Мұсаның пайғамбарлығы

қой

Бір күні Мұса Алла тағалаға:

– Иә, Алла, маған пайғамбарлық берерде қай ісімді көбірек ұнаттың? –деп сұрады. Ұлық Алла:

– Мұса, сен Шұғайып пайғамбардың қойын баққаныңда, ішінде бір көтерем қой бар еді. Үнемі үйірден бөлініп қала беретін. Сен сол қойға сабырмен қарап, оны ұрып-соқпайтынсың. Сенен басқаралары ол көтерем қойды боқтап-боралап қамшының астына қалатын, ұрып-теуіп жүгіруге мәжбүрлейтін. Сен қой екеш қойға да рақым қылдың. Егер сол қойды тепкеніңде сені пайғамбарлықтан да, патшалықтан да, құт-берекеден де мақұрым қалдырар едім, – депті.

Содан бастап Мұса өз қауымын малды теппеуге шақырды. Малды тепсең ырыс қашады деген түсінік сол кезде пайда болыпты деседі.

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню