Адамның алғаш етті пісіріп жеуі | DEGDAR

Адамның алғаш етті пісіріп жеуі

%d0%b5%d1%821111

Адам ата мен Хауа ана ертеде етті пісіруді білмей шикідей жепті. Бірде Адам аңға шыққанда нөсер болып, найзағай ойнайды. Орманға жай түсіп, өрт болады. Өрт өшкен соң, Адам ата отқа күйген бұғыға тап болады. Жебірейіл:

– Бұғының еті – сенің ырыздығың. Ұлық Алла сені жердегі тіршілікке бейімдеп жатыр. Етті отқа пісіріп жейсіңдер, – дейді.

Адам бұғының етін жеп көреді. Піскен ет жұмсақ екен. Еттен кесіп алып, үйіне қайтады. Жолда қарны ашып, тағы да ет жегісі келеді. Бір жапырақ етті ала бергенде, Жебірейіл қолынан қағып жібереді. Ет «сылп» етіп сортаң жерге түседі. Адам етті қайта алып, жеп көрсе дәмді боп кетіпті. Жебірейіл:

– Адам бұл да Алланың нығметі. Ет жаңа сорға емес, тұзға түсті. Дәмін кіргізген сол тұз. Бұдан былай етті тұздап же, – деді.

Адам ата дорбасын тұзға толтырып, үйіне келді. Тұзбен піскен етті Хауа ана да ұнатады. Осыдан бастап етті тұздап, пісіріп жеу дәстүрге еніпті.

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню