Ғаршы, Күрсіннің баяны

%d2%93%d0%b0

Осылай жаратыпты әуел нұрды,

Жаратқан тәннен бұрын ақыл-ойды.

Ерітіп жасыл гауһар сонда ағызып,

Ғаршыны жаратпаққа жарлық қылды.

 

Көтеріп ол ғаршыны суға қойды,

Ол суды жел көтеріп буға қойды.

Сақтады құдіретімен сонда желді,

Нұрына Мұхаммедтің ғалам тойды.

 

Басқышы, тірегі жоқ ғаршы қылды,

Хисапсыз сол ғаршыға аяқ берді.

Саны жоқ мөлшерінің тарау-тарау,

Сыйғызды бір өзіне талай жерді.

 

Арасы аяқлардың сондай алас,

Құс ұшса, отыз мың жыл қылып жарыс.

Жүйрік ат отыз мың жыл шапса, жетпес,

Кітаптың айтқанынан қылман алыс.

 

Әр күнде құбылады жетпіс мың жол,

Жасады алты жүз мың перде оған мол.

Періште іші толған сәжде қылып,

Бәрі де болып тұрған Құдайға құл.

 

Көтерген төрт періште бұйрық алып,

Бек сасқан көтере алмай қайран қалып.

 

Әскері қасындағы сегіз жүз мың

Су аққан терлерінен шырқ айналып.

 

Құдайға сонда қылған көп мінажат,

Көтерген құдіретімен хасил[80]мажат[81].

Сонда аққан періштенің терлерінен

Жаратты бір дарияны бахыр[82] ухиат.

 

Үйретті Сүбхан Алла[83] калимасын[84],

Сәждеге көп періште қойды басын.

Көтерілді сонда Ғаршы құдіретімен

Орнатты енді күрсі лаухи тасын.

 

Жасады Зәбіржаттан [85] лаухи тақтай,

Қойыпты сонда жазып мал мен бақты-ай!

Жаратты одан кейін рух рауан [86]

Өтіпті оның асылын адам таппай.

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню