Шаһадат бармағы

сұқ

Адам ата жұмақта жүргенде періштелер ізінен қалмайды екен. Бірде Адам ата Құдайдан:

– Уа, Алла, періштелер неге соңымнан еріп жүреді? – деп сұрайды. Ұлық Алла:

– Менің сүйіктім Мұхамбеттің нұры сенің беліңде. Періштелер сол нұрға тоймайды. Қараған сайын көргісі келіп тұрады, – деді.

– Уа, Алла, сол нұрды менің де көргім келеді, – деді Адам. Ұлық Алла:

– Онда сұқ саусағыңа көшірем, – дейді. Нұр оның сұқ саусағына көшеді.

Адам ата саусағындағы нұрға мейірлене қарап, «шаһадат кәлимасын» айтады. Намазда сұқ саусақты көтеріп, шаһадат кәлимасын айту Адам атадан қалыпты.

Кәлима шаһадат айтқанда нұр қасындағы саусақтарды шарпиды екен. Адам:

– Иә, Алла, неге басқа саусақтар да жарқырап кетті? – деп сұрайды.

– Бұл Мұхамбет пайғамбардың сенімді серіктерінің нұры, – деді Алла. Осыдан бастап:

Бас бармақта – Әбубәкір Сыдықтың;

Балаң үйректе – Мұхамбет пайғамбардың;

Ортан теректе – Әділетті Омардың;

Шылдыр шүмекте – Нұрлы Оспанның;

Кішкентай бөбекте – Әзіреті Әлидің нұры пайда болған екен.

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню