Әбілхаят суы

%d1%81%d1%83%d1%8b

Ескендір патша жер-жаһанды шарлап жүріп, бір таудың төбесінен өлместің суын табады. Оны торсыққа құйып, ішейін деп жатқанда Алла:

– Ей, Ескендір, сен өзіңнің өлмегеніңді қалайсың ба, әлде атыңның өшпегенін қалайсың ба? – деп сұрады. Патша сәл ойланып:

– Әрине, тарихта атымның өшпегенін қалаймын, – деді.

– Ендеше тірі жүрген адам тарих бола ма? – деді. Патша сөзден тосылды. Өлместің суын тастай салып, кейін қайтады.

Ескендірдің соңынан бір құзғын еріп жүреді екен. Соғыста, жолда өлген әскердің етін жеуді әдетке айналдырыпты. Ол тау басында торсықты «жемтік пе екен» деп тұмсығымен теседі. Сол кезде өлместің суы төгіліп, аршаға тиіпті.

Арша ағашы сол себепті мәңгі жасыл болыпты. Суға тұмсығы малынған құзғын үш жүз жыл ғұмыр кешеді екен. Су төгілген жерге түлкі де аунапты. Әбілхаят суының қасиеті оның жүніне дарып, терісі әдемі болыпты.

 

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню