Шайхы Бұрқы диуана және Мәшһүр Жүсіптің бір өлеңі

%d0%bc%d0%b5%d0%ba%d1%96%d1%80%d0%b5-%d0%b1%d0%b0%d0%bb%d1%8b%d2%9b

  Мұса пайғамбардың заманында Шайхы Бұрқы деген диуана болыпты. «Құдайға құлшылықты жан аямай қыламын!»- деп, иірген ұршықтай қырық күн, қырық түн шыр айналған екен. Заңғар биік таудың басына шығып:

— Ал, мен Құдайға кеттім!- деп, төмен қарай құлайды екен.

Өлмей-талмай, дік етіп жерге түсіп, бүтін түгел дін есен жүре береді екен. Бұл Шайхы Бұрқының атасы- адамзат, шешесі- мекіре балық екен.

Мекіре балық деген адамнан аумаған балық болады екен. Шашы болмайды екен, емшегі болмайды екен, кіндігі болмайды екен. Өзге мүшесі адамнан бөлектігі жоқ дейді.

Бұлтқа басы жеткен, басына мүйіз шыққан Ескендір Зұлқарнайын бір еркегін ұстап алып, қатын алып беріпті:

— Екеуінен бала туса, сол бала тілі шыққанда, әкесінің де тілін үйренеді, шешесінің де тілін үйренеді. Сонан соң бала переводчик есепті тілмаш болады. Мұнан тілді солай аламыз!-деп.

— Баланың тілі шықты, сөйлесуге жарады!– дегенде, Ескендір Зұлқарнайын келіп, сұрады:

— Балам, әкең не дейді?-деп.

Сонда бала айтты:

— Құдай-ай, (тоба) тәубе, дария да кездім, қыр да кездім! Талай-талай мақұлықты көрдім. Құйрығы басына біткен хайуанды, тіпті, сенен басқа ешқайда көргенім жоқ!- деп, шешеме таң-тамаша қалады,-депті.

Ішкен астың көңілім жүр жетегінде,

Бір үзе алмай бұйдамды кетемін бе?!

Басқа біткен құйрығы жануардың

Әлі күнге көзіміз етегінде.

Хайуандарға тамаша құйрық бітіп,

Ұят жерін жасырып, көз таса етіп.

Ешкінікі жалғыз-ақ ерсі болды,

Көкке қарай шошайып шығып кетіп.

Көре берсең, қызық бар мұнда ерсі,

Құлағыңа айтайын, бермен келші!

Дәл басында құйрғыы жануар бар,

Ешкіден де бұл ерсі, келіп көрші!

Құр көрумен құмар боп, есім кетіп,

Білмеген соң мәнісін зейінім жетіп.

«Бізді құмар несіне қылды екен?»- деп,

Соның үшін қараймын тамаша етіп.

Бұл мекіре балықтың бір қызын Асан қайғы алып, онан жалғыз жетім Жаналы туып қалған. Суда адам сияқты балық барлығын, оны мекіре балық деп ат қойып, айдар тағып кеткен Көшекұлы Күдеріқожа: өз-ақын, атақты шайыр болған кісі

Пікір

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню