
«Азаттықтың алтын бесігі!» атты Республикалық ақындар айтысында бас жүлде Аспанбек Шұғатаевта
Алматы қаласында өткен «Азаттықтың алтын бесігі!» атты Республикалық ақындар айтысы мәреге жетті. Аталмыш додада Бас жүлдені Павлодарлық Аспанбек Шұғатаев, бірінші орынды Астаналық Еркебұлан Қайназаров, екінші орынды Астаналық Мейірбек Сұлтанхан, үшінші орынды Мақсат Ақанов, Айбек Қалиев, Жансая Мусиналар иеленді. Бас жүлдені Алматы облыс әкімі Бауыржан Байбек тапсырды.
Бұл айтыс «Қазақ Хандығының 550 жылдығы» мерекесіне және Алматы қала күніне арналған. Игі шара Алматы қаласының әкімдігі ұйымдастыруымен «НұрОтан» партиясының қолдауымен өтті. Жыр сайысына 22 ақын қатысып екінші айналымға он ақын өтті. Олар: Айбек Қалиев, Мейірбек Сұлтанхан, Аспанбек Шұғатаев, Еркебұлан Қайназаров, Ринат Зайытов, Талант Арғынғали, Мақсат Аханов, Бибігүл Тілебалдинова, Болатбек Оразбаев, Жансая Мусиналар. Қазылардың шешімі бойынша үшінші айналымда Еркебұлан Қайназаров пен Аспанбек Шұғатаев айтысты.
Шұғайып Сезімхан
WWW.aitysker.org
Тезірек жарияласаңыздар екен…