Шошқаның еті неліктен арам? | DEGDAR

Шошқаның еті неліктен арам?

%d1%88%d0%be%d1%88%d0%ba%d0%b0

Дәуіт пайғамбар бір дінбасының қатты бұзылғанын естиді. Дінбасы түнде әйелі де, өзі де көңілдестерімен бір үйде зина жасап, күндіз халыққа уағыз айтады екен. Дәуіт анық-қанығын білу үшін бір батырын жұмсайды. Ол дінбасын іздеп келеді. Қараса әйелі екеуі көңілдестерімен сайран құрып отыр екен. Батыр ашуланып, барлығын шауып тастайды. Дінбасының бөлінген денесінен екі шошқа пайда болады. Ол екеуін де шабады. Бірақ ол төртке көбейеді. Төртеуін шапса, ол сегізге айналады. Шошқаны қанша бөлшектесе, сонша есеге көбейе беріпті. Амалы құрыған батыр пайғамбарға келеді:

– Ей, Дәуіт, дінбасыны өлтіріп едім, шошқаға айналды. Шошқаны өлтірсем, көбейе береді. Не істеймін? – дейді. Дәуіт:

– Дінбасы Алланың кәріне ұшыраған. Жер қабылдамады. Азғаны үшін шошқаға айналды. Енді Қияметке дейін араларыңда шошқа болып өмір сүреді. Одан қашық жүріңдер, – депті.

Пікір

  • Астапралла

    Нұр 16.11.2016 18:25 Ответить
  • Яяяяя Солай бәріміз ішіміздегі малдық қуаттарды адамдық жолға бас білдірмей тазарта білмесек, жаның өлгеннен кейін малдық қуаттарға жалғанып тозақтан адамдық дәрежеге көтерілем дегенше солай миллиондаған жыл тозақтан тазаруынатура келеді.

    Ербол 20.11.2016 13:31 Ответить

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню