Өрмекші қалай пайда болды? | DEGDAR

Өрмекші қалай пайда болды?

өрмекші

Шиш пайғамбар жүн иіріп, одан киім тоқып кигісі келеді. Бірақ жіпті иіргенмен, киім тоқуға өнері жетпейді. Төзімі таусылған соң, мезі болып, қолындағы жіпті шимайлап лақтырып жібереді. Ол:

– Иә, Алла, маған киім тоқуды үйрет, – деп жалбарынады. Ұлық Алла жіпті жәндікке айналдырады. Ол ағашқа өрмелеп шығып, өрмек тоқиды. Шиш оның әрекетіне қарап, киім тоқуды үйреніп алады. Жәндік өрмек тоқитын болғандықтан, оны «өрмекші» деп атапты.

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню