Рухтың хикаясы

рух

Сұралған бұрынғы өткен имамлардан:

«Өлген соң, қайда кетер бұл ғазиз жан?»

Тақырыптап(тағырыплап) сұраушыға бәрін айтқан,

Бір-бірлеп өз-өзімен қылып баян.

 

Сипаты  –  жан дегеннің  –  бір шәриф нұр,

Нұр қылған Раббым хақ құдіреті зор.

Келмейді ұқсатуға еш нәрсені,

Білем десең, Құранның тәпсірін көр.

 

Шыбын жаның тәнінді қылған мекен,

Белгілі уақытқаша тұрар екен.

«Рух-жан», «рауан-жан» деп әркім айтар,

Екі жан бір кісіде бола ма екен?

 

Рухпен бірдей айтар рауанды,

«Рухымыз», «рауанымыз»  –  бәрі жан-ды.

Рауан  –  ай мен күннің сәулесіндей,

Рух-жан: қабылдап алған барша тәнді.

 

Рауан  –  денедегі секілді қол:

Адамзат ұйықтатанда барар, келер.

Қолдай боп денедегі жүріп тұрар,

Рух-жан қозғалмайды тәніңнен сол.

 

Рауан ғаршы барып, көрер түсті,

Сол біліп жақсы-жаман әрбір істі.

Рауан-жанның көргенін тәнің сезер,

Көрсеткен патша Құдай әр жұмысты.

 

Қарасаң, суды құйып, бір ыдыстан,

Сол суға күн сәулесі түссе тыстан.

 

Түскен күннің сәулесі біл, жарқырап,

Үй ішінен көрінер төбең тұстан.

 

Қозғалар түскен сәуле сол табақта,

Ол табақ қозғалмайды еш уақытта.

Рух-жаның денеңнен қозғалмайды,

Рауан судай тасыр әр уақытта.

 

Мысалы рауанның түскен күндей,

Сол шығар ұйықтағанда еш білінбей.

Асыл жаның кеудеңде болғаннан соң,

Тез қайтар оянғанда, сөзге келмей.

 

Шығады ұйықтағанда сол рауан,

Тәніңнен қозғалмайды сол рух-жан.

Рух-жаның тәніңнен кеткен шақта

Басыңа сонда түсер ақыр заман.

 

Егерде шығар болса денеңнен рух,

Еш қалмас рауан да, болдың өлік.

Тірікліктің әсері (асыры) болмаған соң,

Апарып сені көмер халқың келіп.

 

Тәніңнен рух қозғалмас еш уақытта,

Рауан жүріп, тұрар әр уақытта.

Рухтың сол белгілі орыны бар,

Орны жоқ рауанның бас тарапта.

 

Арасы мекені ирөр екі қастың,

Мазмұны осы ирөр бұл таластың…

…Жаралған, ұйқы берген, адамына,

Жердегі адамзаттың тамамына.

Рауан-жан ұйықтағанда бізден кетіп,

Періштенің барар екен ғаламына.

 

Періштенің ғаламын айтар: «Малакат»[322] деп,

Ұйықтағанда сол қалар бізден кетіп.

Таһаратпен жатқан болсаң сол уақытта,

Құдаға тұрады екен сәжде етіп.

 

Жатыңыз таһарат алып, таза болып,

Өлсең шаһид[323] боласыз, қаза болып.

Сәждеден мақұрым қалар таһаратсыз жан,

Малакатта жүрдің наза болып.

Рухтың рауан ирөр  –  шұғыласы,

Жоқ екен екеуінің айырмасы.

Күннің сәулесіндей тұрар екен,

Осы дүр суретшінің мәселесі.

 

Сөйледім рух, рауаннан білгенімді,

Дақаиқ[324]ала хабардан көргенімді.

Рух, рауан тәніңнен болса жұда,

Барар жерін айтайын өлгенінде.

 

«Үргіл!» деп Исрафилге берген сорды,

Мүйізден жаратылған, өзі нұрлы.

Ғазап, рақат көрсең де, сонда көріп,

Тұратын мақам[325] етіп жанның орны.

 

Ол сордың өзі біреу, түбі  –  тармақ,

Салса егер Ғазірейіл бір күн қармақ.

Ғазиз жаныңнан жуда болса,

Әмірімен Құданың сонда бармақ.

 

Ол сордың жан тұратын дарасы бар,

Бұл сөздің айтылмаған шаласы бар,

Тахқиқын[326]барша сөздің Алла білер,

Тағы да имамлардың таласы бар.

 

Әнбие, мұрсалдардың һәм жандары,

Жаннаты: ғадін іші  –  тұрар бәрі.

Жаннаттың бақшасы дүр қабір шарпы,

Қабірде оқып тұрар намаздарды.

 

Жандары шейіттердің(шаһидлардың) жасыл құс боп

Жүреді фирдауста ұшып-қонып.

Тілесе ғарыш ағлаға барып қонар,

Өзінің тілеуінше қоныс қылып(қылар).

 

 

Жаннаттың сәби бала  –  сары шымшығы,

Нығыметтен халі болмас һәм тұмсығы.

Жұпардан болған тауда жүреді екен,

Тимесе анасының бір қырсығы.

Айтайын жәһитлердің жас баласын,

Айналады жұмақтың айналасын.

Қиямет күнінеше кірмек емес

Қызметкері сүйікті пендесінің.

 

Жандары дүниедегі залым қулар

Кісі хақын бермеген борышқорлар  –

Қабірінде бұғаулы қалар дейді,

Жұмаққа да, сорға да бармас олар(анлар).

 

Залымдар мазлумлардан[327] Алла разылық,

Қабірінде өлгенде көрмес тарлық.

Байлауынан босанар борышқорлар,

Кісі ақысынан құтылса сонда барлық.

 

Істеген ғұмыр бойы күнәһи кабир[328],

Бір жерде мұсылманға қылған зәбір,

Халдері жаһит пенен мұнафиқтың

һунди, қытай, мәжуси, кәріс, моңғол.

…Жеті тамұқ түбінде біреуі бар,

«Сажин» деген орында ол тамұқтың.

 

Құдая, бұл жұмладан мені қылма,

Бұзылды ниетіміз жылдан-жылға.

Әйтеуір «мүмин» деген атымыз бар,

Өзің рақым ете гөр біздей құлға!

 

Осылай имамлардан бар дүр хабар,

Мен кәріп: білгенімді хатқа жазар.

Мұнан да далил сөзді табам десең,

Бек үлкен кітаптарға салғыл назар!

 

Зорлығы жаныңыздың денеңіздей,

Қабылдаған сәулесімен ол бір күндей.

Жаныңыз бір кішкене нәрсе болса,

Ауруың тұрса керек еш білінбей.

 

Ауырса керек ауырса, жанның орны.

Басқа тәнің ауруға жоқ қой жөні.

Сол себепті айтамын «Жан үлкен» деп,

Қадалса, көтермес ең бір тікенді.

 

Болса керек тәніңнің бәрінде жан,

Ауырсаң, шыдамайсың, кетер мазаң.

Денең ыстық болғанда, жаның ыссы,

Баршасын денеңіздің қабылдап алған.

 

Құдая, рахым айла  –  назғы[329] халде,

Үміткер рахматыңнан әрбір пенде(панда).

Ишарат[330] жұмақ бірлан сүйінші бергіл,

Қысылып, жан шығарға тақалғанда.

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню