Қоянның жаралуы

қоян

Ұлық Алла қоянды ерекше хикметпен ең соңынан жаратыпты. Оның он екі мүшесін қоянға дейін жаралған жан-жануарлардан алады. Ернін түйеден, құлағын есектен, құйрығын ешкіден, аяғын иттен, әйтеуір, әр жануардан әр мүшесін құрапты. Ал, жүрегі мен бауырына келгенде, Ұлық Алла қоянға «Жүрек пен бауырды басқалардан өзің сұрап ал» депті. Қоян қанша жалынса да, ешкім оған жүрегі пен бауырын бергісі келмепті. Ұлық Алла қоянның қиналғанын көріп, оның жүрегін судан, бауырын тастан жаратады.

Жүрегі судан жаралғасын, қоян сужүрек, қорқақ болыпты. Қыл аяғы өзінің көлеңкесінен де қорқып, өмірі қашумен өтеді екен. Бауыры тастан болғасын, көжектеріне мейірімсіз, тасбауыр болыпты. Содан бастап, қоян көжектеген соң, басқа жануарлардай баласын асырамайды. Үш күннен соң, «қанжығада көрісейік» деп, тастап кетеді екен.

Әдетте, туысына жаны ашымайтын адамды «тасбауыр», қорқақ адамды «қоян жүрек» деп атайтыны осы оқиғаға орай шығыпты.

«Әлдиден эпосқа дейін» кітабынан алынды

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню