Басты бет Мақалалар Бөкей ордасында өткен Республикалық ақындар айтысында бас жүлде Жансая Мусинада

Бөкей ордасында өткен Республикалық ақындар айтысында бас жүлде Жансая Мусинада

 833 1

????????????????????????????????????

       Тамыз айының 25 жұлдызында Батыс Қазақстан облысы Бөкей Орда ауданы Орда ауылында  Қазақ Хандығының 550 жылдығына арналған «Тарихы терең Қазақ елі» атты Республикалық ақындар айтысы мәреге жетті. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен өткен  сөз сайысына еліміздің әр аймағынан 20 ақын қатысқан. 

  Аталмыш айтыста Бөкей ордасы ауданынан қатысып, жарқырай көрінген Жансая Мусина бас жүлдені (1,5 млн. теңге) жеңіп алды. Араға он жыл салып, додаға қайта қосылған, Қазталов ауданы Жалпақтал топырағынан түлеп ұшқан, қазір Астана қаласында тұратын Жібек Болтанова бірінші жүлдеге (1 млн. теңге) лайық деп табылды. Арқалық қаласынан келген арқалы ақын Айбек Қалиев пен Астаналық Әсем Ережеқызы — екінші, Қызылордалық Мұхтар Ниязов пен БҚО-ның Жәнібек ауданынан шыққан Мұрадым Мирланов үшінші орынды иеленді. Қатысқан барлық ақындарға ынталандыру сыйлықтары табыс етілді. Сонымен қатар батысқазақстандық сегіз ақынға облыс әкімінің стипендиясы тапсырылды.

     Айта кетейік, бұл айтысқа көптен көрермен көзінен таса боп жүрген Жайықтың ЖібегіЖібек Болтанова, Батыс Қазақстан облысының ақыны Назгүл Кәрімова, Алматылық Талант Арғынғали, Тараздық Ахметжан Өзбековтермен бірге, облыс көлемінде өнер көрсетіп жүрген Оралдық бірнеше жас ақындар сақа ақындармен сөз сайыстырды. Сонымен бірге
Айбек Қалиев, Серікзат Дүйсенғазы, Еркебұлан Қайназар, Мұхтар Ниязов, Әсем Ережеқызы, Мейірбек Сұлтанхан,  Шалқарбай Ізбасаров, Оңғар Қабденов,  Жансая Мусина, Мұрадым Мейірланов, Талғат Мықи сияқты елге танымал ақындар айтысты.

    Айтыстың жабылу рәсімінде облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің атап өткеніндей, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған шаралар еліміздің батысы мен шығысында, оңтүстігі мен солтүстігінде ұйымдастырылып, ел еңсесін көтере түсуде.

        Қазылар алқасының төрағасы, КСРО және Қазақстанның Халық әртісі  Асанәлі Әшімов болды. Айтысты ақын, ҚР еңбек сіңірген қайраткері  Жүрсін Ерман жүргізді. Аталмыш сөз сайысында жақсы көрінген Батыс Қазақстандық Бауыржан Ширмединұлы мен Атыраулық Шалқарбай Ізбасаров 20-21 қыркүйекте Алматыда, 1-2 қазанда Ақтөбеде өтетін Республикалық додаларға жолдама алды.

                                                                                                                                     WWW.AIYSKER.COM

 

 

Пікірлер(1)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *