымыз: «Аллаға ортақ қосу, ата-анаға қарсы келу деді.» (Әбубәкірден) Және: «Алла тағала барлық күнәлардың жазасын қиямет күніне дейін кешіктіреді. Бірақ ата-анаға қарсылық қылғанның жазасын Алла тағала иесіне дүние тіршілігінде, өлуінен бұрын береді.» (Хаким және Аспаһанныйдан) Сондықтан ата салт-дәстүрін, дінді бұрмалап, бөлшектеп тарылту үшін сөз ұғымын өзгертуші, ана тіліне қастандық қылушы шайтан пендесін «Дәжал», ал жалпы дінді теріске бұрмалап, халық арасына араздық отын тұтатушы жын-шайтан пендені «Тажал» деп атайды. Енді қазақ ел, дін басшылырының бірауыздан мойындап ғалым атағын берген және осы тура жолды көрсетуші деп барлық дін басшыларының, ғалымдарының арнаулы ұлықсатымен елге еркін таратылып жатқан «Ислам ғалымхалы», «От басы ғалымхалы» баспа иелері Қайрат Жолдыбай ұлы, Ата Әс-Сыбати, Мұхитдин Исаұлы және пікір жазып мақұлдағандар Нұр Мүбәрәк Египет ислам универиситететінің белгілі ғалымдары Шәмшәдин Керім, Мухаммед Махфуз, Мухаммед әл-Жунди, Рида әд-Дақиқи. « Исламның негізгі парыздарын қамтығын осы кітап та, сол діни басқарманың тапсырмасы бойынша жазылды…Өйткені, Қазақстанды мекендейтін жалпы мұсылман халқы Имам Ағзам қауымына жатады. Задында «мәзһаб»-жол, бағыт, көзқарас деген мағынаны білдіреді…» деген бағытың, шариғатың да-жол, көзқарас, пікірің де-жол болып дін тарылып енді шариғат амалы тура жол болып шыға келгенін ақылы сау пендеге айқын. Және «кіріспе» яғни араласпа осы ғана дұрыс деген ескертумен берілген осы кітаптың жалпы қазақтың тіл, сөз сауаттылығына серік қосқан, тұнып тұрған атаулармен, пайымдауларды былай қойғанда құран аятарының мағынасын да бұрмалап, жаратушы үкіміне ашықтай жала қойған, жан, рух сырына мүлде қайшы пікірлермен ақылы сау адамның өзінің миын ашытып, адастыруға бағыталған пікірлерден тұратына көзіңіз жеткіңіз келсе, Абай-Шәкәрім және Ясауи бамыздың «Сәни дәптерімен», Інжілмен, аталар аманат мақал, нақылдарымен Халифа Алтай қазақша құран аудармасымен салыстырып оқып көріңіз. Сөзіміз жалған болып бұл азаматтарды ашық жала жауып күнә жүктемес үшін осы және алдағы басылымдарда аздаған мысалдар келтіре кетеміз, бірақ бұл кітаптарға толық есеп беру үшін арнаулы кітап жазу керек. Ең басты қазақ ақыл-ойына қастандығы біздің ендігі дін ұстанымыз «мазһаб-жол» болу керек екен. Жол дегенді көзқарас, бағыт деп бір ұғыммен атаудың өзі дінге қастандық, серік қосу және «дәжалдық» пайымдау. Егер дін ұстанымыз Имам Ағзам масһабы болып тек сонымен ғана ақыл-ойымызды жетілдіру керек болса онда масһаб құраның Адам-ата дәуірінен, қияметке дейінгі ашық түсінігі насихаты және Имам Ағзам атамыз енді барлық түсірілген нұсқалардан хабар беріп, шапағат етуші пайғамбар болып шығады. Бұндай философиялық жаңашылдықтан; Аспандағы жеті жолға өзіміздегі екі жолды қосып 9-жолды да, заманына қарай құран аяттарының насихатының да ашылғаны сайын соған байланысыт күнәніңде артып, әрбір пендесіне ұлтына, руына мақсат, мүдде мамандық, кәсібіне қарай беріліп отыратын жобаны да 12-ғасыр кейінге шегініп масһабтан ғана бағдар алып, заманның жетіліп жатқан шараушылық ерекшеліктеріміздің көз қарасымызды тағы біздер үшін арап тілін зертеуші ғалымдар мыңдаған жылдар бұрын жазып қалдырған екен. Сондықтан болашақтағы ашылуға тиісті құран сырларын да, жаратушы хикмет істерін де, болашақ келетін ұрпақтарымыздың да несібесін және Адам атамызға дейінгі діннің нұсқауларын енді тек масһаб қана түсіндіріп, намаз оқыған адам баласына төбесінен тесіп құйып береді деген жындылық ой пайда болады. Раббымыз ескеткендей; «Оған екі көз жаратпадық па?(8) Әрі бір тіл, екі ерін? (9) Оған екі жол көрсетпедік пе?» (90-11) Абай атамыз бұл аятты; «Берген бе тәңірім саған өзге туыс? Қыласың жер-жиһанды бір-ақ уыс. Шарықтап шар тараптан көңіл сорлы Тапаған бір тиянақ не еткен қуыс? Күні түні ойымда бір-ақ тәңірі, Өзіне құмар қылған оның әмірі. Халиққа (жаратушыға) мақұлық ақылы жете алмайды, Оймен білген нәрсенің бәрі-дәһірі (мекенсіз, жалған)… Өмір жолы-тар соқпақ, бір иген жақ, Иілтіп екі басын ұстаған хақ. Имек жолда тиянақ, тегістік жоқ, Құлап кетпе, тура шық, көзіңе бақ.» Абай атамыз екі жолды аянмен іздеп тәңірінің көрсетуімен табасың, ол жолды кемпірқосақ қылып екі басы бар екенін, және ерін қылып көрсетіп қойғанын ескертеді және туған жеріңе, ана тіліңе байланысты екенін, бағытың да, көзқарасыңда сонымен қалыптасады, құр оймен іздеп босқа шаршама дейді. Олай болса масһабты- дін рәсімін жол деп көрсеткен дін ғалымымдарын кім деп атуға болады? Енді осындай үлкен тілге деген қастандық, зұлымдықтың негізі осы кітапта келтірілген жаратушымыздың көркем есімі «Алаһ» деп Алла-сөзінің теріс ұғым екенін дәлеледеуге тырысқан екен. Ал Халифа Алтай аудармасының түсінік баянында;Құран шәрифте «Алла» деген атау 2697 жерде, «Иллаһ» деген атау 167 жерде бар. «Тәңір» деп аударылады.» деп ескерткен. Әрбір жаратылыстың мейлі жансыз, жанды өлшемі болуы міндетті болса сол өлшемнің бәрі құран аятарының сөзімен бағалануы тиіс. Олай болса есеп бар жерде ғана білім бар. Сондықтан құраның барлық сүрелерінде Алла есептеріңді көреді, біледі, алдыңа қояды, мойныңа жазады, есебіңе яғни сөз, ісіңе кездесесіңдер т,б ескртулер бере отыра; «Алла есепшілердің ең жүйрігі, сақ боларсыңдар» деп ескертілгендей, Құранда бір бос сөз немесе таңба болмайды бәрінің белгілі орны саны бар. Ала әрбір қозғалыстың мейлі үн, мейлі жарық, суық, ыстық т,б 4-ші және 6-шысы депте ескерткен. Сондықтан осы сөзді есептеуге, зертеуге бұйырған аяттарды негізге ала отыра; «Есеп білмеген есек» атанбауымыз үшін 2697; 167 сандары екілік жүйеде 24; 14 сандарын берсе, бірлікпен 6; 5 сандық нәтижесін береді. Сонда бүкіл құран ұғымы бойынша Алла=24 нұрдың, қозғалыс тегін және Алла=6 рахман немесе сөздің басын жаралыс тегін белгілейді. Иллаһ= 14;5 мәні отың, желдің немесе бес қуат қозғалысты тәңірлік сипатты көрсетіп тұр. Әрине таңбаларды жеке –жеке сандарға айналдырып аятар мәнімен құпия ғылымдық мәнін де көрсетуге болар еді, әзірше оны алдағы уақыттың еншісіне қалдыруды жөн көрдім. Қарапайым үннің сандық мәнімен жүйелесек: 3, 5-таңбалы атаулар тәңір сипатын яғни төрт жаратылыс періштесінің «кісінің» көрнісін, бірліктің нәтижесі 5-ші нүкте тақ мәнін берсе, «Алла»-4 санымен түп негізді және бүкіл әлем есептеу құрғылары тек төрт санымен ғана (1001 бір түн немесе 1000 айдан артық) есептейді, ойланады. Жаратқан сипаттың негізі адам баласының өзіндегі басты белгісі адамзат қанның төрт-ақ топқа бөлінуі және жаратылыс төрт мезгілден, төрт сырдан, төрт тілдік негізден, нәсіптік ризық төрт күннен тұрады да бесінші күн жалған, жалғанушы сипатты береді. Ал алты саны барлық қозғалыс және несібенің негізі; «Бүкіл әлемді 6-күнде» яғни к-үн мен жарық негізінде жаратқан. Құранда «Алла» сөзіне байланысты қосып айтылатын «Тағала»(6), «Рабб»(4), «Ол»(2) «Ол сондай Алла»(6), «Бір Алла»(7), «Рас Алла»(7), «Алла бар»(7) т.б тіркеме сөздердің бәрі белгілі атаулар жүйесімен және сол аттың таңбалық сандық мәніне байланысты жаратқан сипаттарын белгілеп, міндетті түрде сандық мәнімен ғана есептеледі, айтылады. Сондықтан «Аллаһ» (дұрысы Иллаһ) қазақшаға сандық мәнімен «Шүкір»(5) мағанасын беріп және «Тағала»(6) шүкір сөзінің екінші балама ұғым ақпараттар жүйесі «яшик пандора» орнына пайдаланады. Онда «Аллаһ тағала»(11) -шүкіріңе шүкір деп жаратушымызға тілмен серік қосамыз. Себебі үндестік негізінде жалған ұғым! Онда бүкіл қазақ дін танымындағы басылым, әдебет аударманың бәрі (Халифа Алтай аудармасынан басқа) түгелге жуық серік қосушылар, жалғаншылар, тілді шұбарлап бүлдірушілер екендігі айқын! Енді «Олар сөзді зертемей ме?» деген аятты назарға алып «Аллаһ» сөзі қазақ тілінің үнімен «Алла-ақ» болып естіледі, айтылады да. Енді Алла-ақ-тәңір деген ұғымды береді. Ақ сөздің бейнеленген таза қозғалысын тәңірлік сипатын яғни тәңір оғын білдіреді. Және «Аллаһ» сөзі шүкір болса онада Тағала тәңірдің өзі болып адамзатқа байланысты белгісі «шүкір» яғни жаратушының рахметі яғни аруақ ұғымы шығады. Бұл ұғымды Абай атамыздан; «…Аққа тартқан, Жөнге қайтқан, Ақыл айтар (қолдау берер) пенде жоқ.» деп ақты ақыл яғни «қолдау», аруақ деп ескертеді. Демек біздің дін ғұламаларымыз ата-баба, әулиелер аруағына яғни ақылына табыну серік қосу деп халықты жақсылық жасаудан тиым салып өздері жаратушыны, түп негізді «бес элементпен» (християнда 3-элемент-«Бог») белгілеп, аруақпен теңдес жасайды яғни екі тәңір жасап алған. Қазақ тілінен, астарлы сөздердің мағынасынан шамалы ғана хабары бар оқырманның өзіне бұл ғалымдарымыздың теология түгіл философиялық білімі бар екеніне күмән келтіруге болады. Мысалы «Сәзжде» сөзінің ұғымына құранда арнаулы сүре-кітап түсіріліп және оның екі сүреде ұғымы айқын көрсетілгенде адамзат түгіл бүкіл жаратылыс жан иелерінің белгілі Алланың әмірлерін орындап дыбыс, дауыс үн қатуларын сәзжде деп ескерткен. Олай болса; «Сәзжде сөздікте –бағыну, мойынсұну, кішпейілдікпен иілу, жүзін жерге тигізу деген мағыналарға келеді.» (Ислам ғаламхалы 123-бет) Демек адам баласының барлық жақсылық жасауға бағыталған бір-бірінен қызмет, құрмет көрсетуі де сәзжде болып табылады. Енді өздерінің бұл пайымдауларын енді өздері қайтадан теріске бұрмалаған; «Нағыз сәжде-жеті мүшемен жасалған сәзжде. Жүз екі қол, екі тізе және екі аяқ.» деп пайғамбарымыздың; «Мен жеті сүйекпен сәзжде етуге әмір етілдім» деген өсиетін негізге алып намаз оқу деп барлық ізгілік, игіліктен хайырдан жоғары деп көрсеткен. Ал негізінде пайғамбарымыз жеті сүйектің ағаруын, толық бойдың қалыптасуымен, жеті құран үнін меңгеріп толық намаз орындаудың нәтижесін айтқан. Және көптеген мазһаб ұстаным шектерінің қазақ салтымен қарама-қайшы екенін өздері мойындап оны «Бір Аллаһ біледі» деп қысқа қайырған. Демек мазһаб қағидалары мен түркі дін ұстанымдарының шариғаттарының арасында қайшылықтар бар, олай болса күмәнің артында күдік, дау-жанжал күнәда болып дінде бөлшектену сөзсіз. Барлық ғылымның негізі сызықтық бейнеге, сурет өнеріне келіп тіреліп, мидың қызметінің өзі осы бейнелеу өнерінің негізі болса онда бұл ғалымдарымыз; «Олар (жындылар, адамдар) Сүлейменің қалауынша құрлыстар, мүсіндер, көлдей ыдыстар және орнатылған қазандар жасайтын еді»,-деп айтылады. Сүлеймен пайғамбардың шариғаты басқа, дегенмен рұқсат беруінің бір сыры ол кезде ел арсында тәухидтің мықтылығынан болса керек.» (Отбасы ғалымхалы 69-бет) Яғни Забур шариғаты яғни негізгі сақ ұрапақтарының ұстанымы бөлек деп дінде өздерінің сауатсыз екенін тек кітаптардан көшіріп, арап тәпсіршілірінің ой жоруын жалғастырған, сол кездегі философия жетістіктерін жалғанға шығарады. Жынды меңгергендер көп жағдайда өнер адамдары болып олардың дінге деген сенімі аз болғандықта құранда жынды деп атайды. Бірақ сондай шаруашылық істерді, өнерді дамытып, түрлі құрал құрылғылыр шығарып жатқан жынды адамдар, қолынан жынды сөз айтудан басқа өнері жоқ жалған ғалымдардан әлде қайда иманды деп айтсақ күнәлі болмаймыз. Құранды және жан ғылымын білмейтіндіктерін және надандықтық ашық белгісі; «Ақындарға азғындар ереді» деген аяттың меңзегені-Құранға қарсы шығып, өлең жазып, елді дінен алстатуға тырысқан ақын-шайырлар. Әйтпесе бұл аятқа қарап өлең харам деуге болмайды. Пайғамбар кезінде сахаба ақындар болған.» (Отбасы Ғылымхалы. 73-бет) Олай болса Раббымыз бұл аят өмірдегі шындыққа мүлде қайшы деген пікір туындайды. Олай болса құранның көптеген осындай аяттарына күмәнмен қарау керекте дін ғалымдарының ғана айтқанымен жүріп құдай қылып алу керек болғаны. Ғалымдық, сөзді зертеу, ұқсас аяттарын табу және сандық мәнінің білімі, әрбір нәрсені жұп және парымен ғана жараттым деген үкім қайда қалады? «Ол, бір ақынның сөзі емес сендер аз сенесіңдер.» (69-41) деген аятпен ақындардың негізінен дінге сенімі тұрақсыз, еліктегіш, сезімге берілгіш сөз ұғымдарын аяттарды бұрмалаушы болатынын ескертеді. Сондықтан ақындардың ішінен тек тақуалықты, тарихат, мағрипат амалдарын меңгерушілер ғылым, кітап берілгендер ғана азғындықтан құтыла алады. «Ақындарға азғындар ереді» (26-224) «Ол, бір ақынның сөзі емес аз сенесіңдер» (69-41) Бірақ иман келтіріп, ізгі іс істегендер, Алланы көп зікір еткендер, зұлымдық көргенен кейін кек алғандар басқа…» (26-227) Аятардың парын тауып орнына қойсаңыз аяттың ұғымы ашылып қандай ақындар азғындыққа түсетінін және Алланы көп зікір ететін ақындар басқа яғни Абай-Шәкәрім аталарымыз сияқты иман келтіріп ізгілік істегендер пайғамбарлық қасиетті меңгерушілер, сахабалық дәрежеге жетіп Алла жолында соғысушылар болып есептеледі. Енді осы аятардың сандық мәндерімен зертеп, жұбын және тағы 9-аятпен жүйелесеңіз құранның насихаты ашылады. Бұл әрине жоғары лауазымды пәтуа берууші хазіретердің, дін ғалымдарының міндеті болса, еліміздегі бүлікшіл дін топтары түгіл, ең түркі әлемінің дәстүріне жақын «Нахшпандия» тобы да пірімен қоса екпетінен құранның наситхатына тәнті болып, сәзждеге (бұйрыққа, үкімге) жығылып құлап қалар еді. Философ ағайындарымыздың діннен сауатсыздықтарынан және дін ғалымдарының жалған пайымдауларынан сөз ғылымының беделі жоғалып, әрбір арап тілді білген пенденің өзінше тәпсірлеуінен ислам дінің басты жол көрсетушісі құран аятарын «арзан ақшаға, ертегіге айналдыру» деген түсінік пайда болады. Бұған өздері де Лұқман сүресін қате аударып, өздеріне алдын-ала мойындап үкім беріп қойыпты; «Кейбір адамдар ешбір (дәлелеге) білімге сүйенбестен елді Аллаһтың жолынан адастыру үшін мән-мағынасыз бос сөздерді сатып алып соларды халыққа жаяды. Бұлар өздерін қорлайтын ауыр азап күтіп тұрған адамдар» (31-6) Ал Халифа Алтай атамыз бұл аятты; «Адамдардың түк білмесе де Аланың жолынан адастыру және тәлкекке алу үшін ертегіге айырбастап алғандар бар. Міне солар, үшін қорлаушы азап бар.» (31-6) Енді жалпы тіл ғылымынан аудармашылықтан шамалы хабары бар адам баласы орыстың атақты бір жазушысын осындай айырмашылықпен аударып көріңіз не болар екенсіз? Ал бұл жаратушының адамзатқа берген ең көркем ғылыми астарлы сөздері емсес пе? Бұл аяттар құдайға шүкір мағыналары әйтеуір бір-біріне жақын. Ал бұл кітаптарда атақты жол көрсетуші ғалымдарымыздың осындай өздері аударған аяттарының кейбіреулері тіптен мағынасынан басқа жаққа кетіп қалғандары бар. Енді мынандай қазақ әулие аталарымыздың шариғат ұстанымына мүлде қайшы үлгіден; «..Осылайша ол таң намазына дейін жылады. Шапақ атқанда ғана рүкүғке барып, намазан бітірді..»(О.Ғ. 29-бет) Астапыралла дегенен басқа не айтуға болады. Қатын құсап көз жасын төкенен кейін намаз түгіл дәретте бұзылады. Еркек адам қатын құсап жыламайды іштей үнсіз жүрегімен жылайды егер есі толық болса. Абай атамыз; «Тәңірі сорлы етсе, пенде Не бітірер құр жылып? Жігері жоқ, ақылы кенде, Жамбасынан жат сұлап! «Бір жаман мен бе?»-Дедің бе Көңіліңде?» деп құр жылағанан жігер мұқалып, көңілдің азатынын, өзін өзгеден жаман, қор санайтын пенде ғана босқа жылайтынын, ғашықтың жылауы үнсіз жүректен шығатынын ескертеді; «Ғашықтың тілі-тілсіз тіл, Көзбен көр де ішпен біл..» «Жылағанды тоқтатып, Ынсап қылсақ жарайды, Қоймасаң, қайғы ауыр боп, Тұл бойыңа тарайды…» «Сұрғылт тұман дым бүркіп, Барқыт бешпендт сулайды. Жеңіменен көз сүртіп Сұрланып жігіт жылайды. Әйелмісің, жылама, Тәуекел қыл Құдаға! Өлең айт, Үйге қайт!..Белді бу, Бетті жу!» Шәкәрім атамыз; «Таза ақылдан жоқ сұрақ. Пәнші нанды бес сезімге, Дінші адасты жолынан, Сал ақылға дұрысы не?…Құбылсаң, Бұзылсаң, Не қызығып, Не именумен. Қайта алмай, Байқалмай, Себепке еріп, Жетектеліп өлдің сен…» Қазақ елінің және ел басымыздыңда діннің керегесін кеңге жайып халықтың дін-жанының және рухани егінінің бақташысы болуға аманатын алған ғалымдарымыздың қарапайым жан ғылымынан мүлде сауатсыз екендігін өздерін-өздері әшкере қылған, жүздеген мысалдармен өздерінің пәтуаларынан көрсетуге болады. Оған оқырмандар өздері салыстырып көздері жетер деген және философ ағайындардың еңбектері сияқты әдеби тілден қашықтап кетпеу үшін шамалы дәлелдер көрсете кетейік. «Сен маған анамның арқасы сияқтысың» деген аятта да ананың арқасына назар аудартуда. Сондықтан ананың арқасы және осыған ұқсас ішкі жағы да жақындарының алдында әурет жері саналады… Мұсылман әйел бөтен ерлердің алдында білектеріне дейінгі қолдары және аяқтарынан өзге денесінің барлық жерлері әурет саналады. Мықты көз қарасқа қарай аяқтарыда ашық болады..» (О.Ғ. 124-бет) Біріншіден әйелзатының аяғы санмен бірге жалғанып адамзаттың негізгі жаратылыс кітабы, белден төмен бөлік аяққа, діл несібесі, аналық сүтінің қоры ыдысқа жатады. Ал мазһаб пәтуасы бойынша әйелзаты балтырын жарқыратып жүрген былай тұрсын, егер «жынды!» «мықты көзқарасы» болса санын да ашуға болады екен. Және бұл пікірді енді өздері теріске шығарып «Басқа жағынан Аллаһ елшісі Әлиге: «Сандарыңды ашпа тірі болсын өлі болсын ешкімнің санына қарама,-дейді» (О.Ғ.128-бет) Осындай өсиетпен пайғамбарымыз еректерге де санын көрсетугше тиым салғанына дәлелді келтірген. Егер «Аяттарды ауыстырсақ оны өзгертуші жоқ» деген Рабымыздың үкімін еске алсақ қазақ әдет-ғұрпында аяқ, балтыр, саны түгіл білектің өзі ашылып қалса ұятқа санағанын қайда қоямыз? Және «Жаннат әйелдің табанының астында» деген ескертуден әйелзатының аяғының бар жері мүлде құпия болып көрінбеу керек деген ескерту екенін де білген жөн. Адам баласының жанатпен байланысатын мүшелері өте сақтықпен, құпия сақталып қорғалу тиіс. Енді «ананың арқасы» деген тәндік ұғымдағы емес құпия күзетші «жүр-ек» туралы болып отыр. Ол күзетші «Ғыфыр» деп аталып яғни көк несібесімен жеті атамен байланысты киесі, жаурындағы байлашысшы құпия көз, ананың киесі болып есептеледі. Жан сырының құпиясын, сандық, сызықтық мәндерін болашақта көресетеміз ал әзірше бұдай теріс ниетке аятта; «Сондай сендердің жұбайларын зиһар еткендер (анамның арқасындайсың-анамсың деп) әйелдері аналары емес. Олардың аналары өздерін тапқандары ғана. Сосын олар теріс өтірік сөз сөйлейді…» (58-2) Осы аятпен дін ғалымдарының аяттардың орны саны түгіл үгітінің өзіне мән бермей құранды теріске алғандарын көруге болады. Ал енді қазақ салт-дәстүрі түгіл жалпы жаратушымыздың түсірген дініне, құранан бұрынғы барлық тәурат, інжіл, зәбур үкімдерімен пайғамбарларға берілген нұсқауларға білдіртпей ғана қарсы шығып көңілі ислам құндылықтарына ашылып бұл азаматардың ғалымдықтарына шүбәсіз сенгендерге байқатпай мынандай аюдың тұзағын құрып қойған; «Кейбір салтанатарда, я болмаса шалғайдан қадірлі қонақ келсе соған арнап мал союған болады… Сондықтан шалынған малдар Аллаһтың (тағаланың) атымен аталып шүкірлік мақсатпен және өмірден қайтқан кісіге сауабын бағыштау әрі оның күнәларына кәффарат садақа ниетімен шалынатын болса, мұның ешбір ағаттығы жоқ. Алайда әрбір кісіні киелі тұтып, яки әулиенің басына барып малды тікелей соған арнап, сол кісінің аруағынан медет күтіп, Аллаһ Тағала емес соған (яғни әулиеге, ата-анасына) жақындайын деген ниетпен Аллаһтың атымен шалса да бұл жерде жасырын серік қосу болғандықтан, шариғатқа қарсы шыққан болып есептеледі. Қашан да үкім берерде Хақ Тағаланың өлшемімен қарау парыз.» (12-бет) Міне біздің халқымыздың берген садақасымен отанымыздан түскен несібемізден, жер суымызды бірге басып жүріп қойында қанжарын тығып; асыңды ішіп дастарханыңды білдірпей тілген-ден осы болар. Байбөрі деген бай болып, Төрт түлігі сай болып, Бір перзентке зар болып, Қорасанға қой айтып, Әулиеге ат айтып…», жер кезіп, әулиелерге тағзым етіп Баба Түкті Шашты әзиз атамыздың басынан тілегін қабыл етіп Алпамыспен, Қарашаштай ұрпақ сүйіп өмірден өткені енді, қазақтың ұланғайыр жерін де, елінің елдігін де сақтай білген асыл діні өтірік, жалған себе серік қосқандар дейді. Сонда өздері қалай жаратылғанын да, қайда барып кімнің алдында есеп беретінін де білмейтін дін ғалымдарына ел басымыз сенім артып, елдің дінінің тізгінін беріп, отанына опасыздық қылатын мәңгүт ұрпақтарды тәрбиелеп жатқана кім тосқауыл қоя алады. Және ең қауіптілігі де ғалымдар арсында өз ара пәтуасы да болмай сондай қым қиғаш пікірлерді бір жерден бір адамның алдынан қол қойдырып өзден өздері мараптай білуінде жатыр. Пайғамбарымыз; «Алла тағала былай дейді: «Мен үшін сәлемдескендерге (пайғамбарлар,әулиелерге салауатпен құран бағыштау), отырыс ұйымдастырғандарға (құдайы тамақ бергендерге), дүние жұмсағандарға (садақа, мал құрбандығы), зиярат қылушыларға мейрім түседі. Ал енді қарсы болғандар кәпір». (596-өсиет). Қазақ халқының бейсенбі күні шелпек пісіріп, иіс шығару, аруақты шақыру деп көршілеріне тарататын салты бар. Пайғамбарымыз; «Әр бейсенбі күннің жұмаға жалғанатын кеште адам баласының ғамалдары Алла тағалаға ұсынылады. Бірақ жақынынан безгеннің ғамалы қабыл болмайды.»( 20-өсиет.Ахмет Ханбелден) «Кімде кім, Аллаға, ақирет күніне иман келтірген болса, қонағын құрметесін. Кімде кім, Аллаға, ақирет күніне иман келтіргенболса, жақындық байланысын (өлілермен) нығайтсын.» (7-өсиет Әбу Хурайрадан) «Алла тағала кейбір адамдарды жаратқанан бері олар ашуланғандығынан мәрхамет назарымен қарамайды. Бірақ кейбір ғамалдарының салдарынан олардың үйлерін жақсартады, малдарын көбейтеді. Бұл қалайша болады? Делінгенде, пайғамбарымыз; «жақындарынмен (әулиелермен, Алла достарымен) жақсы шығысқандарының салдарынан» деп бұйырды» (Ғабас ұлы Хакімнен 13-өсиет) Адам баласына өмірге келуіне себеп болған ата-анасы шықан тегінен, өлілерден басқа қандай жақыны, жақын бола алады? «Өлі разы болмай тірі байымас»деген қазақтың мақалын пайғамбарымызда растап құрбан шалу, мал жұмсау өлілермен жақындық байланысты жалғау арқылы жолдың ашылып, жаратқаның мәрхаметіне бөленетінін ескертіп кетіпті. Осындай ап-ашық аят үкімдерін түсінбейтіндей және пайғамбарымызға ашық жала жауып өздерінің кәпір болуына қазақ дін имамдарының, діншілерінің өздерін-өзі зұлымдыққа салып ата салт-дәстүрімізге қарсы шығуларына не себеп болған? Әлде пайғамбарымыздың, әулие бабаларымыздың асыл сөздері жүректеріне ұяламай жүректері мөрленіп, саналары жабылып қалған ба? Мысалы бұндай әріптес ғалымының ата дінге қарсылық пікірін енді Қайрат Жолдыбайұлы теріске шығарып; « Ал енді ақыреттегі ең ауыр-есеп күні Алла мен құлдың арасында себепкер болу рұқсат етілсе, қисын тұрғысынан мына дүниеде кейбір салиқалы да тақуа кісілердің құрметіне дұға жасау неліктен болмасын? Екеуінің арасында негіз тұрғысынан қандай айырмашылық бар? Шапағатты да қабыл алып, алмайтын да Алланың өзі емес пе?» (203-бет) Әулие-әмбилер деп айтуға аузы бармай бірақ, әйтеуір олардан да төмен тұрған салихалы кісілердің құрметіне мал арнап дұға жасауға ұлықсат беріпті. «Тәуәссулге «Аллаға серік қосу» деп те қарайтындар кездесіп жатады. Алайда тақуа адамның құрметіне Ұлы жаратушыдан мұқтаждығыңды сұраудың Аллаға серік қосумен ешқандай байланысы жоқ.» деп жоғарыдағы ғалымдардың өздерінің серік қосқандағын және аруақшы, зиратшылардың істерінің дұрыстығын дәлеледейді. Олай болса нағыз елінің ұлтшыл салт-дәстүрін әулие-әмбилерін құрмет тұтатын азаматы екен деген ой келеді. Бірақ көп ұзамай шатасып кейде дұрыс, кейде бұрыс деп өзінің бет пердесін ашық көрсеткен: «Ал біздің қарсы шыққан нәрсеміз ол-жартылғанға (адамға) Аллаға етілетін дұғадан да артық түрде жалбарыну… Бұл жерде бір Алладан ғана сұрап, Алламен қоса басқа біреуге дұға етпеу…Бұл жерде айтылған шариғат өлшемдері мен талаптарына сай тәуәссулге байланысты келтірілген дәлелдерді қазіргі таңда «халықты емдейміз» деп алаяқтықпен айналысып жүрген кейбір топтар өздерінің қате істеріне айғақ ретінде қолдана алмайды. Себебі шариғаттың өлшемдерін аяққа таптап, түрлі мүрде, бейітердің басына барып мұң-мұқтаждықтарын Алладан емес, сол бейітте жатқан адамдардан тікелей сұроап, серік қосудың бұл жерде айтылған тәуссулмен ешқандай байланысы жоқ екенін ескерте кетейік.» (Дін мен Діл. 209-бет) Көріңіз есіңізде сақтаңыз «АДАМ» аладан басқа шеріктер тобына жатып яғни адам жаны Алланың «ӨЗІ» емес, адам ақылды іске айналдырушы орынбасар емес керісінше теріске бұрмалаушы Алладан басқа яғни ібіліс шайтанан. Және «Аллаға дұға жасау» дегеніміз Алланы құтқара көр деп тағы бір тәңір жасап жалбарыну болып шығады. Аллаға дұға жасамайды Алланы мадақтап зікір айтады яғни құран оқиды да және өз ниет пікірін де білдіреді. Сондықтан Құран сүресіндегі арап тілінде белгілі Алланы мадақтау, пәктеу аяттары оқылғаннан кейінгі барлық амалдар, тіліктер Аллаға дұға жасау болып саналады. «Алаға етілетін дұғадан да артық түрде жалбарыну..» деген ұғымнан; құран оқып Алланы зікір еткенен кейінгі пайғамбарларға, әулиелерге арнап тілегімізді жеткіз ата-аналарымызға жәрдем бер деп сұраған, себептереге жасалған дұға тіліктің алдында оқылған құран, жаратушыға арналған мадағымыз күшін жойып түкке тұрмай қалады да, онда құран сөздері арапша оқылғанда шайтанан деген ұғымды білдіреді. Сондықтан қазақтың дін ғалымдарының пікірінше ой жорудан пайда болған араптардың «тәуәссулі» негізінде Халифа Алтай аудармасы бойынша «сабыр ету,сабырлық қасиетті меңгеру» болып қазақтың ата жолының намаз орындау қағидасына сәйкес келгендіктен, аударса өтіріктері ашылатын болғандықтан екі тілде сөйлеу діни ғалымдықтың негізгі шарты болар. Ал жоғары лауазымды хазіреті жарықты арқанмен, басқалары қуыс бас, түбі тесік шелекпен сөз ұғымын өлшейтін шариғатардың қағидасымен, масһаб бағытымен салыстырғанда құран да жартушы үкімдері де рух қағидасы- «Бір» деген Алланың бірлігіне, таза ақылға иман келтіруге жіберілген соңғы пайғамбарымыздың бар өсиетімен, істері де түкке тұрмайды және сондай алаяқтың бірі менің де рухтан хабар оқушы ақылшы ұстаздарымының басшылары Абай-Шәкәрім, Ясауи баба, Арыстан баба, Қажы баба, пір Бекет, Қорқыт абыз, Қорасан ата,Марал ишан, Укаша сахаба, Тектұрмас әулие, Қарахан ата, Ысқақ баб, Әбділ Әзиз баба,Түктібай бақсы, Қордай, Қарасай, Ағынтай батырлар, Жақып әулие, Абылайхан батыр, Қоңыр әулие, Қара молда Баябай бақсы,Ақбура, Қарабура бақсылар, Ырғызбай ата, Әлмерек абыз, Райымбек батыр, Бауыржан батыр т.б барлық пір тұтқан әулие-әмбилеріміз, аналарымыз қаншама хикметтердің көрнісімен халықты рухани сауықтырып, жаратқанға иман келтіруге мәжбүрлеп, елді бірлікке, игілікке шақырып жатқан, Құдайдың сүйікті құлдарын жын-шайтанға, шеріктерге «ол, жаратылған» адам өнімі ақылдан жаратылған, ақылды жарата алмайтындарға теңейді. Және сондай керемет иелер Алланың сүйікті құлы бола тұра, біздерді алаяқтыққа, дінді бұзып, серік қосып елдің ақылын аздыруға тәрбиелеп жатқан деп түсіндіреді. Ата-ана ұғымы Адам-ата, Хау-ана дан бастап өзіңнің әке-шешеңе дейінгі аралықты қамтитын Алланың сүйген құлдарына, періштелерге айналған шежіре ағашын білдіреді. Бүкіл пайғамбарлар, әулие-әмбилер, аналарымыз адамзат баласына ортақ ата-ана болып есептеледі. Себебі, бәріміз ортақ бір жанан яғни «Ман»-нан (Адамнан) пайда болып, мұсылман аталамыз. Сондықтан тәңіріміз Бір-ақ тәңір, Ол Алла! Үкіметіміздің «әділетті басқарушылары» осындай ғалымдардың жалған тәңірге (ой жоруға) шоқынған пәтуаларына иланып, ақылдары тұзаққа түсіп аузындағы ірімшігін кез келген мақтаған түлкілерге таратып беріп отырса. «Бір»- «Хақ Тағала» деген ұғымды өздері де түсінбей өз сөздеріне, пікірлеріне қарсы шығып, екі жүзділік ой жоруға түскенін: «Алла адастырған пенделерін түзу жолға салушы жоқ» деген аяттың қандай терең сырлы сөз екенін аңғаруға болады. Абай атамыз; « Имансыздық намазда-Қызылбастан салған жол.(Мазһаб) Көп шуылдақ не табар, Билемесе бір кемел? Берекесі болса ел-Жағасы жайлау ол бір көл….Берекесі кеткен ел- Суы ашыған батпақ көл…Еденица жақсысы, Ерген елі бейне нөл. Еденица нөлсіз-ақ, Өз басындық болар сол. Еденица кеткенде, Не болады өңкей нөл? Беркеңдң қашырма, Ел тыныш болса, жақсы сол. Рас сөзге таласып ақ жем болма, жаным кел!» Діннің мақсаты елдің береке бірлігін қалыптастырумен ғана тура жол болып нәтижеленеді. Аз ғана қазақтың арасынан сына қағып бір –бірінен айдап салып өзге жұртан үлгі алған бір ұрты арамдардың салған лаңынан тиым салатын тек «Еденицамыздың» қожалығы оянып, әділетті заң шығаруға үкім бермесе әзірше өңшең шуылдақ, ұраншыл кеудесінде сәулесі жоқ- жынды, мас рухани өлі-басшы «нөлдердің» соңына ерген елдің басынан қайғы бұлты қоюланаса түсері Хақ. «..Жақынға еріп, мал салмай, (құрбан шалмай) Жауды көріп (жын-шайтан), жан салмай, Қайдан ғана біледі Ауыр менен жеңілдің (сираттың) Арасымен өтерді?» «Ғылымды іздеп, Дүниені көздеп, Екі жаққа үңілдім. Құлағын салмас, Тіліңді алмас Көп наданнан түңілдім. Екі кеме құйрығын Ұста жетсін бұйрығың. Жартасқа бардым, Күнде айғай салдым, (зиратап құран оқу) Онан да шықты жаңғырық. Естісем үнін (тылсымның, аруақтың) Білсем деп жөнін, Көп іздедім қаңғырып (тау-тасты кезіп зираттап)…» «Аямай жанын дос ерер (әулие аруағы), Жолдастықты ақтаса, Алдыңы айдап кім келер, Ерінбей жүріп бақпаса… Енді нені істейміз, Бәрінен де бос қалдық? «Ауызға келіп түс» дейміз, Қылып жүріп құр салдық!» «Босқа әуре боп келдің бе тағы мұнда? (түске ену) Хүкімші шалдар (өлілер) мәз боп отыр ма онда? Антұрғандық қылығын алла ісі деп, Нандырар қандай сопы, қандай молда?..Сопысынсын, хақ десін, хақты ұмытсын, Әділетсіз бір жастың басын жұтсын, Қайнап тұрған қанымды ішкеніңмен, Қаңсыған, қатқан ішің не жылытсын?!.. Бейкүнә зорлықпенен шыққан жаным Бейішке басшы болар деме залым! Суық қабір-қайғысыз ұйқы орны ғой, Оңай ма жас өмірден айрылғаным?… Менің кеудем сендерге (аруақтарға) сандықпен тең, Мүмкін болса, қақ жарып ашып көрсең. Ішін түгел көрген соң көзіңменен, Тахиқ (анық) мені күнәкар қу демес ең…Мен- өлі жан, ешкімді талғамаймын, Рақымсыз, билеріңді қарғамаймын.Мен кешерлік сүйтсе де іс қылған жоқ, Разымын деп жалған сөз жалғамаймын..» Жаратушымыз көк несібесін алуды яғни жеті жолға жалғануға: «Әй адам балары! Әрбір құлшылық орнында(ойпатарда, киелі орындарда) зейнеттеріңді ( тағдыр, ақыл кітаптарыңды) алыңдар. Және жеңдер, ішіңдер де ысырап етпеңдер. Күдіксіз Алла ысырап етушілерді сүймейді.» (7-31) Бұл аяпен 31-санмен белгілеп өз кіндіктеріңе жеті ата-аналарыңа зиратап, мал жұмсаңдар деп ескерткен. Және осындай зейнеттерді толық алмай қажылық жасауға болмайтынын босқа ысырап екенін астарлы ескертеді. Ал негізгі қазақтың хаж қағидасын; «Мұхаммед барлық мақтау Аллаға лайық. Және сәлем (салауат айтып,дұға тілек тілеу) Алланың таңдаулы құлдарына (әулие-әмбилерге) лайық. Алла (Бір) жақсы ма? Немесе қосқан ортақтары жақсы ма?»,-деп сұра!» (27-59) Бұл аятта Алла достарын Бірді Алланың өзі яғни хикметті істерінің белгісі деп ескертеді. Ал ортақ қосуды пайғамбарымыз: «Сендерге ең зор күнәдан хабар берейін бе? Біз; -Әрине расулалла-дедік. «Аллаға ортақ қосу, ата-анаға қарсы келу.. көңіл бөліңдер, өтірік айтудан және өтірік куәлік беруден сақтаныңдар. Жалған сөйлеу, жалған айғақ беруден сақтаныңдар, деп тоқтамастан сөйледі, тіптен сөзін тоқтатпайды екекн деп ойладық» (Тәбәрәниден; 34-хадис) «Біз әрбір үммет үшін, өздеріне берген малдардан, Алланың ғана атын атап, құрбан шалуды бекіттік. Өйткені, Тәңірлерің бір-ақ Тәңір. Сондықтан соған бой ұсыныңдар. Мұхаммед ықыластыларды (үнемі зиярат етіп құрбан шалушы), қуандыр. (Шапағат ет, батаңды бер!)» (22-34) Осы аятпен-ақ «Бисмиллаһи рахмани рахим» деп Алланы еске алып құрбан шалғанның өзі жеткілікті, онан кейін кімге дұға қылсаңда ешқандайда серік қосудан сақтайтынын ескертеді. Бұндай санмен пайғамбарымыздың өсиетін белгілегеннің өзінде үлкен даналық жатқанын көруге болады. Бірақ аталарымыз; «Санасызға санды айтқаныңмен түсінбейді» деп ескерткен екен. Тек өкінішке қарай осындай дін қандастарымызды, мейлі қандай ғылым егесі болса да жаратушы иеміз; «Әй мүміндер! Алланың ашуына ұшыраған елді дос тұтпаңдар. Олар кәпірлердің қабырдағылардан (әулие-әмбилерден, Алланың дастарынан) күдер үзгеніндей олар, ақиреттен (Хақтан) үміт үзген.» (61-13) Өлілерден күдер үзгендерді кәпірлер санатына қосыңдар деп бұйырыпты Раббымыз. «Зұлымдыққа түскендерді құтқарыңдар» деп аманатаған пайғамбарымыздың өсиетін назарға алып, бұндай дін қандастарымызды Алланың азабы толық баурап жан ұяларына, бала шағаларына кесірі тимей тұрғанда, оқушым сіздер қол созып насихат айтып көрсеңіздер. Оларға жоғарыдағы әулиелер санатымен, болашақтағы дін имамдарының бастарына келетін және төніп тұрған сынақ, азаптарын тым ауырлатпау үшін аз ғана есімдермен мысал келтірген әулиелердің және сондай көптеген әмбилердің алдынан өтіп тезірек құрбан шалып кешірім сұрап, халық алдында да қателіктерін мойындамайтын болса үлкен қасіретің бастарына төніп тұрғанын, ал бас тартса ондай жағдайға жуырда оған куә болумыз да сөзсіз. Сондықтан осындай қасіртке, ордың жағасында тұрған теріс пиғылдармен, аруаққа қарсы шығып, кәпірге айналған әкім қаралар мен, ел, сөз басшыларын да иманға шақырып, зұлымдықтан құтқару үшін, алдағы келесі басылымдарда бұл тақырыпты тереңдей зертеп, жан сырын, ғылымын ақиқатын ашып көрсетеміз.

    Ербол 11.06.2017 14:44 Ответить

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню