«Дегдар» қоғамдық келісімді қолдау қоры туралы

Lago DEGDAR.kz

Бұл қор мәдени, рухани бағытта жұмыс істейді. Соңғы үш жылдың ішінде қор көптеген конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізіп, қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп келеді. Әсіресе, қордың қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін қамтамасыз ету бағытындағы қызметі жүйелі сипат алды. Атап айтқанда, 2015 жылы Астана және Алматы қалаларында «Мемлекеттік тіл және жаңа заман технологиялары» атты дөңгелек үстелдер өткізіп, оған танымал қоғам қайраткерлері, тіл мамандары мен ұлт жанашырлары қатысты. Осы бағыттағы жұмыстарды бір ізге түсіру мақсатында 2015 жылдың қыркүйек айынан бері «Til-audit.kz» сайты жұмыс істейді. Бұл жобаның мақсаты – мемлекеттік органдардың, әкімдіктер мен ұлттық компаниялардың интернет-ресурстарындағы қазақ тілді парақшаларының сапасы мен мазмұнын көтеру, кемшіліктерді түзетуді талап ету, қазақ тілінің мәртебесіне сай қолданылуына үлес қосу. Сайт қазіргі уақытта қоғам тарапынан да үлкен қолдауға ие болды.

«Дегдар» қоғамдық келісімді қолдау қоры қызметінің тағы бір маңызды бағыты – өскелең ұрпаққа, жалпы көпшілік қауымға рухани-мәдени, адамгершілік құндылықтарды насихаттау. Осы салада қазақ халқының ғасырлар бойы жинақталған бай мұрасын жеткізуге дәнекер болу, балалардың бойына сіңіруге атсалысу, оны күнделікті өміріміздің бір бөлшегіне айналдыру. Бұл үшін түрлі іс-шаралар өткізіліп, кітаптар шығарылуда, дәрістер оқылуда, сайт пен әлеуметтік желілер арқылы насихатталуда.

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню