Бес тиын бақыр және мысық

53c50eb26c4cc4ecc356e845142434cf

Бұрын ерте уақытта бір адам: «Адал еңбекпен азға қанағат қып, қалай байиды екен? – деп, адал еңбек қылып, азға қанағат қып байиын!» – деп, сол ойының соңына түседі дейді. Өз елінен басқа, өз шаһарынан басқа, бір алыс жерге барып, бір байға жұмыскер болып, жұмыс істеп тұрады. Баймен жалақысына баға сөйлеспей тұрады. «Құдайдың бұйырғанын алармын, адал еңбегімді жемес!» – деп, жыл он екі ай болып, байдан шықпақшы болып, еңбегін сұрағанда, бай бес тиын бақыр ақша береді. «Құдайдың бұйырғаны осы шығар!» – деп алып, бір дарияның шетіне келіп, судан өтпекші болып, киімдерін шешініп, о ғып бұ ғып аудастырып жүргенде, бес тиын суға түсіп кетеді. Қайтадан манағы байға келеді де, тағы жұмыс істейді. Еңбегі — баяғы бес тиын. Осы тәртіппен үш рет бастапқы тәжірибе болады. Арада үш жыл өтеді. Қайтуы бір жыл, баруы бір жыл, арада бес жыл өткеннен кейін, өзінің еліне, жеріне қайтып келе жатса, бір адам жолында жолығады. Қойнына тығып алып келе жатқан қара мысығы бар жігіт. Мысық иесіне:

  — Мысығынды сатамысың? – деп сұрады. Мысық иесі:

— Сатамын — деді.

— Бағасы не? – дегенде,

— Бойыңда не пұлың бар, соған беремін, — деді.

— Бойымдағы бес тиын бақыр, мә! – деп, алып берді.

Азсынған жоқ, алып кете берді. Бұл жігіт мысығын алып, қойнына

тығып алып, өз жөніне жүріп, аман-есен еліне келеді. Келсе, елінде бір аждаһа пайда болған. Көзіне көрінген нәрсені жұтып, харап қылады. Оған уақытында көрген адамдардың қолынан келетін жұмысы қашып құтылу, тілеген нәрсесін берісу болған. Бір күндерде харап кылып қырысу, жұу қара мысықты баланың шаһарына кездесіп, бала мен кара мысыққа ұшырасады. Қара мысық бір хайлалармен аждаһаны өлтіреді. Қара мысықтың даңқы барлық ел халқына түгел жайылып білінеді. Шаһардың патшасы балаға:

— Мысығыңды сат, маған бер, — дейді. Бала:

-Сатамын. Үш шартым бар, соны орындасаң, сатамын да, беремін!-дейді. — Бір шартым — қызыңды бер! Бір шартым — өз ауырлығындай алтын бер. Бір шартым — өз отырған сарайыңдай сарай салғызып бер де, ал! – деген.

Патша бәрін де орындап, алады. Бала бай болады. Тоғыз мың ділда тоғыз сиыр болып, бір атқа айырбасталады. Ат бір тымаққа айырбасталады. Тымақты суға ағызып жіберіп, онан кейін байбатшамен серттесіп, оның барлық малын алып, адал еңбекпен толық байып шығады.

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню