Сиырдың бүйрегі

901471_1428211581

Біздің заманда көп адам мифтен қашып, барынша ғылыми логоспен өмір сүруге бейіл. Миф ұғымы қазіргі адам санасында «жалған», «далбаса», «долбар» деген мағы-
нада қалыптасып кетті. Ежелгі адамдар мифті иллюзия немесе фантазия деп қабылдаған емес.

Миф пен логостың дүние тану тәсілі екі түрлі болғанмен, екеуі де әлемді шығармашылық тұрғыда тануға көмектесті. Әрине, миф негізінен Құдай, пайғамбар, киелілік, жаратылыс туралы баяндаған. Бірақ аңыз-әпсаналардың өзегінде адам жанының тылсым және нәзік иірімдері көрініс табады. Логос жан құпиясындағы осы құбылысты жеткілікті дәрежеде бере алмайды. Ғалымдардың психология бастауын мифтен іздеуі
де тегін емес. Мифтер қаћарманның диюлармен, мыстан-
дармен айқасып, аң-құстармен тілдесуін баяндағанда, нақты тарихи мәлімет беруді мақсат тұтпайды. Миф адамның жан-дүниесін тебірентіп, көңіл қатпарындағы нәзік құпия сезімдерді оятады. Бағзы заманның адамдары өзінің бойындағы кемшіліктермен миф арқылы күрескен. Тағы да қайталап ескертеміз: тарихи оқиғаны дәлме-дәл баяндау – мифтің міндетіне кірмейді: Мифтік оқиғалар – белгілі бір дәрежеде, белгісіз кезеңде болды деп саналатын және адам өмірінің астарлы қатпарында тұрақты қайталанып тұратын құпия құбылыс.

 

Сиырдың бүйрегі

 

Ұлық Алла барлық жан-жануарларды жаратып, оларға бүйрек үлестіріпті. Жайбасар сиыр кешігіп, соңынан келеді. Келсе бүйрек қалмапты. Сиыр:

– Бүйрексіз қайтіп күн көремін! – деп, өкіріп жылайды. Сиырдың көз жасын көрген басқа жануарлар оған жаны ашып, қарап тұрады. Сиыр:

– Бүйректерің бар ғой, бөліссеңдерші, – депті. Оған жаны ашыған жылқы, түйе, қой т.б. жануарлар сиырға өз бүйректерінен аз-аздан бөліп береді. Сиырдың бүйрегі сондықтан да бұжыр-бұжыр, біркелкі емес. Сиырдың қилы-қилы мінездері осы қырық құрау бүйрегіне байланысты екен.

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню