Жағалтай неліктен жағал-жағал?

%d0%b6%d0%b0%d2%93%d0%b0%d0%bb%d1%82%d0%b0%d0%b9

Ертеде жағалтай деген құс болыпты. Оның тепкісі темірді сындыратын тегеурінді екен. Ібіліс Адамға дұшпан болғандықтан, аң-құстарды оған айдап салыпты. Адам ата жерге түскенде өзге құстар мен хайуандар оны өлтірмек болады. Жағалтай да Ібілістің тіліне еріп, Адаммен жауласады.

Бір күні Адам ата диірмен тартып жатқан кезде Жағалтай келіп:

– Ей, Адам. Мен сенің диірмен тасыныңды теуіп сындырамын да, аштан қатырамын, – деді. Адам ата:

– Шамаң жетсе сындыр, – деді.

Жағалтай көктен құлдилап келіп, диірменнің тасын қатты теуіп екіге бөліп жібереді. Құс қайта көтерілгенде, Адам сынған тасты ауыстырып, орнына бүтінін сала қояды. Жағалтай қараса, тас бүтін жатыр. Ашу-ызасы қайнаған құс диірмен тасын екінші мәрте теуіп, екіге бөліп тастайды. Адам ата тасты қайта ауыстырып үлгереді. Жағалтай одан сайын ызаланады. Қайраты қайтқанына қарамастан үшінші рет тебеді. Бұл жолы таспен бірге өзінің аяғы да «морт» сынып, жерге жалп ете қалады. Басын көтеріп қараса, қасында өзі  сындырған диірменнің екі тасы жатыр. Сынған аяқ шыдатпай шырқыратады. Екі көзінен парлап жас ағады. Ұшуға дәрмен жоқ. Адам ата оған жаны ашиды. Сынған сүйегін салып, жарасын таңып, жем-су береді. Жағалтай сол кезде ғана сайтанның сөзіне еріп, арандап қалғанын түсінеді. Өкініп, тәуба етеді. Толассыз аққан көз жасы жанарының айналасын сатпақтап, алқымы жағал-жағал түске еніпті. Содан бері оны халық «жағалтай» деп атаған екен.

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню