Қиянат

%d2%9b%d0%b8%d1%8f

Жақсы қыз бозбалаға пар болғандай,

Жігіті душар болса, жар болғандай!

 

Теңі емес бір жауызға (пасыққа) берсе егер (агер),

Көңілі көтерілмей, зар болғандай!

Ғұмыры қызықлықтан зайғы болып,

Мысалы кең дүниесі тар болғандай!

Жетпейтін төстігіне көп жамандар

Өлгенде әлдеқандай таң болғандай!

Сатылып кейбір қыздар кете барар

Бағасы ғазиздікі мал болғандай!

Қожасып: «Мал бердім!» деп жаман шіркін

Жайы бар байқап тұрсаң, паң болғандай!

Бейшара өздігінен жол таба алмай,

Ғазиз бас ауырланып даң болғандай!

Көрініп кәріп халі тұра алмас ем,

Бір міскін халық ішінде жан болғандай.

«Бұзылды пәленшенің қызы» десе,

Өзіне көрінеді ар болғандай!

Көлденең ағайындар ұнатпайды,

Хаққа соның үшін лаң болғандай!

Жұрт қалып осылардың обалына,

Секілді алушыға мал болғандай!

«Жалғанда қорлықпенен өттім ғой!» деп,

Көзінен аққан жасы қан болғандай!

Көндіріп ғаділдікті жүр ғой қазақ,

Көңіл қайда жарқ етер шам болғандай!

Келе ме осы ісіміз дұрыстыққа,

Көркіңе көрінсе де, зар болғандай!

Адамды мал орнына жұмсауымыз

Бір емес, бар қазаққа ғам болғандай!

Қай күні бұл қиянат тоқталады,

Бір емес, халық ішінде сан болғандай?!

Иа шариғ[ат], иа низамға дұрыс та емес,

Қазақтың қағидасы заң болғандай!

Бұл сөзім біреуге емес, көпке бірдей,

Қажеті кімге болса, сол алғандай!

Мысалы, кіші(кеше) болса аңғартқаным,

Осы хал өз басында пар болғандай!

Тең болып екі зайып қосылса егер,

Арман не, ол уақытта, а, дариға-ай!

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню