Ботташық туралы хикая

%d0%b1%d0%be

Бір күні Мұхамбет пайғамбардың үйіне қонақ келеді. Қызы Фатима анамыз:

– Әке, қонаққа не береміз. Үйде азық жоқ, – дейді. Пайғамбар қызына:

– Қонақ өз несібесін ала келеді. Ниетің түзу болса, Алла жар болады. Қазанға тас салып қайната бер, – дейді. Қызы солай жасайды.

Сәлден соң, қазанды қараса тастар сары, қызғылт түсті тағамға айналыпты. Оны дастарқанға әкеліп қояды. Қонақтар дәмін татып ұнатады.

Кешке Фатима әкесінен:

– Әке, бұл не тамақ? – деп сұрады. Пайғамбар:

– Бұл – тәтті тамыр. Алла бізді ұялтпас үшін құдіретімен тасты тәтті тамырға айналдырды, – депті. Бұл тағам картоппен тұқымдас. Оны мұсылмандар оны «батат», еуропалықтар «потат», ал қазақта «ботташық» деп атайды екен.

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню