Дәрілік, әтірлік шөптердің пайда болуы

%d1%88%d3%a9%d0%bf

Жұмақтан қуылып, Адам ата Үндістандағы Сарандиб тауына, ал Хауа ана Жиддә тауына түседі. Екеуі екі жақта Алладан кешірім сұрап жылайды. Періштелер оларды жұбата алмай қиналады. Сол кезде Алла тағала:

– Жылай берсін, жұбатпаңдар. Олардың көз жасы менің рахметім, – дейді.

Адам атаның көз жасы тамған жерден: жалбыз, адыраспан, итмұрын, дермене, шайқурай, таңқурай, мия, киікоты сияқты мыңдаған дәрілік шөптер өсіп шығады. Хауа ананың көз жасынан: қалампыр, оспа, қына, сүмбіл сияқты мыңдаған әтірлік шөптер мен хош иісті гүлдер өсіпті. Екеуінің теңізге тамған жастарынан інжу, маржан, дүрлер пайда болады.

Адам ата мен Хауа ананың Қабыл мен Әбіл деген баласы болады. Қабыл қызғаныштан Әбілді таспен ұрып өлтіреді. Әбілдің қаны тамған жерден ақ тікен мен бұта өсіпті.

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню